Tour сөзінен шыққан,яғни саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған экотуризм



бет3/6
Дата06.06.2023
өлшемі30,16 Kb.
#98997
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экотуризм

Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар, азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек. Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі. Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс.
Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
Жаяу туризм артықшылықтары:
- Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
- Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
- Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды.Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Тау туризмі- биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі. Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет