Травматология


III. ЖАМБАС ҚУЫСЫНДАҒЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет136/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
III. ЖАМБАС ҚУЫСЫНДАҒЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ 
БЕЛГІЛЕРІ 
 
3әр жолы зақымданса, одан зәр сындырмаған кездің өзінде де қан ағады, 
жарақаттанған  тұс  ауырады,  гематома,  лизурикалық  бұзылу  /зәр  шығудың 
мүмкін еместігі/, зәр сындыруға әрекет қылған кезде шаттың немесе сыртқы 
жыныс мүшесінің қатты ауыруы, зәрдің үзіліп-үзіліп шығуы, қуықтың зәрге 
қатты  толып  кетуі  байқалады.  Жамбас  сынған  кезде  ерлер  үрпі  каналының 
жарғақша  бөлігінің  жарылып  кетуі  жиі  кездеседі.  Артқы  үрпі  каналы 
жыртылған  кезде,  әдетте  жамбастың  көк  еті  зақымданады  да,  зәрдің 
инфильтрациясы  проксимальді  түрде  қуық  айналасындағы  клетчаткаға,  ал 
дистальді  түрде  шаттың  клетчаткасына  таралады.  Кейіннен  жамбастың  зәр 
флегмонасы дамиды. Тікішек  арқылы  саусақпен тексергенде жұмсақтау ісік 
және  үрпі  каналының  зақымданған  тұсында  ауру  байқалуы  мүмкін.  Көп 
жағдайда  алғашқы  сағаттардың  өзінде-ақ  шаттың  урогематомасы 
анықталады.  Үрпі  каналы  көбінесе  жамбас  сүйектерінің  орнынан  қозғалып, 
сіңірдің  созылуынан,  кейде  сүйек  сынықтарынан  және  шат  сүйектері  мен 
зақым келтіруші заттың арасында қалып жаншылудан жарақаттанады. 
Қуықтың  зақымдануы  құрсақ  қуысының  ішінде  де,  сыртында  да  бола 
беруі  мүмкін.  Көбіне  зәр  толып  тұрған  қуыққа  қысым  түскенде  пайда 
болатын  құрсақ  қуысыңың  ішіндегі  зақымдану  кезінде  қан  мен  зәр  құрсақ 
қуысына  кетеді  де,  құрсақтың  тітіркенуін  және  басқа  да  перитониальдік 
симптомдар  тудырады.  Зәр  қысып  тұрғандай  сезілгенмен  және  қан  аралас 
зәр  мен  таза  қан  аз  мөлшерде  жиі  шығып  тұрғанмен  қуық  "бос"  болып 
шығады. Кейінірек іш пердесінің қабынуы дамиды. 
Қуық  құрсақ  қуысынан  тыс  жарылған  кезде  оның  ішіндегі  зәр  қуық 
маңындағы  клетчаткаға,  сонан  кейін  жамбас  пен  шаттың  басқа  да 
клетчаткалық  бос  орындарына  жайылады.  Қуық  маңайындағы  клетчаткаға 
зәрдің  жиналуы  жанға  бататын  ауру  тудырады,  перкуторлы  дыбысты 
әлсіретеді.  Зәр  бөлінуінің  бұзылуы  бұл  жағдайда  да  қуықтың  құрсақ  ішінде 
жарылған кезіндегісіне ұқсас болады. Сондай-ақ кейде зәр сындырып болған 
кезде  қанды  нәрсе  бөлінеді:  көп  жағдайда  қуықты  сыздататын,  бірақ  зәр 
шықпай ауыртатын жайлар болады. Алайда, жоғарыда айтылған симптомдар 
жарақаттанудан  кейінгі  алғашқы  сағаттарда  болмауы  да  мүмкін,  өйткені 


130 
 
олар  жанға  анағұрылым  бататын  басқа  аурулардың  басым  болуынан 
сезілмей қалады. Сондықтан жамбасы сынған адамды  тексергенде оның зәр 
шығаруын  да  міндетті  түрде  тексеру  қажет.  Егер  жоғарыда  айтылған 
симптомдардың  тым  болмаса  біреуі  анықталса,  онда  қуық  пен  үрпі  каналы 
зақымданған  деген  диагноздың  дұрыс  қойылғандығы.  Жара  арқылы  зәр 
шығып  жатса  немесе  жарақат  арқылы  зәр  органдарының  зақымданғандығы 
көзге  көрініп  тұрса,  бұл  зәр  жолдарының  зақымданғанының  айқын  белгісі. 
Тік ішектен қанның шығуы, саусақпен тексергендетікішекте байқалуы, жара 
арқылы нәжістің бөлінуі немесе  уретра  арқылы газдың бөлінуі  /бірі-бірімен 
байланысты  жара/  тік  ішектің  құрсақ  сыртынан  жарақаттанғандығы  туралы 
күдік  туғызуға  тиіс.  Тік  ішектің  төменгі  бөлігінің  жарақаттанғандығын 
саусақпен  тексергенде,  параректальді  клетчаткада  өрши  түскен  жанға 
бататын ісік арқылы, шаттың тік ішекке дейін жалғасқан жарақаты бойынша 
анықтауға  болады.  Құрсақ  ішіндегі  жарақат  жағдайында  бүйен  жарақатына 
тән симптомдар жиынтығы көбейеді. 
Дәрігерлік  алғашқы  көмек  көрсеткен  кезде  қуықтың,  үрпі  каналының 
және  тік  ішектің  жарақаттанғандығы  туралы  күдіктің  өзі-ақ  бұл  кезеңде 
мүмкін болатын емдеу-профилактикалық шараларды жүргізуге жеткілікті. 
Дәрігерлік  соңғы  көмек  көрсетілетін  мамандандырылған  көмек 
кезеңінде  диагностика  арнаулы  зерттеулермен  көбейтілуі  қажет.  Жамбас 
сүйектерінің  сынғандығы  жөніндегі  диагноз  рентгенография  көмегімен 
анықталады.  Жамбастың  алдыңғы-артқы  суреті  бүкіл  жамбасты  қамтуға 
тиіс.  Сөйтіп  сынған  жер  зақымның  сипаты,  жаңқалардың  көлемі  және 
олардың  жылжыған  бағыттары  анықталады.  Лабораториялық  зерттеулер 
арқылы  қанның,  зәрдің  құрамын  және  өзгеру  сипатын,  шамамен  жоғалған 
қанның  мөлшерін  анықтайды,  қосалқы  жарақаттар  мен  асқынулардың  бар-
жоғын тексереді. 
Жамбас  сынған  кезде  құрсақ  қуысынан  тыс  гематома  тудыратын 
псевдоперитональді  синдром  жамбас  ішіне  жасалатын  новокаин  блокадасы 
арқылы  түсіріледі,  бұл  жағдайда  перитониальді  синдром  жоғалып  кетеді. 
Мұның өзі диагностикалық лапаротомия жасау санын азайтады. 
Қуық  және  зәр  жолдары  зақымданды  деп  күдіктенген  жағдайдағы 
диагностиканың мақсаты ең алдымен оларда жарақаттың бар-жоғын, ал бар 
болса, қандай: тесіп өткен жарақат па, жоқ әлде тесіп өтпеген жарақат екенін 
анықтау.  Мұнан  кейін  ол  тесіп  өткен  болса,  оның  таралу  шегін, 
урогематомды  ңемесе  ісіктердің  орналасқан  жерлерін  анықтайды.  Бұл 
мәліметтер  емдеудің  осы  заманғы  әдістерін  қолдану  үшін  аса  қажет.  Бұған 
қажет  бірқатар  мәліметтерді  катетердің  үрпі  каналы  арқылы  өтуіне,  катетер 
арқылы қанның немесе зәрдің бөлініп шығуына қарай оның мөлшерін өлшеу  
арқылы  алуға  болады.  Мысалы,  қуық  құрсақтың  ішкі  жағында  жарылған 
жағдайда  белогы  мол  зәр  әдеттен  тыс  өте  көп  бөлінеді  /құрсақ  қуысының 
экссудаты бар зәр/. 
Катетер қоюдың нәтижелері бұрынғыдан да терең зерттеудің қажеттігін 
көрсетуі мүмкін. 


131 
 
Барлық диагностикалық мәсслелерді шешудің бірден-бір жолы- үдемелі 
уретороцистография болып табылады. 
Күдікті  жағдайларда  зерттеуді  уретрографиядан  бастайды.    Кедергіге 
тірелгенше  үрпі    каналына  енгізілген  катетерарқылы  40%  20  мл  сергозин 
ертіндісін  (сондай-ақ,  кардиотраст,  диоден,  натрий  бромиді,  уротраст)  және 
тағы басқаларын қолдануға болады, егер күйдіріп, кернеп кетсе, одан азырақ 
мөлшерде  жібереді  және  рентгенге  түсіреді.  Рентгенограммада  контрасты 
ерітіндінің  парауретра  тініне  еніп  құйылғаны  білінсе,  онда  ол 
урогематомалардың  тұрған  орнынан  үрпі  каналының  жарылғанының  айқын 
белгісі. 
Егер  үрпі  каналының  жарақаттану  симптомы  анық,  ал  контрасты 
рентгенография нәтижесі теріс болса, онда үрпі каналының жарақаттанғаны 
тек  шырышты  қабықпен  ғана  шектеледі,  ал  үрпі  каналы  парауретальды 
тіндермен  қатынаспайды  (тесіп  өтпеген  жарақат).  Егер  үрпі  каналының 
бүтіндігі  анық  болса  немесе  аталған  тәсілдермен  қуықтың  жарылғанына 
күдік туса, оған катетер енгізеді және осыдан кейін катетер арқылы 250-300 
мл  (ересектер  үшін)  рентгендік  контрасты  ертіндісін  150000-200000  ЕД 
пеницилинмен  араластырып  жібереді.  Бұл  араға  үрпі  каналының  зерттеген 
кездегіден ерітінді концентратының мөлшерін  2 есе аз пайдалануға болады. 
Рентген  суреттері  түсіріледі.  Суретке  екінші  рет  қуықты  босатқаннан  кейін 
түсіреді.  Контрасты  ертіндінің  құрсақ  қуысында  жиналып  қалуы  қуықтың 
құрсақ  қуысы  ішінде  жарылғандығын,  ал  қуық  маңайындағы  клеткада 
жиналуы қуықтың құрсақтан тыс жарылғандығын дәлелдейді. 
Қуықтың көп жерден жарылуы, құрсақтың іші-сыртындағы жарылудың 
қабат  келуі,  қуық  пен  үрпі  каналының  жарылуы  мүмкін  екендігін  естен 
шығармаған  жөн.  Көп  жерден  жарылған  жағдайда  цистография  арқылы 
олардың  тек  бір  бөлігі  ғана  анықталады.  Үрпі  каналы  бірмезгілде  жарылса 
көбіне  цистография  жасау  мүмкін  болмай  қалады  да,  оны  операция  кезіне 
(қуыққа  үрпі  каналының  орталық  бөлімі  арқылы  катетер  енгізгеннен  кейін) 
калдыруға  тура  келеді.  Тіпті  болмаса,  цистография  үшін  ауаны  немесе 
оттегін  пайдалануға  болады:  газдың  шат  сүйегі  үстінде  жиналуы  құрсақтан 
тыс жарылу бар екенін көрсетеді. Алайда, бұл әдіс онша сенімді емес, оның 
үстіне қатерлі асқынулар тудыруы да мүмкін. 
Тік  ішек  жарылды-ау  деп  күдіктенгенде  зерттеудің  бұдан  бұрынғы 
әдістерінен  басқа  аурухана  мекемелерінде  науқасты  ректальды  айнаның 
көмегімен  қарау  әдісі,  рентгенография  (параректальді  клетчаткалар  мен 
бұлшықеттер  арасында  газ  бар),  динамикалық  бақылау  жасау  әдістері 
қолданылуы мүмкін. 
Емдеу.  Алғашқы  медициналық  көмек  көрсету  дегеніміз  таңғыштар, 
транспорттық  иммобилизация  салу,  ауруды  басатын  дәрілер  (промедол) 
жіберу  болып  табылады.  Зембілге  (мүмкіндігінше  қатты  зембілге) 
жатқызғанда  аяқты  жартылай  бүгіп  қояды.  Екі  санды  бір-біріне  күшпен 
жақындатуға,  ажыратуға  болмайды,  оларды  жарақаттанушыға  өте-мөте 


132 
 
ыңғайлы  жағдайға  келтіреді.  Ауру  адамның  жамбасын  жалпақ  (20-30  см) 
шүберекпен немесе бинтпен бостау етіп таңып тастаған жөн. 
Шоктың  алдын  Школьников  пен  Селивановтың  әдістері  бойынша 
жамбас  ішіне  анестезия  жасау  (ауруды  басу  әдісін)  қолданған  жөн,  өйткені 
бұл әдіс қарапайым әрі дененің қалпын өзгертуді қажет етпейді. 
Анестезия  жасау  үлгісі.  Зардап  шегушіні  шалқасынан  жатқызады. 
Жарақат жақтағы сүйектің алдыңғы жоғары қырының тұсындағы теріге  йод 
тұнбасын жағады. Сүйек қырынан 1 см ішкі жақтағы теріні 0,25% новокаин 
ерітіндісімен  жансыздандырып,  ұзын  жіңішке  инені  (14-16  см)  мықын 
сүйегінің ішкі жағын ала жұмсақ ұлпа арқылы салады(92-сурет). 
Новокаинды  жібере  отырып,  инені  шприцпен  бірге  сыртқа  қарай 
қисайтады  да,  тігіс  ұшы  сүйекке  қараған  инені  күш  жұмсамай  мықын 
бұлшықеті  арқылы  сүйекті  жанай  ілгері  жылжытады.  Осыдан  кейін 
ересектерге  0,25%  новокаин  ертіндісін  бір  жағына  300-600  мл,  немесе  екі 
жағына 250-300 мл-ден жібереді. Жіберілген новокаинның ертіндісі құрсақ  
сыртының  клетчаткасы  мен  жамбас  клетчаткасын  инфильтрациялайды, 
жамбас 
сүйектерінің 
сынған 
жеріне 
сарқылады, 
жүйке 
және 
қантамырларының өрімдеріне блокада жасайды. 
Новокаинның  интоксикациясын  (уландыруын)  болдырмау  үшін 
ерітіндіге 1-2 мл хлорлы сутегілік эфедриннің 5% ерітіндісін немесе натрий 
кофеин-бензоидының 10% қосады. Жамбас маңайында іріңді инфекция өршу 
қаупі туған жағдайда новокаин ерітіндісіне 100000-нан   200000   ЕД-ға дейін 
антибиотиктер қосады. 
Сүйектің шеті жабық сынған кезде және жамбас шеңберінің тұтастығын 
бұзбайтын  сынықтар  кезінде  төтенше  жағдай  болмаса,  сынықты 
консервативтік  жолмен,  сынықты  анестезиялау,  тыныштық  жағдай  туғызу, 
матрацтың  астына  қалқан  салған  төсекте  емдейді.  Онда  бұлшықеттерді 
біркелкі босаң қалыпқа келтіретіндей етіп аяқты бүгіп қояды. Жарақаттанған 
тұсқа  аз  уақыт  (1  сағатқа  дейін)  суық  басқан  дұрыс,  3-4  күннен  кейін  аяққа 
массаж жасайды, емдік жаттығулар (жанға батпайтын), соллюкс (түрлі сәуле 
және жылылық беретін шам) т.б. белгілейді.  
 
 
92 сурет. Жамбас ішін жансыздандыруын жасаған кезде инъекция  
инесін жүргізу схемасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет