82 -
МАЗМҰНЫ
топтың іс-әрекеттегі электронды оқыту процесін байқауы барысында оқушылардың
математикалық білімді есте сақтау бойынша қарапайым тестті сұрақтардың тақтада емес,
компьютер экранында түссіздену айырмасымен орындады деген сезім қалыптасты.
Жақсы оқу құралдары мен қорлары, әлдеқайда өнертапқыштық қолданыста, жоғары
деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға, сонымен қатар, қазіргі таңда бар оқулықтар мен
оқыту әдістерін қолдана отырып, оқуда қиындықты сезінетін оқушыларға көмектесе алар
еді. Бұл мұғалімдерге тек осы қорларды жақсы үлгіде қолдана білуге үйрететін тиісті
мүмкіндіктерді ұсыну жағдайында көмектеседі.
Соңында, сарапшылар тобы 2007 ж. «Қазақстандағы жоғары білім» атауындағы
ЭЫДҰ баяндамасында айқындалған ұсынымдарға, жақын арада мектеп бағдарламасына
ендірілетін 12-ші сыныптың ұлттық оқу жоспарын әзірлеу қажеттігіне қайта назар
аударуды қалайды. Бұл қазақстандық мектеп бітірушілерге, ең жоғары көрсеткішті
европалық мемлекеттердің 18 жасар мектеп бітірушілерімен қатар қойылатын пәндік
білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Оқыту сағатының саны және сабақ кестесі
Қазақстандағы оқу бағдарламасын талдаудың балама көзқарасы үш негізгі пәнді
оқуға жұмсалатын оқу сағатының санын талдау жолымен алынды: оқылым, математика
және жаратылыстану ғылымдары, бұл көрсеткіш халықаралық мәнмәтінде орташа
көрсеткіштермен салыстырғанда жоғары немесе төмен тұрғандығын көрсетеді.
2009 ж. PISA зерттеуі аясында оқушыларға аптадағы оқу уақытының ұзақтығына
қатысты жай мектептік сабақтың құрамдас бөлігі ретінде минуттармен берілген сұрақ
қойылды. Қазақстандық оқушылар аптасына 198 минутты оқыту тілі сабақтарына
(орташа ЭЫДҰ мемлекеттері бойынша - 217 мин.); аптасына 174 мин. математика
сабақтарына (орташа ЭЫДҰ мемлекеттері бойынша - 214 мин.); және аптасына 290 мин.
жаратылыстану ғылымдары пәндері сабақтарына (орташа ЭЫДҰ мемлекеттері бойынша
- 202 мин.) жұмсайтынын атап өтті. Осылайша, орта есеппен, ЭЫДҰ мемлекеттерінде
апта сайын оқыту тілі мен математиканы оқытуға шамамен сондай уақыт, ал
жаратылыстану ғылымдарына сәл аздау уақыт бөлінеді. Қазақстандағы оқушылар өз
уақыттарының аз бөлігін математикаға, едәуір көбірек оқыту тіліне және едәуір көп
жаратылыстану ғылымдарына жұмсайды. Шын мәнінде, оқушылар тарапынан берілген
пікірге сәйкес, Қазақстандағы жаратылыстану ғылымдарын оқытуға жұмсалатын уақыт
ЭЫДҰ мемлекеттері бойынша орташа көрсеткіштен 43%-ға жоғары және математиканы
оқытуға шығындалатын уақыт бойынша 67%-ға жоғары. Барлық PISA қатысушы
мемлекеттерінен тек Болгария мен Уругвайда ғана жаратылыстану ғылымдары мен
математиканы оқытуға бөлінетін уақыт көлемі арасында бірдей және үлкен айырма бар.
Шанхайда (ҚХР) PISA қатысушы мемлекеттері арасында анағұрлым жоғары
көрсеткіштер байқалады, оқушылар аптасына 256 минут ана тілін оқуға, 274 минут -
математикаға және тек 202 минут жаратыстану ғылымдары пәндерін оқуға жұмсайды.
