Тұрақтылықтың жалпы мәселелері. Ддұ нұсқаулығында (gmp) тұрақтылыққа қойылатын талаптар. Дәрілік заттардың тұрақтылығына әсер ететін факторлар. Тұрақтылықты тексеруге қойылатын реттеуші органдардың талаптары


Дәрілік формаларда дәрілік тұрақтылықты анықтау үшін көрсеткіштерді таңдау



бет4/7
Дата15.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#74636
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 саб Асет Еркеназ

Дәрілік формаларда дәрілік тұрақтылықты анықтау үшін көрсеткіштерді таңдау.
Жалпы, ДЗ-дың тұрақтылығына әсер ететін мынандай 3 физикалық факторлар бар:
температура, жарық, ылғалдылық.
Сол себепті ДП-тарды тұрақтылыққа анықтағанда әсер ететін факторлардың белгілі бір сандық көрсеткіштерін таңдап тексеруді жүргізеді. Көрсеткіштерді таңдау тұрақтылыққа тексеру әдістерінің таңдалған түріне байланысты әртүрлі болады.
Стрессті тұрақтылықтын зерттеу
Температура-жеделдетілген тексерулерге қарағанда 10°С-қа арттылып отырады(50°С, 60°С, т.б.);
Ылғалдылық 75% ж/е одан жоғары;
Тотығу ж/е фотолиз реакциялары мен керек жағдайда қышқылдық/сілтілік гидролиз жүргізеді;
Жеделдетілген тұрақтылықты зерттеу
Температура ДП-тың мүмкін сақтау температурасынан 10-15°С-ға жоғары болады;
Ылғалдылық орташа деңгейден жоғары;
Ұзақ мерзімді тұрақтылықты зерттеу
Температура (25±2°C) сәйкесінше ылғалдылық (60±5%)
Температуры (30±2°С)сәйкесінше ылғалдылық (65±5%) болады.

Үлгілерді бақылау жиілігі дәрілік заттардың төзімділігімен айқындалады.

  • Құрамында аз төзімді дәрілік заттар бар дәрілік препараттар мынадай мерзімділікпен бақыланады:
  • 1) жеделдетілген зерттеулерде – алғашқы алты ай ішінде ай сайын, кейін қажет болған кезде үш айдан кейін;
  • 2) ұзақ мерзімді зерттеулерде – бірінші жыл ішінде үш ай сайын, екінші жыл ішінде алты ай сайын, кейін жылына бір рет.
  • Анағұрлым төзімді дәрілік заттарды зерттеулер мынадай мерзімділікпен жүзеге асырылады:
  • 1) жеделдетілген зерттеулерде – алғашқы үш ай ішінде ай сайын, кейін қажет болған кезде әр үш ай сайын;
  • 2) ұзақ мерзімді зерттеулерде – алғашқы жыл ішінде әр алты ай сайын, кейін жылына бір рет.
  • Күйзелістік зерттеулерде бақылау жиілігі температуралық сақтау режимімен айқындалады: сақтау температурасы неғұрлым жоғары болса, үлгілерді сынауды соғұрлым жиі жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет