Травматология



Pdf көрінісі
бет137/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   297
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


133 
 
Бөлініп  сынып,  жаңқалары  орнынан  қатты  жылжып  кеткен  жағдайда 
(мықын  сүйегінің  алдыңғы  жоғарғы  қыры,  қылқаны  және  басқалары) 
жаңқаларға жабысқан бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіру үшін жедел 
репозиция қажет болуы мүмкін.         
Құйымшақтың ұшы шығып, сынып кетсе, онда анестезин немесе апиын 
қосылған  балауыз,  жылы  бұлау  қолданады.  Бұл  топқа  жататындарды 
стационарлық  емдеу  олардың  қимылдау  қабілеті  мен  өздігінен  жүріп-түру 
мүмкіндігіне (1-3 апта) жеткенше жалғаса береді. 
Жамбас  сүйектері  жамбас  шеңберінің  тұтастығын  бұзып  сынған 
жағдайда  шоктан  шығарып,  жаңқалар  орнынан  жылжымайтын  жағдайда 
жамбас  ішіне  анестезия  жасағаннан  кейін  жүргізілетін  емдеу  жамбас 
шеңберінің  тұтастығы  бұзылмай  сынғанда  жасайтын  еммен  бірдей  болады. 
Бірақ,  емдеу  ұзақтығы  сүйектердің  берік  бітіп  кетуі  үшін  қажетті  мерзімде 
және зақымдалған сүйектердің функционалдық маңызына қарай белгіленеді. 
Жамбас шеңберінің артқы бөлігіне механикалық күшті салмақ түсетіндіктен, 
ол  сынған  жағдайда  стационарлық  емдеу  8-12  аптаға,  ал  алдыңғы  бөлігін 
емдеу 6-8 аптаға созылады. 
Әрине,  әр  жағдайда  жамбастың  анатомиялық  функционалдық 
жағдайына қарай жеке түзетулер енгізу қажет. 
Сынған  жамбас  жаңқаларының  орнынан  жылжып  кетуі.  Жамбастың 
қапталдық  бөліктерінің  жылжып  кетуін  аяққа  қарай  тұтастай  тарту  арқылы 
жояды. 
Репозицияға  дейін  (сынған  жерді  салмастан  бұрын)  созудың  ең  абзалы 
жамбас-сан  буынын  аздап  (10-15%)  бүгу  арқылы  жасаған  жөн.  Жүктің 
(түскен күштің) салмағын (6-16 кг) жылжу жұмысына, бұлшықеттердің даму 
дәрежесіне  қарай  анықтайды.  Жылжып  кетуді  жойғаннан  жүктің  (түскен  
күштің) салмағын  шамамен  екі  есе азайтады. 
Егер  жамбастың  бір  бөлігі  сыртқа  қарай  айналып  кетсе,  онда  бір 
мезгілде  жамбасты  тарту  үшін  белбеу  салады  (74  сурет),  оның  ұштарын 
(айқастырмай)  жоғары  жаққа  мықтап  тартып  немесе  оларды  созу  жүйесін 
тігінен (әр ұшына 3 кг дейін жүк) байлап бекітеді. 
Жылжыған  бөлік  қалпына  келтірілгеннен  кейін  белбеудің  ұштары 
айқастырылады.  Сөйтіп,  жамбасты  қысу  күшейе  түседі  және  қол  жеткен 
коррекция біршама дәрежеде бекімделеді. 
Салмағы 6 кг-нан артық жүк қолдана отырып, репозиция (сынған жерді 
салғанда)  жасағанда  жамбастың  қарама-қарсы  жаққа  қарай  созылып, 
қисайып  кетпеуін  қадағалау  қажет.  Созудың  ұзақтығы  -  6-8  апта, 
стационарда емдеудің мерзімі - 10-12 апта. 
Жамбастың  сынып-шығып  және  буынның  шығып  кетуі  шат  сүйегінің 
және сегізкөз-мықынның буындасуы жеріндегі сүйектердің ажырап кетуімен 
қабаттаса  жүреді.  Бұларды  емдеу  де  жамбас  сақинасының  тұтастыгы 
бұзылып  тігінен  сынған  кездегідей  және  жамбастың  қапталдық  бөлімдері 
жылжып кеткенде емдейтін ережелер бойынша жүргізіледі. 
Жамбастың  жартысы  проксимальді  түрде  жылжымай  симфиздің 
жарылып  диастазы  (алшақтағандығы)  үлкен  болған  жағдайда  зардап 
шегушіні  тізесін  жартылай  бүгіп  шалқасынан  жатқызады  да,  жамбасты 


134 
 
гамочокпен  (жамбасты  тартуға  арналған  белбеу)  тартып  қояды.  4-8  аптадан 
кейін  4-12  ай  жамбасты  қысып  тұратын  бандаж  (бір  жерді  басып,  болмаса 
көтеріп  тұратын  белбеу)  белгілейді.  Симфиздің  алшақтығын  мүлдем  жоюға 
мүмкіндік болмағанда жекелеген жағдайларда жедел оперативтік ем қажет. 
Буын  шыққан  немесе  сынып-шыққан  жағдайда  аяқтың  басына  қарай 
тарту  арқылы  репозициялайды  (орнына  салу)  және  жамбас  арнайы 
белбеумен тартылады. Мұндай емдеу 8-12 аптаға созылады, содан кейін 4-12 
ай  бойына  бандажбен  жүру  белгіленеді.  Сыну-шығу  кездерінде  сүйектің 
тұтасып  бітуі  нәтижесінде  3  айда  жамбас  шеңберінің  тұтастығы  қалпына 
келеді  де,  бұдан  былай  бандаж  қажетсіз  болады  немесе  оны  1-2  ай  киіп 
жүрсе жеткілікті. 
Кейбір реттерде консервативті емдеу, жамбастың шыққан жақ жартысы 
созу  тоқталысымен  қайтадан  орнынан  шыға  береді.  Мұндай  жағдайда 
операция жасау (симфизиодез, илео-сакральді артродез) қажет болады. 
Ұршық  басы  орнынан  жылжымай  сынған  жағдайда  буынды 
анестезиялауды  2%  20-30  мл  новокаин  ерітіндісімен  жасаған  дұрыс. 
Инъекция  жасайтын  иненің  ұшын  санның  тамырларына  2  см  сыртқа  қарай, 
пупарт  байламының  төмен  немесе  ортан  жіліктің  алдыңғы  шетін  бойлай 
енгізеді.  Балтырға  бекітілген  манжеттен  2  кг  (ересектер  үшін)  салмақпен 
тартып  қояды.  Жамбас-сан  буынын  3-4  күннен  кейін  ширағырақ 
қимылдатуға  болады.  4  аптадан  кейін  созуды  тоқтатады  да,  2-3айға  дейін 
зақымданған  жақтағы  аяққа  салмақ  түсірмей  балдақпен  жүруге  рұқсат 
етіледі. 
Буыны  шықпай  сынып,  жаңқалары  орнынан  жылжып  кеткен  жағдайда 
репозицияны  қаңқаны  созу  жолымен  жасауға  тырысады.  Қалай  қарай  созу 
қажеттігін  және  салмақтың  мөлшерін  сынған  сүйектің  жылжу  бағытына, 
жарақаттанған адамның бұлшықеттерінің дамуына сәйкес белгілейді.  
Егер 
жылжыпкеткен 
сүйек 
қалпына 
келсе, 
созуды 
6-8 
аптажалғастырады, сыныққа 4 айғадейін салмақ  түсіруге болмайды. 
Репозицияны  консервативтік  құралдармен  жасауға  мүмкін  болса, 
сонымен  бірге,  әсіресе  жаңқалар  әжептәуір  үлкен  болса,  сүйек  штифтің 
немесе  металлоостеосинтездің  көмегімен  жаңқаларды  бекіту  арқылы  ашық 
репозиция  жасау  керек.  Мұны  жарақат  алғаннан  кейінгі  2-ші  апта  ішінде 
жасаған дұрыс. 
Ортан  жілік  бір  мезгілде  шыққан  әрі  сынған  болса,  онда  алдымен 
сенімді  түрде  жансыздандыру  арқылы  шыққан  буынды  орнына  салады,  іле-
шала  жаңқалар  орнынан  жылжып  кеткен  сынықтар  кезінде  жасалатын  емді 
қолданады.  Жамбас  шеңбері  тұтастығы  бұзылып  сынғанда  оны  орнына 
түсіру үшін жамбасты бекіту (қолмен басып, бандаж кигізу) керек. 
Ұршық  басының  шұқыры  жарылып,  санның  басы  медиальді  (ішкі 
жаққа),  жылжып  кетсе,  санның  басын  екі  бағытта  созады:  сан  сүйегінің 
мойын  бөлігінің  бойымен  үлкен  ұршық  басы  және  сан  сүйегінің  төмпешік 
үсті  тұсынан  немесе  кәрі  жілік,  ортан  жілік  бөлігі  бойымен  проксимальді  
метафизді жасайды. Сүйектің басын қалыпты жағдайға түсіргенше ұршыққа 
байлайтын  салмақ  8  кг  (дене  бітімі  орташа  дамыған  ересек  адам  үшін), 
санның төмпешігі үстіне 4 кг жүк байлайды. Жылжып кеткен сүйек орнына 