Шанхай (ҚХР), орта есеппен, математика бойынша 600 балл және жаратылыстану
ғылымдары бойынша 575 балл жинады; ал Қазақстанның орташа балы математика
бойынша 405 баллды және жаратылыстану ғылымдары бойынша 400 баллды құрады.
PISA зерттеуі аясында тиісті мемлекеттерден қамтылған 15 жастағы оқушылар
болғандықтан, әр түрлі сыныптарда оқи алады (кейбір бөлігі төменгі сыныптарда,
басқалары - орта мектептің жоғары сыныптарында), 2009 ж. PISA баяндамасында,
сондай-ақ, төменгі және жоғары сынып оқушыларының жауаптары бөлек беріліп отыр.
Қазақстанда жоғары сыныптың оқушылары аптасына 208 минут (төменгі сынып
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 83
оқушыларына қарағанда 12 минутқа көп) оқу тіліне, аптасына 178 минут (төменгі сынып
оқушыларына қарағанда 5 минутқа көп) математикаға және аптасына 317 минут (төменгі
сынып оқушыларына қарағанда 33 минутқа көп) жаратылыстану ғылымдары пәндеріне
бөледі, осылайша, жаратылыстану ғылымдарын оқытуға бөлінген уақыт көлемі,
математиканың уақыт көлеміне қарағанда 78%-ға көп. ЭЫДҰ мемлекеттері бойынша
орташа көрсеткіш орта мектептің жоғары сыныптарында оқу тіліне 208 минутты,
математикаға 211 минутты және жаратылыстану ғылымдарына 217 минутты құрайды.
Шанхай (ҚХР) нәтижелері сәйкесінше 206 минутты, 223 минутты және 191 минутты
құрайды.
2011 ж. TIMSS баяндамасы онда математика мен жаратылыстану ғылымдары
бойынша мектеп директорлары мен мұғалімдері ұсынған деректер негізінде жылдық
математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша оқу сағаттарының көлемі
қарастырылмағанымен, PISA нәтижелеріне ұқсас деректерді береді. Қазақстанда жылдық
сағат көлемі математика үшін 8-ші сыныпта 117-ні құрады (42 қатысушы мемлекеттің
барлығында 4-нен басқасында сағат көлемі көп) және жаратылыстану ғылымдары үшін 8
сынып деңгейінде 251 (тек 4 мемлекетте сағат көлемі көп); дегенмен, Қазақстан
математика бойынша (17-ші) жаратылыстану ғылымдарына (20-шы) қарағанда жоғары
орналасты. Үздік TIMSS көрсеткіштерін 8-ші сынып математикасы бойынша жылына 137
оқу сағатын жұмсайтын Корея алып отыр. Үздік TIMSS көрсеткіштерін 8-ші сынып
жаратылыстану ғылымдары бойынша жылына 115 оқу сағатын жұмсайтын Сингапур
алып отыр.
Қазақстандық орта білімнің оқу бағдарламасында математика мен жаратылыстану
ғылымдары арасында теңгерімсіздік, әсіресе, жоғары сыныптарда болып отырғанға
ұқсайды. Сондай-ақ, жаратылыстану ғылымдарын оқытуға бөлінетін уақыт, елестетіп
көргендей, нәтижелілік көзқарасы тұрғысынан тиімсіз. Ұсынылған оқу бағдарламасының
реформасы жаратылыстану ғылымдарын оқыту тиімділігін арттыруға, бөлінген уақыт
көлемін қысқартуға, осылайша, математиканы оқытуға бөлінетін уақыт көлемін
көбейтуге бағытталуы тиіс.
Мектеп аптасы және оқу жылы
ББДМБ аптасына 6 күн, дүйсенбіден сенбі аралығында сабақ оқытуды
регламенттейді. Өте аз ЭЫДҰ мүше мемлекеттерінде оқушылар, оқытушылар және білім
беру саласындағы басшылар аптасына 6 толық күн жұмыс істейді. Оқушылармен және
оқытушылармен сұхбаттасу жүргізу барысында сарапшылар тобында мұндай кестенің
шаршататыны, сондықтан оқушылар мен мұғалімдердің демалысқа және жеке өміріне
уақыттың жетіспеуі және мұны өзгерту қажеттігі туралы нық көзқарас қалыптасты. Бұл,
әсіресе, екі ауысымда жұмыс істейтін екі ауысымды мектептердің мұғалімдері үшін ауыр
болып отыр. 2012 ж. ҰБТ нәтижелері туралы ҰББСБО есебіне сәйкес (ҚР БҒМ, 2012с),
екінші ауысымдағы оқушылар пайызы жоғары болған сайын ҰБТ орта баллы төмен
болады.
5 күндік аптаға көшумен байланысты проблеманың бірі екі ауысымда оқытатын
мектептер үшін осыны жүзеге асыруы мүмкін. Сарапшылар тобының алғашқы
талқылаулары кейбір екі ауысымды мектептерде бұл сұраққа ары қарай зерттеу жүргізу
қажеттігін, бірақ, оларға да мүмкін екенін, сонымен қатар, тиісті оқу бағдарламасына
өзгерістер енгізу керектігін көрсетті. Мұғалімдердің моральдық жағдайына және еңбек
қызметі мен жеке өмірдің арасындағы балансқа оң әсер беретін басқа қандай да бір
реформаны елестету қиын. Сондай-ақ, білім алушылардың оқуға қызығушылығын
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 11
Ендірме
Ендірме 1.1 Чилидегі білім беру саясатының жалғастығы мен реттілігі ............................31
Ендірме 2.1 ЭЫДҰ мемлекеттерінде шағын жинақталған мектептерді жабуға
көзқарастар ..........................................................................................................................57
Ендірме 2.2 Альберта провинциясында (Канада) ауылдық мектептерді қосу үшін
АКТ қолдану........................................................................................................................58
Ендірме 2.3 Германиядағы «PISA-Шок» ................................................................................64
Ендірме 2.4 Төмен үлгерімді арттыру жолымен жетістікке жету: Сингапур мен
Финляндия мысалдары .......................................................................................................67
Ендірме 2.5 Креативтілік пен сын тұрғысынан ойлаудың дамуға көмектесуі:
ЭЫДҰ-CCE-Сингапур жұмыс семинарының қорытындылары .....................................79
Ендірме 2.6 Ата-ананың тәрбиесі мен ықпалы: Қазақстанда оқушылардың мансаптық
дамуды таңдауы...................................................................................................................83
Ендірме 2.7 Тиімді кәсіптік бағдардың маңыздылығы мен элементтері .............................84
Ендірме 3.1: Англияның критерийлері негізінде нәтижелілікті бағалау .............................101
Ендірме 3.2 Грузияның ЖОО-на қабылдау емтихандарының жүйесі .................................109
Ендірме 3.3 ЭЫДҰ мемлекеттерінде үштік білім беру жүйесіне түсу үшін
критерийлерді орнату көзқарастары .................................................................................111
Ендірме 3.4 Мектептердің қосымша басымдықтарының нәтижелілігін бағалау:
қолжетімділік пен теңдік мүмкіндіктерін арттыру ..........................................................119
Ендірме 4.1 Финляндия: педагогикалық білім беру бағдарламаларын таңдау
мінездемесі ..........................................................................................................................141
Ендірме 4.2. Мұғалімдердің аккредитациясы үшін негіз ретінде кәсіптік
стандарттарды қолдану: үш мемлекеттегі жүйелер ........................................................146
Ендірме 4.3 Ұлттық білім беру саясатын әзірлеу үрдісіне мұғалімдерді тарту: екі
мемлекеттен мысалдар .......................................................................................................153
Ендірме 4.4 ЭЫДҰ мемлекеттерінде мұғалімдер үшін қосымша төлемдер .......................157
Ендірме 4.5 Мектеп пен қоғам арасындағы байланысты тереңдетуді дамыту
үшін төрт мемлекеттегі бастамалар ..................................................................................159
Ендірме 4.6 Мектептерді жақсарту мен шындығы ................................................................161
Ендірме 4.7 Мектеп директоры қызметіне үміткерлер басқа қызмет салаларынан ауыса
алады ма? .............................................................................................................................164
Ендірме 4.8 Австриядағы жалдау үрдісін кәсіптендіру ........................................................165
Ендірме 5.1 ЭЫДҰ мемлекеттеріндегі мемлекеттік шығындарға дағдарыстың әсері ......188
Ендірме 5.2 Инфрақұрылымдардағы инвестицияларды ұтымды басқару ..........................205
Ендірме 5.3 Мектептердің келісімдері мен қорлары .............................................................213
Ендірме 5.4 Мұғалімдердің нақты жалақысы ........................................................................214
Ендірме 5.5 ЭЫДҰ мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің маңызды шешімдерін
кім қабылдайды? .................................................................................................................229
Ендірме 6.1 Кәсіптік білім беру мен оқытудың анықтамасы ................................................280
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 85
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
Ата-аналардың зор ықпал етуін жүзеге асырудың мүмкін себебі, жоғары білім мен
оқушылардың болашақ мансабы мәнмәтінінде таңдау қажеттілігі туындаған мерзімде
оқушылар үшін мектепте жақсы реттелген кәсіптік бағдар жүйесінің болмауына
түйінделеді. Сарапшылар тобының анықтағандары негізінде осы есепті дайындау
мерзіміне, мемлекетте мансаптық өсу мен кәсіптік бағдарға қатысты қандай ақпаратпен
мектептер қамтамасыз етуі тиіс екендігін сипаттайтын жалпы ұлттық саясат пен
минималды стандарттар болған жоқ. Бірқатар мектептерде сессиялар өткізіледі, оның
аясында анықталған мамандықтардың өкілдері, мысалы, дәрігерлер немесе заңгерлер
оқушылармен әңгімелеседі. Басқа мектептер оқушылардың ұсынылатын бағдарламалар
туралы сұрақтарына жауап беру үшін университеттерден оқытушыларды шақырады.
Дегенмен, елестетіп көргендей, барлық олардың танысқысы келетін мүмкін мамандықтар
туралы ақпаратпен (немесе оны алудың дереккөздері туралы) оқушыларды қамтамасыз
ететін, әр түрлі еңбек салаларындағы еңбек ақысы мен қамтылуға қатысты салыстырмалы
ақпаратты қоса қамтитын жүйелі көзқарас жоқ. Сонымен қатар, таңдалған салада жұмыс
істеу үшін қажетті дағдыларды алу туралы тиісті ұсынымдарды ұсыну бойынша жүйе
жоқ. (Қандай пәнді оқу керек? Колледжге немесе университетке түсу керек пе, әлде,
алдымен колледжге, ал, сосын - университетке? Қандай оқу орындары таңдалған
мамандық немесе мансап бойынша жақсы дайындықты ұсынады? Қандай мекемелерде
бітірушілерге жұмыс орнын ұсына алатын жұмыс берушілер ұйымдастырған оқыту
курстары бар? Егер мен қандай да бір мамандықта оқуға қандай да бір университетке
түсу үшін ҰБТ аясында қандай қосымша пән(дер)ді таңдауым қажет?)
Ендірме 2.7 Тиімді кәсіптік бағдардың маңыздылығы мен элементтері
Еңбек қызметінің анағұрлым әр түрлі болуына байланысты мамандық таңдау, демек, кәсіптік
бағдар анағұрлым маңызды және қиын болып отыр. Бұл міндетті шешу үшін кәсіптік бағдар
саласындағы толыққанды мамандықтың және психологиялық кеңестен бөлінген, еңбек нарығы
сұрақтарында тәжірибесі бар мамандардың болуы қажет. Бұл мақсат үшін тиісті қор бөлу және
мамандық таңдау туралы шешім қабылдайтын маңызды сәттерде «бетпе-бет» форматында ұсынымдар
беру бойынша анықталған кепілдіктер қажет. Ол мамандардың өзінің обективтілігін қамтамасыз
ету үшін тәуелсіз базасы және кең спектрлі ақпараттармен және интернет-материалдармен жұмыс
істей алу жағдайында болуы тиіс. Жергілікті деңгейде мектептер мен жұмыс берушілердің арасында
мықты қарым-қатынастың болуы бұл - еңбек нарығы жүйесіне жас оқушыларды ендірудің өте
маңызды әдісі. Сондай-ақ, ұсынымды бастамалар мұқият талдануы тиіс.
Мысалға, Швейцарияда кәсіптік бағдар және ақпараттық сессиялар орта білім беру жүйесінде
міндетті болып табылады. Барлық мұғалімдер белгіленген оқу көлемін еңбек нарығы ұсынған
мүмкіндіктер үшін өтеді. Тиісті мектептердің 7, 8 және 9 сынып оқушылары мансаптық дамудың әр
түрлі бағыттарын, сонымен қатар, кәсіптік бағдар және кеңес беру «Berufsinformationszentren», BIZ)
сұрақтары бойынша негізгі мекемелердің қызметін оқиды. «BIZ» орталықтары бұл - білім беру мен
оқытудың барлық деңгейлері бойынша ақпарат пен кеңес беретін дербес мекеме. Еңбек қызметінің
жалпы сұрақтары бойынша оқушылар кеңесшілермен кездесе алады, содан соң түрлі салалардағы
мамандарға бағытталады. «BIZ» орталықтары мектептермен тығыз ынтымақтастықта және кейде
кеңседе емес, мектептердің өзінде бірқатар қызметтер ұсынады.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2010c: 75; 83 беттер
Қазақстандық орта мектептерде бар еңбек қызметі туралы ақпараттың және кәсіптік
бағдарлау жүйесінің сапасын, оның ішінде, үкіметтің минималды ұлттық стандарттарды
әзірлеуі жолымен жақсарту керек. Балалардың мансаптық жолын таңдауға қатысты
шешім қабылдауда ата-аналардың рөлі маңызды болғандықтан, ата-аналар үшін де,
оқушылар үшін де кәсіптік бағдар жүйесімен қамтамасыз етілсе жақсы болар еді.
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
86 -
МАЗМҰНЫ
Мектеп қызметіне ата-аналардың қатысуы
Әр мектепте ата-аналар комитеті қызмет етеді. Ата-аналар комитеті қоғамдық
өкілдерден, кейбір жағдайларда бітірушілерден тұрады. ҚР Алматы облысының білім
беру Департаментінде сарапшылар тобына облыстағы мектептердің ата-аналар комитеті
білім беру Департаментімен тұрақты кездесулер ұйымдастыратынын, сонымен қатар
мектеп директорларын тағайындауда бірқатар рөл ойнайтынын мәлімдеген.
Сарапшылар тобы бірқатар мектептерге келу аясында ата-аналармен кездесу өткізді.
Елестетіп көргендей, ата-аналар мектеп қызметін қолдайды және тек бірқатар сыни
ескертпелер болды; дегенмен, қамтылған мектептер, қағида бойынша, анағұрлым
табысты мектептер болып табылады. 9 сынып
8
оқушылары ата-аналарының жалпыұлттық
сауалнамасы көрсеткендей:
- ата-аналардың 40%-ы мектептік іс-шараларға келеді және сыныптық іс-шараларға
тұрақты қатысады, ал қалғандары тек анда-санда мұғалімдер мен ата-аналардың
жиналысына барады;
- ата-аналардың 47%-ы мұғаліммен өз баласының мәселелері туралы тұрақты пікір
алмасады, 51% - кейде, 2% - ешқашан;
- ата-аналардың жартысынан көбі өз баласының үлгеріміне қызығатынын көрсеткен;
- ата-аналардың 75% -ы үй тапсырмасын баласымен тұрақты орындайды;
- ата-аналар сауалнамасының 72%-н аналар және 19%-н әкелер толтырған, қалған бөлігі -
басқа туыстар.
2009 ж. PISA баяндамасында мектеп өміріне оқушылардың ата-аналарының қатысуы
туралы деректер, бірақ ЭЫДҰ 8 қатысушы мемлекетінің және 6 серіктес мемлекеттікі
ғана жиналған. Орта есеппен, 8 мүше мемлекеттердің арасында ата-аналар өткен оқу
жылында олардың 78,5%-ы мұғаліммен баланың тәртібі мен оның үлгерімі туралы
талқылағанын, 8,6%-ы дене шынықтыру (спорт) бойынша мектептік шараларға
қатысқанын, 17,7%-ы сыныптан тыс қызметке қатысқанын, 10,1%-ы мектептегі
мұғалімдерге көмек көрсеткенін және 14,9%-ы мектепті өзін-өзі жергілікті басқару
жүйесіне тартылғандығын көрсетті. Кейде түрлі сауалнаманың нәтижелерін түрлі
сұрақтармен салыстыру дұрыс емес, дегенмен, Қазақстандағы және ЭЫДҰ 8
мемлекетінің ата-аналарының жалпы қатысу деңгейі өте сарындас болғанға ұқсайды.
Егер ата-аналар, мұғалімдер және мектептер балаларға үлкен сенім артса, оладың
жақсы оқитындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Мектепте болжанатын қозғаушы күші,
мектептердің өз оқушыларына жоғары академиялық стандарттар қоюы ата-аналардың
талабы болып отыр (Эпстайн, 2001). 2009 ж. PISA баяндамасы аясында мектеп
директорларына: «көптеген ата-аналардың», «ата-аналардың аз бөлігінің» және «өте аз
ата-аналардың» тарапынан жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізу бойынша
мектептерге қысым көрсетіледі ме деген сұрақтар қойылды. Қазақстанда осы сұраққа
директорлары «көптеген» деп жауап берген мектептерге 13,2% оқушы барса,
директорлары «аз бөлігі» деп жауап берген мектептерде 67,5%- оқиды және
директорлары «өте азы» деп жауап берген мектептерге барады. ЭЫДҰ мемлекеттерінде
18,8% мектеп директорлары бұл сұраққа «көптеген» деп жауап берсе, 48,1% мектеп
директорлары «аз бөлігі» деп жауап берді және 33,1% мектеп директорлары «өте азы»
деп айтты. Осылайша, орта есеппен, ЭЫДҰ-на (үштен екісі) қарағанда Қазақстанда «аз
бөлігі» деген директорлар көп, ал, орта есеппен қарағанда ЭЫДҰ бойынша көбі
«көптеген» және «өте азы» деді. Шанхайда (ҚХР), Кореямен қатар ұқсас көрініс
байқалады. Басқа жоғары көрсеткішті мемлекеттерде басқаша көрініс байқалады.
Елестетіп көргендей, Сингапурда ата-аналар басқа жерлерден мықты анағұрлым жоғары
стандарттар орнатуды талап етеді: 48% директорлар «көптеген» деп жауап берді және
47,7% - «аз бөлігі», 4,2% ғана «өте азы» деп жауап берді. Ал, сол мерзімде Финляндияда
тек 2,9% директор «көптеген» деп жауап берді және 24,9% - «аз бөлігі», сонымен бірге,
72,3% (барлық мемлекеттер арасында ең жоғары пайыз) «өте азы» деп жауап берді.
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
- 87
Әр елдердегі ата-аналардың жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге
қатысты түрлі ықпал етуінің бірнеше себептері болуы мүмкін. Бұл себептер мәдени
сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Қытайда балаларының үлгерімі туралы ата-аналардың
қамқорлығына қарамастан, билікке дәстүрлі сыйластық пен жүзін жоғалту қорқынышы
табанды болу ниетін төмендетеді. Және керісінше, ағылшын тілді мемлекеттерде
осындай тыйымдардың болмауы АҚШ-та, Англияда, Ирландияда, Канадада, Жаңа
Зеландияда және Австралияда «көптеген ата-аналардың» деп жауап берген
директорлардың жоғары пайызын түсіндіре алады. Ата-аналардың жоғары стандарттарды
ендіруге табандап тұрмауының басқа себебі, олардың балалары оқитын мектептердің бұл
стандарттарға қол жеткізгендігі туралы көзқарасын құрайды. Көшбасшы болып
табылатын немесе кем дегенде, он жыл бойы халықаралық рейтингтердің жоғары
бөлігінде орналасқан Финляндияда тек қана үздік бітірушілер оқытушы болып жұмыс
істеуге баратыны кең танылған, ата-аналардың сенімі негізделген шығар. Одан басқа,
оқушылардың қандай мектепке баратындығына қарамастан, олардың табысқа бірдей
мүмкіндіктері бар. Барлығына жуық басқа мемлекеттерде, Қазақстанды қоса есептегенде,
келесі сұрақтарды қойып және оларға жауап алу қажет: «Әр мектепте қол жеткізілетін
нәтижелер қаншалықты жоғары немесе төмен? Ата-аналар балаларының қаншалықты
жақсы немесе нашар оқитындығына қалайша сенімді бола алады?» Бұл сұрақтар 3
Тарауда қарастырылады.
Жоспарланған ұйымдастырушылық өзгерістер
Мектептердегі 12 жылдық оқытуға көшу
Қазақстан Үкіметі 12 жылдық оқыту енгізілгеннен кейін мектептік білім беру жүйесіне
түбегейлі өзгерістер енгізуді ниет етуде. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы 10-шы сыныптан кейін барлық оқушылар өздерінің болашақ оқу
жолын анықтау үшін жаңа ұлттық тест тапсыруын қарастырады. Бұл жағдайда білім
алушылардың 40%-ы колледждерге түсуі, басқа 60%-ы университетке түсуді жоспарлаған 11-
ші және 12-ші сынып оқушылар үшін арнайы мектеп немесе сыныптың жаңа түрі күтіледі.
Модель 2015 жылға қарай толығымен әзірленіп және сыналып болуы керек. Бірақ ұлттық
тестілеудің жаңа үлгісі әлі әзірленбеді, ал, Білім және ғылым министрлігі оның қалай
болатындығын түсіндіре алмау жағдайында.
Бұл мектептің немесе сыныптың жаңа түрі, «пәндік оқытуға бағдарланған» деп
аударылатын, Бейіндік мектеп деп аталады. Қазіргі мектептердің бірқатары немесе оның
жоғары сыныптары Бейіндік мектепке қайта бейінделуі әбден мүмкін, ал, кейбір мектептер
нольден бастап құрылады немесе университеттердің жанынан пайда болады (ҚР БҒМ, 2010;
АТО, 2012). Бейіндік мектеп 11-ші және 12-ші сынып оқушыларына келесі оқытуды
9
ұсынатын
болады:
Он міндетті пәннен жалпы негіз: математика, жаратылыстану ғылымдары, оқу тілі,
басқа ресми тіл (қазақ/орыс), шет тілі, ақапараттық технологиялар, дене
шынықтыру, жаңа замандағы Қазақстан, адам және қоғам, бастапқы әскери
дайындық. Олар оқу мерзімінің 60%-н алады.
Мамандану саласына қатысты басқа пәндер. Оқушылар (1) жаратыстану ғылымдары
мен математика (2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар және (3)
технологиялық мамандану арасынан таңдай алады. Олардың алғашқы екеуі «бейіні»
ретінде, аталып өтілген «бейіндік мектептерде» қазіргі таңда оқушылар оқиды. Бұл
пәндер оқу мерзімінің 30%-н алады.
Қолданбалы пәндер және маманданудың таңдау саласы бойынша пәндер. Бұл
пәндер оқу мерзімінің 10%-н алады.
ТАРАУ 2: МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУДЫң ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Достарыңызбен бөлісу: |