Реттелу транскрипция және трансляция деғгейінде жүруі мүмкін. Реттегіш қызметті хромосомалық ақуыздар (гистондар) атқарады. Олардың молекулалары оң зарядталған, теріс зарядталған фосфаттармен оңай байланысып, ДНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимераза көмегімен нақты гендердің транскрипциясына әсер етеді. Гистондар модификациясы (фосфорлану, ацетилдену, метилдену) олардың ДНҚ-мен байланысын әлсіретіп, транскрипцияны жеңілдетеді. Қышқыл гистонды емес ақуыздар ДНҚ-ның белгілі орындарымен байланысып, транскрипцияны жеңілдетеді. Ақуыздармен бір кешенде болатын төмен молеклалы ядролық РНҚ-лар да транскрипцияны реттеп, гендерді таңдамалы қосып отыруы мүмкін.
Ақуыз синтезін әртүрлі анаболизмдік стероидтар, инсулин, нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарының ізашарлары күшейтеді. Ақуыз синтезін тежеуші антибиотиктер (рифамициндер, оливомицин), кейбір ісікке қарсы препараттар (винбластин, винкристин, 5-фторурацил), модификацияға түскен азоттық негіздер мен нуклеозидтер де белгілі.
ОСӨЖ
Мына схема туралы айтып берініз? Факторлар Трансляцияның 3 негізгі кезеңін сипаттап беріңіз Инициация________________________________ Элонгация__________________________________
Терминация__________________________________
Генетикалық код кестесін қолдану ережесі Триплеттегі бірінші нуклеотид сол жақтағы бағаннан, екіншісі жоғарғы жолдан, үшіншісі оң жақтағы бағаннан алынады.