135 
 
келтірілген  соң  жүктің  салмағы  өзгертіледі,  ұршыққа  байлаған    жүк  4  кг-ға  
дейін  азайтылады,  ортан  жіліктің  төменгі  бөліміне  байланған  жүк  8  кг-ға 
дейін көбейтіледі. Егер репозиция (орнына салу) сәтті болса, созуды 6-8 апта 
бойы  жалғастырады.  Содан  соң  физиотерапия,  емдік  жаттығулар 
белгіленеді.  Жарақат  алғаннан  кейінгі  6  айдың  соңына  дейін  аяққа  салмақ 
түсіруге тыйым салынады. 
Сынып-шығып кеткен сүйектерді орнына келтіру мүмкін болмаған және 
сынықтың  орнынан  жылжуы  әжептәуір  болған  жағдайда  ашық  репозиция 
жасау  керек.  Ал  бұл  да  мүмкін  болмаса  және  қарама-қарсы  буын  жақсы 
жұмыс істептұрса, артродез (қозғалмайтын буын) жасау қажет. 
Жамбастың  ашық  сынығын  емдеу  жарақатты  хирургиялык  тазалаудың 
барлық  ережелерін  ескере  отырып  жүргізіледі.  Қуық  пен  үрпі  каналы 
тесілмей жарақаттанса, консервативті емдеу де жеткілікті, гематурия (қанды 
несептің бөлінуі) болса, гемостатикалык дәрі-дәрмектер (кальций хлоридінің 
10%  ерітіндісі,  желатин  және  т.б.)  қолданылады,  зәр  шығару  қиындаса  3-4 
күнбойына  тұрақты  катетер  қояды,  ал  тесіліп  жыртылған  жағдайда  зәрді 
сыртқа  шығаратын  және  урегематомаларды  түтік  арқылы  сорғызатын, 
зақымданған  органдардың  анатомиялық  тұтастығын  қалпына  келтіретін 
хирургиялық  әрекет  қажет.  Зардап  шеккен  адам  шоктан  әбден  шыққаннан 
кейін,  жоғалған  канның  орнын  толтырған  соң  және  операция  алдында 
жамбас ішіне профилактикалық анестезия жасағаннан кейін ғана оперативтік 
ем жүргізіледі. 
Қуық  кұрсақ  ішінде  жарылған  жағдайда  астыңғы  лапаротомия 
жасалады,  қуықтың  жарасын  тігіп,  тігісін  мұқият  перитонизациялайды  және 
құрсақ куысын құрғатады. 
Перитонит  (іш  пердесінің  қабынуы)  болған  кезде  құрсақ  қуысына 
антибиотиктер  ерітіндісін  қайталап  құю  үшін  микроирригатор  қалдырады. 
Операцияны  қуықтың  алдыңғы  үстінен  тесік  жасаумен  аяқтайды,  ол  зәрді 
уақытша  7-8  күн  сыртқа  шығару  үшін  қажет.  Өте  сирек  жағдайларда 
операциядан  кейінгі  кезеңде  зәрді  тұрақты  катетердің  көмегімен  шығаруда 
(зақымның  көлемі  аздығына  толық  сенімді  болған  жағдайда)  операцияның 
ерте  жасалуы,  қуық  бұлшықеттерінің  жақсы  болуы,  жарылған  жердің 
кішкене болуы жеткілікті. 
Қуыққұрсақ  сыртында  жарылған  жағдайда  міндетті  түрде  касағаның 
буындасуының  үстінен  тұрақты  катетер  қою,  урогематомалы  немесе 
кейінірек жамбасқа құйылған зәрді түтік арқылы шығару керек. 
Егер  бұл  қуықты  оншалықты  қалыңдатпайтын  және  оның  қан 
айналымына зиян келтірмейтін болса, онда қуықтың жарасын тігуге болады. 
Мүмкіндігіне карай кейбір жараларды қуыктың ішінен тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет