Генетикалық код кестесі Бірінші негіз (РНҚ/ДНҚ) Екінші негіз(РНҚ/ДНҚ) Үшінші негіз (РНҚ/ДНҚ)
Есептерді шешу мысалдары
1-есеп. ДНҚ тізбегінің фрагменті нуклеотидтер тізбегіне ие: Г-Т-Г-А-Ц-Г-Т-Ц-А. Генетикалық код кестесін қолдана отырып, а-РНҚ-дағы нуклеотидтердің құрамы мен ретін, т-РНҚ-дағы антикодон құрамын, синтезделуші ақуыз молекуласындағы амин қышқылдарының құрамы мен ретін анықтаңыз.
ШЕШІМІ. Комплементарлық принципі бойынша (Г=Ц, А=У) ДНҚ-ның генетикалық кодына сәйкес а-РНҚ нуклеотидтері түзіледі (транскрипция). а-РНҚ кодондарына комплементарлық қағидаға сәйкес т-РНҚ антикодондары жақындап, сутектік байланыстар арқылы қосылады. Әрбір тРНҚ триплеті генетикалық кодқа сәйкес белгілі бір амин қышқылын әкеледі. Амин қышқылдарының тізбегі-синтезелетін ақуыз. а-РНҚ-дағы нуклеотидтер реті – генетикалық код, ал т-РНҚ-дағы оларға комплементарлы триплеттер сәйкес амин қышқылдарын рибосомаға жеткізуші жәрдемшілер.
аРНҚ - дағы алғашқы үш нуклеотид ЦАЦ генетикалық код кестесі бойынша гистидинге сәйкес келеді, келесі үш УГЦ нуклеотидтері цистеинге, ал АГУ триплеті серинге сәйкес келеді. т-РНҚ антикодондары үтірмен жазылғанына назар аударыңыз.
2-есеп. ДНҚ молекуласының оң жақ тізбегінде нуклеотидтер тізбегі: А-Т-Г-Г-Т-Ц-А-Ц-Т-Г-А-Г-А-Т-Т. ДНҚ-ның сол жақ тізбегін анықтап, осы тізбектен ақпаратты а-РНҚ-ға көшіріп, синтезделетін ақуыз молекуласындағы амин қышқылдарын анықтаңыз.
2-есеп. ДНҚ молекуласының оң жақ тізбегінде нуклеотидтер тізбегі: А-Т-Г-Г-Т-Ц-А-Ц-Т-Г-А-Г-А-Т-Т. ДНҚ-ның сол жақ тізбегін анықтап, осы тізбектен ақпаратты а-РНҚ-ға көшіріп, синтезделетін ақуыз молекуласындағы амин қышқылдарын анықтаңыз.