Қазақстандағы білім беруге жұмсалатын шығындар және қаржыландыру тетіктері
Білім сапасын арттыру үшін реформалардың маңызды мәні бар, бірақ мектептің
күнделікті қызметінде егер жаңа идеяларды қабылдау және жаңа сапа стандарттарына
сәйкес қызметті жүзеге асыру мақсатында инвестициялар маңызды аспект болып
табылады.
Соңғы жылдары Қазақстанда білім беруге жұсалатын шығындар деңгейі күрт өсті,
дегенмен, бұрынғыдай әлемдік орташа деңгейден төмен болып отыр, сондай-ақ, білім
беру саласындағы өзгерістерді енгізу пайдасына негізгі түрде қосымша қор көлемі
бөлінді. Осылайша, орта білім беру ұйымдарының желісі қажетті деңгейде
қаржыландырылмай, оның үстіне, білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі
ТҮЙІНДЕМЕ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
108 -
МАЗМҰНЫ
әдебиеті пәндерімен анықталады. 2012 жылы ең танымал таңдау пәні биология болды,
оны тестілеу тапсырған (38410 адам) оқушылардың 33%-ға жуығы таңдады, физика
(31%) және география (15%) болды. Анағұрлым аз танымал пәндер француз тілі (42
талапкер) мен неміс тілі (93 талапкер) болды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық
білім беру статистикасы және бағалау орталығымен бірлесіп, аймақтар, пәндер және
жылдар шегінде оқушылардың нәтижелерімен жыл сайын есептер жариялайды.
Есептерде ҰБТ бойынша ең жоғары орташа балл алған 100 мектеп (қағида бойынша, бұл
топқа дарынды балаларға арналған мектептердің кіруі таңданарлық емес) және ҰБТ
бойынша ең төмен орташа балл алған 100 мектеп көрсетілген мектептердің нәтижелілік
рейтингтері қамтылған.
2007 ж. ЭЫДҰ/Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жоғары білімнің жағдайы
туралы баяндамасында ҰБТ жүйесіндегі бірқатар кемшіліктерге назар аударылады. Осы
баяндамада
ҰБТ
аясында
мектепте
өтілген
барлық
маңызды
пәндердің
қамтылмайтындығы, ал бірнеше нұсқада жауаптары бар сұрақтарды ғана қамтитыны,
білім негізінде емес, кездейсоқтық тәсілімен дұрыс жауап беруге болатыны аталып
өтіледі. Осылайша, ҰБТ оқушыларға барлық пәндер бойынша өз білімінің кеңдігін және
тереңдігін, әлде оларды қолдану қабілетін кеңейтілген эссе жазуда немесе күрделі
математикалық немесе ғылыми есепті шешу жолымен жүзеге асыру мүмкіндігін
көрсетуге мүмкіндік бермейді. Осы баяндаманы дайындау аясында зерттеу жүргізу
барысында сұралған оқушылардың біреуі айтқандай, ҰБТ «ғылыми әлеуетті ашпайды».
Оқушыларға мектеп оқулықтарында жауаптары қамтылған сұрақтар ғана қойылды, оның
үстіне, бірнеше нұсқада жауаптары бар қазіргі түрдегі тестілеудің жай форматы «білімге
арналған» сұрақтар бола тұра, егер басты мақсат анағұрлым жоғары деңгейдегі олардың
ойлау дағдыларын мұқият бағалап, ЖОО-да оқу әлеуетіне түйінделсе, оқушыларға
қойылуы тиіс түсіну, қолдану, әлде талдау сұрақтарын қамтитын тиімді жағдайда емес.
Бұл формат, әсіресе, математика немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы озық
білімді тестілеуде тиімсіз: қандай жауапты беру керектігін өте жақсы түсінген сол
оқушыларға тиістісін бермей, бірақ есептеуде кішігірім қате жіберген жауаптар дұрыс
немесе дұрыс емес деп бағаланады.
ЭЫДҰ жақындағы «Оқытудың үздік жүйелері және білім беру саласындағы
табысты реформаторлар: АҚШ үшін PISA сабақтары» баяндамасында ҰБТ тәріздес
тестер ұқсас сынға ұшырады (ЭЫДҰ, 2011). Осы баяндамада аталып өтілгендей, «осы
басылымда сипатталған анағұрлым табысты білім беру жүйесінің әрқайсысы жоғары
деңгейдегі кешенді ойлау дағдыларын алуға, ал, осы жүйенің көпшілігі шынайы
проблемаларды шешу үшін бұл дағдыларды қолдануға бағытталғанын атап өту керек».
Осыған байланысты осы баяндамада сипатталған көптеген мемлекеттерде емтихандар
жүйесі бірнеше нұсқада жауаптары бар компьютерлік тестілеуге аз деңгейде немесе
мүлдем сүйенбейді, осы мемлекеттердегі педагогтардың ойынша, анағұрлым жоғары
ретті ойлау дағдысын тиісті қалпында бағалау жағдайында емес. Оның орнына,
емтихандарды жүргізуде олар, негізінен, эссе түріндегі жауаптарды, сонымен қатар,
бағалар қоюда қатаң белгіленген уақыт бойынша емтиханды тапсыру мерзімінде ала
алмайтын нәтижелерді ескереді. Көптеген мемлекеттер, сондай-ақ, ауызша емтихандарды
қолдана бастады. Салыстыру ретінде, АҚШ-тың түрлі штаттарында білімді бағалау,
бұрынғыдай, айрықша танымдық және метатанымдық талаптарсыз, бірнеше нұсқада
жауаптары бар сұрақтардың басымдығынан тұрады. 44 штатты біріктіретін екі
консорциум федералды қаржыландыру аясында қаражат тартумен жаңа буынды бағалау
жүйесін әзірлеу жолымен осы проблеманы шешуге талпынуда. Бұл білім алушылардың
дағдылары мен білімінің кең спектрін бағалау үшін, тіпті, егер барлық сыныптар мен
оқушыларды ауқымды қамту үшін белгіленген уақыт пен қайсарлық талап етсе де,
маңызды перспективаларды ашады. Бұл - АҚШ-тың басқа мемлекеттерден жинақтаған
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 109
мол тәжірибесіне сүйене алатын дәл сол сала. Сондай-ақ, сарапшылар тобының
ұсынымдарына сәйкес Қазақстан осы мол тәжірибеге сүйенуі керек.
12-ші сыныпты енгізуді назарға ала отырып, қалай болған жағдайда да, ҰБТ-ға
өзгерістер енгізуді талап етеді, 2007 ж. ЭЫДҰ баяндамасы аясында барлық пәндер
бойынша алынған білім мен дағдыларды толық көрсету жұмысқа тұруды, колледж
немесе ЖОО-на түсуді жоспарлаған, барлық мектеп бітірушілеріне рұқсат берілген,
минималды стандартты бекітуші және ЖОО-на түсу үшін мектепті бітіруде жеке бітіру
емтиханын әзірлеуді ұсынады. Баяндамада 2007 жылғы Англияда, Францияда және
Германияда мектепті аяқтаудағы бітіру емтихандары мысал ретінде (Ендірме 2.2)
келтірілген. Осыған байланысты сарапшылар тобы Ұлттық тестілеу орталығына баруда
үкіметтің жоспарларының, 2015 жылдан бастап бітіру және түсу тесттерін жекелеп
ендіру жұртшылыққа жарияланған ұлттық стратегиялық құжаттарда бар екендігін біліп,
өте қуанып қалды.
Дегенмен, сарапшылар тобымен кездесуі мүмкін болған кейбіреулері, екі жаңа тест
те бірнеше нұсқалы жауаптарға негізделген сол сұрақтарды қамтитын болады деп
ойлайтынға ұқсайды. Бұл қателік маңызды зардап шегер еді. Егер Қазақстанда әлемнің
экономикалық жүйесіндегі ірі ойыншылармен бірдей деңгейде халықаралық салыстыру
мен бәсекелесу мәнмәтінінде өзінің орнын арттыру мемлекеттің азаматтарына мүмкіндік
беретін, анағұрлым жоғары деңгейлі білім мен ойлау дағдысын қолдану мүмкіндігін
жоғары сыныптардың оқушылары арасында жетілдіруге ниеті бар болса, онда үкімет
мемлекеттегі әр амбициозды оқушыны ойлау және оқу процесстерінде басым болатын,
бітіруші емтихандар жүйесін жаңарту және жақсарту мүмкіндігін пайдалану керек.
Алдында айтылып кеткендей, қажетті білім мен дағдыларды алуға оқушыларды
шабыттандырудың дұрыс тәсілі қорытынды ұлттық емтиханның көмегімен оларды
тексеру болып табылады.
Осы есеп ҰБТ-ның орта мектептер мен олардың оқушыларына жасайтын бірқатар
қосымша проблемаларды анықтады. Біріншіден, элективті пәндерді таңдауды біреуге
келтіргендіктен, ҰБТ тиімділіктің шоғырлануына әсер етеді және оқушыларға білім беру
мен оқыту төрт міндетті пәнге шоғырланғандықтан, оқу бағдарламасына акцент
жасалады, ал, осы мерзімде басқа пәндер ескерусіз қалуда. Екіншіден, ҰБТ жоғары
үлгерімді әлеуетті оқушыларға қатысты мұғалімдердің назарын оятып, басқа оқушыларға
нұқсан келтіреді, соңғы кезекте болмағандықтан, егер тестілеу тапсыруда олардың
оқушылары жоғары нәтижелер алса, ондай жағдайда Қазақстанда мұғалімдер
жалақысына маңызды үстемақы алады. Сондай-ақ, бұл - Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің базасында әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттырудың арнайы курсы
аясында қатысуынан басқа (дегенмен, қазіргі таңда шамамен ҰБТ нәтижелері бойынша
анықталған тек «ең жақсы» мұғалімдерге қолжетімді), мұғалімдер үшін маңызды
қаржылай марапататтаудың жалғыз тәсілі. Үшіншіден, сарапшылар тобы кездескен
мұғалімдер мен оқушылардың білдірген пікірлеріне сәйкес, тестті табысты тапсыруда
нақты білімнің кең спектрін есте сақтау оқушының тек қабілетіне, кейбір бөлігінің
шектелген маңыздылығының бар болуына байланысты. (Мысал ретінде, оқушылардың
біріне қойылған сұрақ: «Х сұлтанның неше қызы болды?»). Бұл оқушылардың да,
мұғалімдердің де арасында стресс пен артық жүктемеліктің жинақталуына себеп болады.
Осылайша, ҰБТ жүйесін реформалау орта білім беру жүйесіндегі білім беру мен оқыту
сапасын жақсарту әлеуетін алып жүреді.
Осы баяндама аясында 2007 ж. жоғары білім берудің жағдайы туралы
ЭЫДҰ/Дүнижүзілік банктің есебінде ұсынылған қорытындылар мен ұсынымдарды қайта
бейнелеуге болады. 12- сыныптың ендірілуі мақсатында бітіру емтиханының жеке
жүйесін дер кезінде әзірлеу қажет. Бұл емтиханның аясында ЖОО-на қабылдау үшін
минималды стандарт болуы керек. Ол 12-ші сыныптың барлық оқушылары мен мектеп
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
110 -
МАЗМҰНЫ
бітірушілеріне (яғни, жұмысқа тұратындар, колледжге немесе университетке түсетіндер)
барлық мектептік пәндер бойынша өздерінің білімі мен дағдыларын толық көлемде
көрсету үшін, оның ішінде, анағұрлым жоғары деңгейдегі ойлау дағдысы сияқты
әзірленуі керек. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін қазіргі ҰБТ негізіндегі бірнеше
нұсқалы жауап форматы лайықсыз болып табылады және одан бас тарту керек. Одан
басқа, 2007 ж. ЭЫДҰ есебіндегі ұсынымдарға сәйкес ЖОО-ғы шектелген орын санын
толтыру үшін анағұрлым білікті үміткерлерді іріктеу (мектептік бітіру емтихандарын
тапсырғандардың қатарынан) оқу әдебиеттерінде кездескен, есте сақтау фактілерінің
жақсы дағдыларын жеткілікті меңгерген, кез-келген білім алушы табысты өте алатын,
дегенмен, АҚШ-тың «SAT» (оқыту қабілеттілігін тексеру тесті) ұқсас жүйесіне көп
деңгейде келетін болашақта ЖОО-на түсудегі тестілеу жүйесі ҰБТ-ға тәуелді болмауы
керек. Оқытуға қабілеттілікті тексеру тестінен өту білімді тексеру тестінен өтуге
қарағанда, едәуір аз дайындықты талап етеді, оның үстіне, тестілеудің бұл нысаны аз
қамтылған және ауылдық мектептерге қатысты анағұрлым әділ болады. 2007 ж. есепте
басқа ұлттық жүйенің мәнмәтінінде оқыту қабілеттілігін тексеру тесттерімен мектептік
жүйе аясында құрамдастырылған тест жүзеге асырылғанын Грузияның мысалында
көрсету үшін келтірілген. Бұл мысал 3.2 Ендірмеде бейнеленген.
Ендірме 3.2 Грузияның ЖОО-на қабылдау емтихандарының жүйесі
ЖОО-на түсу үшін емтихандардың жаңа моделі 2005 жылы ЖОО-на түсу үшін емтихандарға
дайындалуда мемлекетте орын алған жеке репетиторлықтың өте қымбат болуы нәтижесінде, ЖОО-
на қабылдауда сыбайлас жемқорлықпен күресу мен теңсіздікті төмендету үшін енгізілді. Грузияның
білім және ғылым министрлігімен Ұлттық білім мен емтихандарды бағалау орталығы («NAEC»)
құрылды, оның үстіне, үш міндетті емтихан: жалпы қабілетті тексеруге тест (General Aptitude Test,
GAT), грузин тілі мен әдебиетін, сонымен қатар, шет тілін білуіне (ағылшын, неміс, орыс әлде
француз) және бір таңдау пәні бойынша енгізу туралы шешім қабыданды. 2006 ж. жағдай бойынша
таңдау пәндеріне математка, жаратылыстану ғылымдары, Грузия тарихы, әлеуметтану, әдебиет кіреді.
Сонымен қатар, стандартты баллдар (100-ден 200-ге дейін) қолданылады. «GAT» бірнеше нұсқалы
жауаптары бар сұрақтардан тұрады, ал, пәндік емтихандар жабық және кең түрдегі, сонымен қатар,
эссе жазу (кең түрдегі және мәтіндік тапсырмаларды бағалау бойынша мамандарды қарқынды оқыту
жүргізілген болатын) сияқты бірнеше сұрақтардың қосындысымен ұсынылады. Бір және сол пәндік
емтиханның түрлі нұсқаларын тапсыратын үміткерлердің баллдарын теңестіру үшін шкалалау моделі
қолданылып, және оқытушылар коэффициенттерді қою жолымен емтихандық пәндер бойынша
«баға» қояды. Содан кейін әр қатысушы «конкурстық балл» (барлық пәндік баллдардың сомасына
тең, олардың коэффициентіне көбейтілген) алады, осының негізінде талапкерлерді реттеуге болады.
Нәтижелер барлық ЖОО-мен танылады, бірақ жекелеген ЖОО «салмақты» өздері анықтай алады.
Енді талапкерлердің бір мезгілде бірнеше мамандықтарға түсуге мүмкіндігі бар. Түсушілердің 50%-
ға жуығы университеттен орын алады. 2006 ж. 30000 талапкер болды, олардың әрқайсысы төрт
емтиханнан тапсырды. Емтихандарды әкімшіліктендіру барлық мемлекет бойынша 10 қалада 14
емтихан орталықтарында жүзеге асырылады; ол орталықтарға арнайы оқытылған сарапшылар қатаң
қадағалайды, сондай-ақ, орталықтар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Тіркеу, өндеу және
штрих кодтау үшін ақпараттық технологияларды инвестициялау аса маңызды болды. Тексерілген
жұмыстар мәліметтер базасына сканерленеді (2006 жылы 120 000 жұмыс) және талапкерлерге
өздерінің нәтижелерін көру үшін ҰБЕБО сайтына орналастырылады, бұл максималды ашықтықты
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және апелляцияға беру қажеттілігін төмендетеді (2006 жылы
жұмыстың жалпы санынан 0,6% апелляцияға берілді). Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша,
жаңа университетке түсу емтихандарының арқасында ауылдық жерлерден және аз қамтылған
отбасынынан шыққан оқушылардың қатысуы артты, сонымен қатар, осы емтихандар енгізілгеннен
кейін грузин емес ұлтының талапкерлер саны 32%-ға артты.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2008
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 111
Кешенді тестілеу (КТ)
Кешенді тестілеу - бұл ҰБТ-ға ұқсас тесттер жүйесі, ол Қазақстанның жоғары оқу
орындарына түсу үшін мемлекеттегі орта мектептің жоғары сыныптарынан басқа, өзге оқу
орындарында білім алған оқушылармен тапсырылады. Колледжде оқыған мамандығы
бойынша университете оқуын жалғастырғысы келген, көбінде, кәсіптік-техникалық
колледждерден кейін түсушілер үшін кешенді тестілеу өзіндік баспалдақ болады. Сондай-
ақ, КТ алдыңғы жылдары мектепті аяқтағандармен немесе ҰБТ тапсырмай оқуын
аяқтағандармен, сонымен қатар, университетке оқуға түсуді ниет еткен Қазақстаннан тыс
мектепте оқығандармен, шетелдік оқушылармен, республикалық музыкалық мектеп-
интернаттарының бітірушілерімен тапсырылады.
2012 ж. ҰБТ тапсырушылардың саны едәуір төмендеген мерзімде, КТ тапсырушылар
саны 2011 ж. 26 525-тен 2012 ж. 65 439-ға дейін айтарлықтай өсті. Бұл өсім, ең бастысы,
2012 ж. техникалық және кәсіптік оқу орындарының бітірушілері алғаш рет осы тестті
тапсыруымен байланысты, оның үстіне, тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 78%
құрап, олардың 51 369-ы мұны жүзеге асырды. Кешенді тестілеу де үш міндетті пәнді
және он таңдау пәнін құрайды. Бұл Білім министрлігі мен Ұлттық білім беру
статистикасы және бағалау орталығы жариялайтын жыл сайынғы нәтижелер талдауының
ұқсастығына алып келуде.
Осы баспалдақты құру процесінде колледждер мен университеттер арасында 2007 ж.
ЭЫДҰ баяндамасында берілген ұсынымдардың біріне қазақстандық мемлекеттік
органдар құлақ асты. Дегенмен, КТ әлі де өзінің бағытына толық сәйкес емес, өйткені
ҰБТ сияқты кемшіліктерді қамтиды. Сонымен бірге, колледж бітірушілер басқа
үміткерлермен салыстырғанда КТ бойынша орташа балл төмен болды, осылайша,
олардың ЖОО-на түсу мүмкіндігі азаяды. 2012 жылғы нәтижелердің талдауы мұны
«техникалық және кәсіптік оқу орындарында жалпы пәндерді оқыту деңгейіне бөлінетін
назардың жеткіліксіздігімен және арнайы пәндер бойынша студенттерді дайындаудағы
күшті акцент» тестілеу аясында тапсырылатын жалпы академиялық пәндердің оқыту
сапасын жақсарту ұсынылады, осыған байланысты колледждерде КТ тапсыруға тиісті
дайындықтың жоқтығымен үйлесуін байланыстырады.
Бұл ұсыныс проблематикалық болып табылады, өйткені орта мектептің жоғары
сыныптарында оқуға қалған өз құрдастары оқитын жалпы академиялық пәндер емес,
оқушыларды жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жауап беретін техникалық және
кәсіптік пәндерді оқу үшін мектепті тастап, колледжге кетуге итермелейді. Егер ол
студенттер сол пән бойынша университеттік деңгейдегі біліктілікке дейін өздерінің
техникалық біліктілігін арттыру арқылы жұмыс берушінің алдында олардың
тартымдылығы артады деген қорытындыға келетін болса, онда Қазақстан тарихы және
басқа да оқу пәндері бойынша олардың білімін жаңалау үшін оқытудың жалпы
мазмұнына олардың қайта оралуын сұраудың мағынасын табу қиын болады, ең алдымен,
олардың мансаптық жоспарларына ешқандай қатысы болмайды және болашақ жұмыс
берушілер үшін ешқандай құндылыққа жауапты болмайды.
КТ туралы талдау баяндамасында, сондай-ақ, әлемдік тәжірибені назарға ала
отырып, жоғары оқу орындарына колледждің бітірушілерін қабылдау қағидаларына
өзгерістер енгізу ұсынылады. Үздік әлемдік тәжірибе оларға ЖОО-на түсу үшін қажетті
дағдылар мен машықтарды көрсететін талапкерлердің қабілеттерін, олар онда түскеннен
кейін бағалауға түйінделеді. ЖОО-на түсуші үміткерлер осы қабілеттерін көрсете білген,
олардың алған төмен біліктілігі саласында жоғары кәсіптік білім алу мақсатында түседі.
Көптеген мемлекеттерде осындай төмен деңгейлі біліктіліктің бар болуы ЖОО-на өз
бетінше түсу үшін жеткілікті болар еді.
Жоғарыда аталып өткендей, сарапшылар тобы 2007 ж. мектеп бітірушілері мектептік
аяқтау емтихандарын (a) тапсыруы қажет екендігіне түйінделетін, оның ішінде, олардың
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
16 -
МАЗМҰНЫ
мемлекет аумағында бұрынғыдай біліктілік деңгейі ұқсас қызметкерлердің орташа кіріс
деңгейінен едәуір деңгейде төмен болып отыр. Үкімет білім беруге жұмсалатын
шығындарды арттырып, осылайша реформаларды жүзеге асырудағы инвестициялар
көлемі мен мемлекеттің барлық аумағындағы мектептің күнделікті қызметін
қаржыландыру
арасындағы
тиімді
балансты
қамтамасыз
етуге
үндейді.
Қорлардың жетіспеушілігі ішінара бүгінгі таңда қаржылық қорларды аса қажеттілігі
сезілетін арнаға бағыттауды қамтамасыз ете алмау мүмкіндігі білім беруді қаржыландыру
тетіктерінің кемшіліктерімен байланысты. Мемлекеттік басқару органдары аталған
аяқталмаған түзетулер туралы қажетті дәрежеде ақпараттандырылған және жан басына
шаққандағы қаржыландыру формуласын ендіру жолымен аталған мәселені шешуге
ниетті. Бұл қадам дұрыс бағытта, дегенмен, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі
жалпыұлттық көлемде жетілдірілген жоспарлау жүйесін, қаржыландыру формуласына
шағын жинақталған мектептердің қосылуын, алдағы уақытта білім беруге жұмысалатын
шығындарды арттыруды, сонымен қатар, қазіргі кезде бар шындық тұрғысындағы
мезгілдік шеңберді қажет етеді.
Кәсіптік білім беру мен оқыту
Мемлекеттің өндірісі мен экономикасы тиісті КББО қамтамасыз ететін тәжірибелі
және білікті еңбек ресурстарын қажет етуде. Дегенмен, аталған ұйымдар өздерінің
маңызды мияссиясын орындай алуы үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Басты сұрақ
Қазақстанда КББО бітірушілерінің біліктілігі жоқтығында емес, ал КББО жүйесінде
оқуды аяқтаған мерзімге ол біліктіліктер жұмыс берушінің сұраныстарын
қанағаттандыру үшін жақсы жағынан сай келе бермейді. Оның үстіне, КББО
ұйымдарының көпшілік студенттері таңдаған мамандықтар мен еңбек нарығында
анағұрлым сұранысқа ие мамандықтар арасында бірқатар сәйкессіздіктер бар. Тізім
бойынша соңғы, маңыздылығы жағынан емес: қазақстандықтардың пікірінше, КББО
жүйесінде білім алу міндетті білім алуды аяқтамаған, жалпы және жоғары білім беру
жүйесіне түсе алмаған жас адамдар үшін, немесе оқуды тастап кеткен адамдар үшін
дәстүрлі түрде балама жол ретінде қабылданады.
Жас адамдардың болашақта жұмысқа орналасуына қатысты КББО инвестициялар
пайдалы, оның үстіне, мемлекеттің білім беру саласындағы уәкілетті органдарымен
реформаларды жүзеге асыру үшін КББО жүйесінде бар көптеген мәселелерді шешетін
амбициозды жол картасы әзірленді. Аталған шаралар КББО бағдарламаларының санын,
стандарттарын және маңыздылығын көбейтуге, КББО жүйесінің мәртебесі мен беделін
көтеруге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңға жүзеге асыру
процесі басталды, сондай-ақ, білім беру саласындағы уәкілетті органдар КББО жүйесін
мәртебесі төмендеу білім беру жүйесі ретінде қарастырмауды қамтамасыз ету үшін
барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуге, сонымен қатар, КББО жүйесі ұлттық
экономиканы дамытуға тиісті үлес қосатын жағдайда болуына ниетті. Дегенмен, КББО
жүйесін реформалау бойынша жоспарлардың тиімділігін арттыру мақсатында КББО
ұйымдары бітірушілері үшін ЖОО-на қабылдаудың тиімді рәсімдері, кәсіптік
бағдарланған тиімді жүйесі, сонымен қатар, КББО ұйымдарының көптеген дербестігінің
болуы сияқты бірқатар қосымша маңызды аспектілерді ендіруі тиіс.
ТҮЙІНДЕМЕ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕР
У С
АЯС
АТЫНА ШО
ЛУ
: ҚА
ЗАҚСТ
АНДАҒЫ ОР
ТА БІЛІМ БЕР
У
МА
ЗМҰНЫ
-
11
3
Кесте 3.1 «PISA» қатысушы мемлекеттерінде бағалардың нәтижелілігін қолдану нәтижелері
15 жастағы оқушыларға қатысты ұлттық модальды бағалауда көрсетілген, оқушылардың білімін бағалауды директорлары ұсынған мектептегі оқушылар үлесі (%-бен),
келесі мақсаттар үшін:
Баланың
үлгерімі туралы
ата-аналарды
ақпараттандыру
үшін
Оқушыларды
бір деңгейде
ұстап тұруға,
әлде келесі оқу
деңгейіне
ауыстыруға
қатысты
шешімдер
қабылдау үшін
Оқу
мақсаттарымен
топтар бойынша
оқушыларды
бөлу
Нәтижелілік
негізінде
мектептердің
жұмысын
салыстыру үшін
<аудан, әлде
мемлекет
көлемінде>
Жыл сайын
мектептік
оқытудың
дамуында
мониторингті
жүзеге асыру
үшін
Мұғалімдердің
тиімділігіне
қатысты
тұжырымдар
қабылдау үшін
Оқыту
аспектілерін
немесе
жетілдіруді
қажет ететін оқу
бағдарламалары
н анықтау үшін
Мектептің
жұмысын басқа
мектептердің
жұмысымен
салыстыру үшін
Мектептің
жұмысын басқа
мектептердің
жұмысымен,
әлде облыс
немесе
мемлекет
көлеміндегі
нәтижелілігін
салыстыру үшін
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
%
S.E.
Достарыңызбен бөлісу: |