Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу



бет4/10
Дата10.04.2023
өлшемі34,85 Kb.
#81156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу-melimde.com

немесе

UR = RI

Бұл жағдайда UR = RI – кернеу деп немесе R резисторына түсетін кернеу деп атайды, ал

– R резисторындағы ток.

 

Электр тізбегін есептеуде кей кездері R кедергісімен емес, кедергіге қарсы өлшем электрлік өтімділікті пайдаланған жөн:

Бұл жағдайда тізбек бөлігі үшін Ом заңы

мына күйде жазылады:

I = Ug.

ТОЛЫҚ Тізбек үшін Ом заңы

Бұл заң, ішкі кедергісі r0 бар, қорек көзі ЭҚК Е пен тізбектегі I токтың және толық тізбектің жалпы эквиваленттік кедергісі RЭ = r0 + R арасындағы тәуелділікті анықтайды

Сонымен қатар, Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарын қолдана отырып шығаруға болады.

Кирхгофтың бірінші заңы

Электр тізбегінің кез келген түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.

мұнда m – түйінге қосылған тармақ саны.

Кирхгофтың бірінші заңы бойынша теңдік жазу барысында токтар, түйінге қарай бағытталған токтар «оң» таңбамен алынады, ал түйіннен кері бағытталған токтар «теріс» таңбаға ие болады.




А түйіні үшін

I1 = I2 + I3 немесе I1 - I2 - I3 = 0

B түйіні үшін

I3 = I4 + I5 немесе I3 - I4 - I5 = 0

C түйіні үшін

I6 = I4 + I5 немесе - I6 + I4 + I5 = 0

D түйіні үшін

I1 = I2 + I6 немесе -I1 + I2 + I6 = 0

Кирхгофтың екінші заңы

Кез келген электр тізбегінің тұйық контуріндегі ЭҚК алгебралық қосындысы барлық бөліктердегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең

мұндағы n – контурдағы ЭҚК көздерінің саны;

m – контурдағы Rк кедергісі бар элементтер саны;

Uк = RкIк – контурдың к-м элементіне түсетін кернеу.

Егер электр тізбегіне кернеу көздері қосылған болса, онда Кирхгофтың екінші заңы мына күйде құрастырылады: ЭҚК көздері мен контур элементтеріндегі барлық кернеулердің қосындысы нөлге тең



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет