«Тұран» Университі



бет157/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171
в) әлеуметтік сала
Сонымен, экономика саласы адамның күнбе-күнгі өміріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Алайда, бұл қоғамның өмір сұруінің негізгі факторы болса да, - бір жағы ғана. Екінші жағы - сол адамның өзін нақтылы тарихи қалыптасқан өмірге сай етіп өсіп-өндіру, ұрпақтар өмірін жалғастыру, оны әрі қарай дамыту болмақ. Міне, қоғамның осы екінші жағын әлеуметтік сала дейміз.
Әлеуметтік сала біркелкі есмес - қоғам өмірінде әр-түрлі әлеуметтік топтар өмір сүреді. Өйткені, бұл дүниеде – адамдарды айтпағанның өзінде – ешбір бір-біріне толығынан ұқсас ешнәрсе жоқ, әрбір зат өмірге өз қайталанбас болмысымен келіп, уақыты озған кезде – келмеске кетеді. Уақытында ХУ111 ғ. кейбір ағартушылар, содан кейін К.Маркс пен Ф.Энгельс алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың теңдігіне тамсана қарап, жеке меншік дүниеге келгеннен кейін байлық пен кедейлік, әр-түрлі таптар мен әлеуметтік топтарға бөліну басталды, - деп айтып кеткен болатын. Соңғылардың ойынша, болашақ коммунистік қоғам жер бетінде орнаған кезде, сол біркелкілік тағы да қайтып оралады, бірақ, - ағыл-тегіл байлықтың негізінде, өйткені, барлық адамдардың қажеттіктері толығынан өтеледі. Алайда, мұндай пікір Дүниенің іргетасты қасиетіне қайшы келеді – Ұлы Мәртебелі Табиғат біркелкілікті сүймейді, ол әртүрлікті жаратады.
Осы тұрғыдан сонау алғашқы қауымдық қоғамға көз жіберсек, онда да әр-түрлі топтардың болғанын байқаймыз. Онда, әрине, қоғам демографиялық-жыныстық принципінің негізінде топтанды – аңшылар, ошақ басындағы әйелдер, жастар, сол қауымды басқаратын ақсақалдар т.с.с. Әрине, олардың әлеуметтік жадайлары да соған сәйкес әр-түрлі болды. Мысалы, әр-түрлі тайпалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне оқтын-оқтын силар тартты. Ал олар ақсақалдардың қолында қорланды т.с.с.
Тарихи өндіргіш күштер дамып, жеке меншік пайда болып, мемлекет дүниеге келген кезде, қоғам өмірінде таптар мен әр-түрлі әлеуметтік топтар дүниеге келеді. Байлық пен билікке ие болған үстем топтар мен езілген таптардың арасында қайшылықтар пайда болады. Жаңа дәуір дүниеге келген кезде бұл қайшылықтар әрі қарай өршіп неше-түрлі революцияларға әкеледі. Үстем таптар мемлекеттік билік арқылы өзін-өзі сақтап қалу жолында төмендегі әлеуметтік топтардың әлеуметтік жағдайларын көтеруге тырысады. Машиналық өндірісті дамыту үшін жұмысшылардың білім деңгейін өсіру керек болды, сондықтан, білім беру жүйесіне көбірек көңіл бөлінеді. Жергілікті мемлекет мекемелері жұмысшыларға, кем-тарларға арнап арзан баспана салуға кіріседі, денсаулық сақтау мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастайды т.с.с.
Әлеуметтік мәселелердің нағыз түбегейлі шешу жолдарын Ресейде большевиктер үкімет басына келген кезде бастайды. Олар жеке меншікті жойып, бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттік қолға өткізіп, жоспарлы экономиканың негіздерін құрып, елді индустриялап, жаңа қалалар мен село кешендерін салып, бүкіл халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, ғылым мен техниканы, білім беру жүйесін дамытып, ден саулық сақтау, жастарды тәрбиелеу т.с.с. әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Әрине, бұл ауқымды төңкерісте зорлық-зомбылық, репрессиялар қолданылып, миллиондаған адамдар осы әлеуметтік жаңарудың құрбанына айналды. Мұндай әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер бүкіл дүниежүзілік қауымға зор әсерін тигізді. Сондықтан, капиталистік елдер Кеңес Одағының жасаған әлеуметтік саладағы Үлгілеріне сәйкес Жауап беру үшін неше-түрлі әлеуметтік бағдарламалар жасап, өмірге еңгізе бастады. Екінші жағынан, жүздеген жылдардағы даму барысында қорланған байлық оларды тиімді түрде шешуге жол ашты.
Дегенмен де, Кеңес Одағындағы қалыптасқан тоталитарлық экономика 60-шы жылдардан бастап тоқырауға түсті. Оның негізгі себебі – экономиканың бір қолда ғана болуы - монополизациялануы еді. Бәсекелік болмаған жерде экономика бір орнында тұрақтанып қалды. Тұрпайы теңеудің негізінде адамдардың белсенді еңбегі жойылды. Шынайы өмір идеологияға бағынбай, іштей шірушілік басталды. Партия және үкімет басындағылар мемлекеттік меншіктің шын қожайындарына айналып, көп жағдайда өз мүдделерін іске асыруға кірісті. Оларға арнаулы үйлер, санаториялар, дүкендер, емдеу орындары т.с.с. салынды – олар бірте-бірте үстем тапқа айнала бастады, халыққа арналған әлеуметтік бағдарламалар орындалмай қорлана бастап, біршама шиеленістерді тудырды. Бұл қайшылықтар ақырында Кеңес Одағының құрып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына әкелді.
Енді тәуелсіз мемлекеттердің алдында жаңа мақсат пайда болды – ол тоталитарлық экономикадан бас тартып, нарыққа көшу, жеке меншікке жол ашу, елді демократизациялап, ондаған жылдар қорланған әлеуметтік мәселелерді шешу еді. Өз еліміздің жағдайына келер болсақ, ол аянышты болды. Өйткені, Кеңес Одағы заманында ол аграрлық-шикізат өнімдерін шығаратын, басқа одақтас республикалардың, әсіресе, Ресейдің экономикасымен тығыз байланып қалған ел болатын. Сондықтан, Ресейдің Думасындағы кейбір ұлтшыл депутаттар “олар бізге қайтып оралады, өздері дербес мемлекет болып өмір сүре алмайды”,- деген пікір айтқан болатын. Мұндай ауыр жағдайда Ел басы Н.Назарбаев тапқырлық көрсетіп, шет елдерден елге инвестицияларды тартып, халқымыздың алған бостандығын сақтап қалды. Бұл, әрине, қиын жылдар болды, кейбір кезде шет ел компанияларымен теңсіз шарттарға да тұруға мәжбүр болдық. Бүгінгі таңда, экономиканың өрлеу барысында, әлеуметтік мәселелерді шешуге үкімет пен парламент аса көп көңіл бөліп отыр.
Соған қарамастан, соңғы жылдардағы қорланған әлеуметтік мәселелер шаш етектен. Біздің ойымызша, оларды шешудің негізгі жолы – осы уақытқа дейін жүргізіліп келген либералдық-демократиялық саясатты бірте-бірте әлеуметтік-демократиялық саясатқа ауыстыру болмақ. Реформа барысындағы рестратификация (қоғамды қайта топтау) үрдісі жекешелендіру барысында тез арада пайда болған байлар мен кедейлер тобын тудырды және олардың арасындағы айырмашылық сын көтермейтін дәрежеге жетті. Оның сыртында тұлғалық қасиеттен айырылып, жаңа өмірде өз орнын таба алмай әлеуметтік аномияның (ауытқудың) әр-түрлі жолдарына (ішімдік, нашақорлық, қылмыстық т.с.с.) түсіп кеткен азаматтар қаншама?! Қоғамның басын біріктіретін “орта тап” әлі әлсіз жағдайда. Арал мен Семей аймағында экологиялық апатқа байланысты геноцидке (тұқымымен құру) түсіп жатқан қандастарымыз қаншама?! Қазақстанның көп жерлерінде ауыз-су мәселесі осы уақытқа дейін шешілмей келеді. Білім беру мен денсаулық саласында да жиналған мәселелер аз емес. Жас аналарға деген қамқорлық жоқтың қасы. Ерекше әңгіме – жастардың әлеуметтік мәселерін шешу – соның ішінде баспана мәселесі сын көтермейтін жағдайға жетіп отыр.
Бүгінгі таңда осы да және басқа әлеуметтік мәселелер қоғамдық сананың өзекті сұрақтарына айналып, ақпарат құралдарында талдануда. Олай болса, бұл мәселелер болашақта шешіледі деген үміттеміз. Жас дос, оларды болашақта шешуге сіз де ат саларсыз деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет