Травматология



Pdf көрінісі
бет138/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Операция  техникасы.  Науқастың  жамбасын  көтеріп,  шалқасынан 
жатқызады.  Анестезияны  басым  түрде  бір  жерге  жасайды.  Шат  сүйегінің 
орта  бойымен  ұзындығы  6-8  см  етіп  қуық  үстіндегі  клетчаткаға  дейін  әр 
қабатын  жеке  тіледі.  Бұл  жағдайда  қуық  алдындағы  урогематома  ашылуы 
мүмкін.  Жарақат  құрғатылып,  мұқият  қанаған  ұсаққан  тамырлары 
байланады.  Қуық  үстіндегі  клетчатканы  ысырып,  құрсақтың  ауыспалы 
қатпарын  жоғары  карай  жылжытады.  Бұлшықеттері  топтасқан  тамырлары 


136 
 
көлденең  орналасқан  қуыктың  қабырғасы  көрінеді.  Қуыққа  кіргізілген 
катетер  арқылыфурацилин  (1:5000)  ерітіндісін  құйып,  оның  ағуына  қарап 
қуықтың зақымданған жерлерін тез табу керек. 
Қуықты мүмкін болғанынша жоғарырак, бір-бірінің арасын 1-1,5 см етіп 
екі  жерден  тігіс  салады  да,  алдымен  олардың  арасындағы  бұлшықетін,  одан 
кейін  былжыр  қабығын  тіледі.  Пайда  болған  тесік  арқылы  қажет  болған 
жағдайда  саусақпен  куықтың  ішкі  жағын  байқайды.  Тесікке  дренаж  резеңке 
түтік  енгізіледі.  Дренажды  жылжытқан  кезде  қуық  онымен  бірге 
жылжығанша  қуықтағы  тесікті  кетгутпен  екі  катар  етіп  тігеді.  Қуықты  екі 
кетгут  тігіспен  (апоневрозға)  шандырға  тігіп  тастайды.  Қуық  маңайында 
урогематома  (зәр  аралас  канды  ісік),  зәр  инфильтрациясы  немесе  зәр  аққан 
жағдайда  Куприянов  тәсілі  бойынша  қуық  маңы  клетчаткасын  дренаждау 
жүзеге  асырылады.  Бұл  үшін  корнцангпен  (хирургиялық  қысқышпен) 
қуыктың  бүйірінен  жамбас  диафрагмасы  арқылы  артқы  тесік  пен  ұма 
арасына  тоннель  жасайды,  корнцангтің  ұшымен  тіледі,  дренаж  жасайтын 
түтікті ұстап, сонан соң оның ұшын қуық маңындағы клетчаткаға шығарады, 
ал қажет болса жеке тесік арқылы іш пердесінің қабырғасына дейін апарады. 
Зәр  жамбастың  қаптал  бөліміндегі  клетчаткаға  карай  аға  бастаған  жағдайда 
оны  пупартты  (шоғырлы)  байламдардың  сыртқы  бөлімдерінің  үстіндегі 
жекелеген  тіліктер  арқылы  дренаждауды  жүзеге  асырады.  Іш  пердесі 
қабырғасының  жарақатын  дренажға  дейін  жеке  қабаттар  бойынша  тігіп, 
сонан  соң  түтікті  теспей-ақапоневрозға  (шандырға)  немесе  теріге  бекітіп 
тастайды. 
Іш  пердесінің  алдыңғы  кеңістігіне  бір  тілік  резеңке  енгізеді.  Операция 
жасалған  жарақаттың  айналасындағы  жұмсақ  ұлпаны  антибиотиктер 
қосылған 0,25% новокаин ерітіндісімен қайталап инфильтрациялайды. Үстіне 
асептикалық таңғыш салады. 
 
93 сурет. Қуыққа, қуық маңындағы кеңістікке және отырықшы-тік ішек 
ойығына дренаж қою. а — сыртқы көрінісі, б — жамбас сүйегіндегі көрінісі, 
в — тік кесіндідегі көрінісі; 1 — қасаға үстілік зәрқуықтық дренаж, 2 — 
жапқыш тесік арқылы дренаждау , 3 —жамбас қуысын  шапаралық тәсілмен 
дренаждау 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Операция жасағаннан кейінгі кезеңде қуықты күніне 4-6 рет фурацилин 
ерітіндісімен  жуады.  Дренаждау  (құрғату)  әдетте  10-14  күннен  аспайды. 
Қуықты  дұрыс  әрі  тұрақты  түрде  босатып  отыру  үшін  бір  мезгілде  әдеттегі 


137 
 
жолмен  немесе  операция  кезінде  зәр  шығаратын  каналдың  ішкі  тесігі 
арқылы тұрақты резеңке катетер енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет