2) Электр энергиясын тұтынушылар.
Барлық тұтынушылардың бірыңғай қасиеті электроэнергияны энергияның басқа түрлеріне өзгертуі болып табылады.(мысалы: қыздырғыш құрал) Кей кездері тұтынушыларды ауырлық түсіруші деп те атайды.
мәзір
Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары Талдау мен есептеу процесін іске асыру үшін, электрлік тізбек графикалық түрде, элементтерінің шартты белгілерімен қосылу түрлері көрсетілген, электрлік сұлба ретінде беріледі. Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары Бұл сұлбада шынайы элементтер шартты белгілерімен көрсетіледі, көмекші элементтері белгіленбейді, егер жалғау сымдардың кедергілері элементтердің кедергілерінен аса кем болса, ол ескерілмейді. Қорек көзі, ішкі кедергісі r0 бар, ЭҚК E көзі ретінде беріледі, электр энергиясының шынайы тұтынушылары оның электрлік параметрлерімен алмастырылады: актив кедергілермен R1, R2, …, Rn. R кедергісінің көмегімен тізбектегі электрэнергияны энергияның басқа түрлеріне қайтымсыз өзгертеді, мысалы, жылу немесе жарық.
Қорек көзі ЭҚК электрлік тізбекте кернеу көзімен U алмастырылған, кернеу көзінің шартты бағыты қорек қөзі ЭҚК бағытына қарсы.
Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары Электрлік тізбек сұлбасын есептеуде негізгі бірнеше элементтерді алып қарастырады.
Электр тізбегінің тармағы – бір ток өтетін тізбек бөлігі. Тармақ бір немесе бірнеше тізбектей қосылған элементтерден тұрады.
Электр тізбегінің түйіні – үш немесе одан да көп тармақтардың біріккен жері. Бір жұпқа қосылған тармақтар пареллель деп аталады. R1 және R2 кедергілері параллель тармақтарда орналасқан.
Контур – бірнеше тармақтар арқылы өтетін, кез келген тұйықталған бөлік.
артқа
Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары
Достарыңызбен бөлісу: |