Қорек көздерінің ЭҚК, тармақтардағы токтардың, түйіндердегі кернеулердің шартты бағыттарын дұрыс тауып жазу есеп шығаруда көптеген ықпалын тигізеді. Сұлбада ЭҚК, кернеулер мен токтардың бағытын оң деп
Қорек көздерінің ЭҚК, тармақтардағы токтардың, түйіндердегі кернеулердің шартты бағыттарын дұрыс тауып жазу есеп шығаруда көптеген ықпалын тигізеді. Сұлбада ЭҚК, кернеулер мен токтардың бағытын оң деп аламыз:
ЭҚК қөзі үшін – еркін алынады, бірақ сәуле бағытымен бағытталған полюс басқа полюстерге қарағанда потенциалы үлкен;
тармақтардағы токтар үшін, ЭҚК бар тізбекте ЭҚК көзімен бағыттас болу керек, қалған тармақтарда еркін белгіленеді;
кернеу үшін – тармақтағы немесе тізбек элементіндегі токтың бағытымен бағыттас болуы тиіс.
Барлық электр тізбектер сызықтық және сызықтық емес деп бөлінеді.
Сызықтық емес элементтің, мысалы жинақтағыш шам, кедергісі бар, кернеу артқан сайын кедергісінің сыйымдылығы артып отырады, сонымен қатар шамға баратын ток та артады.
Параметрі токтан тәуелсіз электр тізбегінің элементін сызықтық деп атайды, мысалы, электрлік пеш.
сызықтық электр тізбегінде барлық элементтер сызықтық болып табылады, ал сызықтық емес электр тізбегі деп, тізбек бойында ең болмағанда бір сызықтық емес элементі бар тізбекті айтады.
мәзір
Электр тізбектерін есептеу және қорытындылау Ом заңын қолданумен және Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарын қолданумен жүзеге асады. Осы заңдар негізінде барлық электр тізбегіндегі және белгілі бір тізбек бөлігіндегі токтар мәні, кернеу, ЭҚК арасындағы байланыс орнайды.