Шаңғы жорығын ұйымдастыру Шаңғы жорығының ерекшeлігі ,біріншіден, қозғалыс құралы ретінде қолданылады,екіншіден,дене шынықтыру,спорттық құрал түріне жатады.
Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. Енді үйренушілер тобы;
2. Шаңғыны толық меңгерген адамдар;
Бірінші топ үшін шаңғы түрлері ерекшелік қолдану тәсілдері керергілерден өту таулы аймаққа арналған түрі болады. Шаңғышылардың аяқты бекіту орындары әр түрлі болып келеді:арнайы ботинкалармен шығатын шаңғылар,тек бекіту орны бар шаңғылар бар.Шаңғы жорықтарының танымдық ерекшелігі сол,ол кез-келген жастағы адамдарға ұйымдастырылуы мүмкін. Шаңғымен тауда сырғанау шипажайлары Шығыс Қазақстанның туристік салаларының өтімді түрлерінің бірі. Оларға Глубокое ауданындағы "Нұр Тау" курорты, «Алтай Альпісі» демалыс орталығы, Риддер қаласы маңайындағы «Эдельвейс», «Star dust», Зырян ауданындағы «Орел», Өскемен қаласы маңындағы «9-шы шақырым» базалары жатады. Тау шаңғысы базалары төңірегін аралас орман – қарағай, самырсын, үйеңкі, қайың, көк терек көмкерген экологиялық таза жерлерге орналасқан. Бұл жерлер кәнігі шаңғышылар мен сноубордшылар, сондай-ақ әуесқойлар үшін қысқы белсенді демалысты ұйымдастырушылар үшін тамаша орын. Сонымен көріп отырсыздар, Шығыс Қазақстанның туризмді дамыту үшін орасан зор мүмкіндіктері бар. Туристік бағыттардың кең ауқымы, оның ішінде тұмса табиғат аясына тек жаяу ғана емес, сонымен қатар салт атты саяхаттар жасауға, әр түрлі тау өзендерінің бойымен сал ағызуға, альпинизммен айналысуға, тау шаңғысымен сырғанауға, аңға шығып, балық аулауды қызықтауға мүмкіндік береді.
3.Қазақстандағы экотуризм
Қазақстанның қазіргі заманда табиғи ортасы үлкен алаңдаушылықты тудырады және табиғатты қолдану қағидаларын өзгертуді талап етеді. Республикадағы табиғат экожүйесін қалпына келтіру мен экологиялық апаттың алдын алу үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің экономикалық мұқтаждың арасында бірқалыптылық болу қажет.Біздің ата бабаларымыз 100 мыңдаған жылдар бойы кең жазира далада емін еркін өмір сүрген ,ал біз көбісіміз өкінішке қарай заманауй қалаларды мекендеп төрт қабырғаға қамалып қалдық, біздің қазіргі санамыз ағзамыз бен әлеуметтік түйсігіміз мүлдем басқа жағдайда қалыптасқан сол себепті қазіргі кезде қала өмірінің қарбалас тіршілігінен тез шаршаймыз. Сол үшін қала өмірінен бір сәтке алшақ шығып, арасында таулы аймақтарға барып, таза ауада табиғатпен тілдесіп, жақындарымызбен уақыт өткізуіміз керек. Біздің елімізде экологиялық туризмді дамытудың мүмкіндігі зор. Себебі Қазақстанның табиғи әлеуеті оған толық жетеді. Аймақтарда шоғырлану үдерісі және интенсивті ауылшаруашылығы өндірісі қамтылмаған тартымды мекендер көптеп саналады. Бұл экологиялық туризмді жоғары табыс көзі және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараған жағдайда еліміздің дамуының да маңызды элементі болатыны сөзсіз.
Қазақстан – табиғи ресурстары өте мол, тарихи-мәдени әлеуеті жоғары, қойнауына әлі ашылмаған талай сыр мен құпияны сақтаған экзотикалық аймақ. Қазақстанда 9000нан астам археологиялық және тарихи ескерткіштер, 118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан. Ең танымалылары Алматы облысындағы «Алтын Емел » және « Іле - Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», сондай - ақ Ақмола облысындағы «Көкшетау » және «Бурабай » болып табылады. Шарын шатқалы, « Әнші құмдар » сақтардың «Бесшатыр» қорымы көрнекті болып табылады.
.