Экотуризмнің мақсаты- негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
- экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу;
- адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.
Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) айрықша іске асырылады.
Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін.
Экотуризмнің ерекшеліктері Туризмнің кез-келген бағыты сияқты, экотуризмнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Олар не?
Экологиялық туризм адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйретеді, адамның табиғатқа теріс әсерін азайтады, ашық ауада демалуды танымал етеді.
Экотуризм-туризмнің алуан түрлі бағыты. Ол тіпті ең қатал адамдарды таң қалдыра алады. Қазақстанда бұл бағыт енді ғана дами бастаса да, оны елдің көптеген бөліктерінде тамашалауға болады. Экотуризм-бұл сіз тек жан мен денеңізбен демалып қана қоймай, табиғатымызға көмектесіп, экологиялық жағдайды жақсартатын жағдай.
Экотуризмнің негізгі принциптері Табиғатқа саяхат және мұндай саяхаттардың негізгі мазмұны-жабайы табиғатпен, жергілікті әдет-ғұрыптар мен мәдениеттермен танысу.
Экологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы жағымсыз салдарларды азайту, ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау.
Табиғатты және жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны қорғауға жәрдемдесу.
Экологиялық білім және ағарту.
Жергілікті тұрғындардың қатысуы және олардың туристік қызметтен кіріс алуы, бұл олар үшін табиғатты қорғауға экономикалық ынталандыру тудырады.
Экономикалық тиімділік және баратын өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосу.
2.Экотуримнің түрлері
Туризмнің түрлері əр алуан белгілері бойынша классификацияланған.
Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) əуесқой (өз жоспары бойынша); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.
Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы – əуесқой жəне жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Əуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Əуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке жəне топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, əдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мəдени-өнер жəне тарихи болуы мүмкін.