Травматология


Бүгіліп сынғанда орнына салу



Pdf көрінісі
бет153/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Бүгіліп сынғанда орнына салу 
Бұл  жағдайда  сынған  соң  шынтақ  буыны  бүгулі  қалыпта  тұрады. 
Орнына салу үшін жоғарыда айтылғандай екі көмекшінің біреуі бір қолымен 
білектің жоғарғы 1/3 бөлігінен екінші қолымен білектің төменгі 1/3 бөлігінен 
ұстап,  тоқпан  жілік  осі  бойымен  төмен  қарай  тартады.  Содан  соң  бірінші 
көмекші алақанмен білекті максимальды супинация жасап, алақанмен білекті 
жоғары  қаратып,  шеткі  бөліктің  жалпақтық  деңгейін  ортаңғы  бөліктің 
жалпақтық  деңгейіне  сәйкестендіреді.  Максимальды  супинациядан  кейін 
бірінші  көмекші  шынтақ  буынды  орта  есеппен  160-180˚  біртіндеп  жазады. 
Себебі  шеткі  бөлікті  орталық  бөлікке  апару  керек  (негізгі  сүйекті  орнына 
салу принципі бойынша). Осы кезде дәрігер артынан екі жақ бүйірінен саты 
бар  жоғын  анықтайды.  Көлденең  деңгейде  сатыланып  тұрса  екі  жағынан 
алақанмен сыртқы-ішкі жағынан ұстап  орнына салады. Сол қалыпта гипстік 
лонгетті  иықтан  алақанға  дейін  салады.  Тексеріс  рентген  жасап,  орнында 
тұрса осы қалыпта жасына байланысты балаларда 1-2апта өткен соң шынтақ 
буынын  100-110˚  дейін  бүгіп  тағы  да  2  аптаға  салып  береміз.  Осы  мерзім 
өткен  соң  гипсті  алып,  шынтақ  буынына  УВЧ,  СМТ,  амплипульс,  парафин, 
тоқпан  жілік,  білек  еттеріне  массаж  жасау,  жылы  ваннада  қозғау 
гимнастикасын  үйретеміз.  Балаларда  шынтақ  буынына  ешқандай  массаж 
жасауға  болмайды.  Өйткені  буынды  құрайтын  сүйек  ұштарында 
өсіндікшелері  болады.  Оларға  механикалық  тітіркену  жасағанда  олардың 
көлемі  үлкейіп  өсіп  кетуі  мүмкін.  Сондықтан  буында  қозғалыс  деңгейінің 
шектелуі мүмкін.  
Балаларда  шынтақ  буынына  қозғалыс  гимнастикасын  (разработка) 
жасағанда  әдіскер  балаға  сау  қолымен  сынған  жақ  қолының  білек  буынын 
ұстатып,  білекпен  тоқпан  жілікті  стөлдің  үстіне  көлденең  деңгейде 
орналастырып  балаға  шынтақ  буыныңды  өзің  біртіндеп  ауырғандығын 
сезгенінше бүгіп, жазып қозға дейміз. Ауырған кезде тоқтат деп, кейін қайта 
жазуын өтінеміз. Осылай біртіндеп қозғалыс деңгейін қалпына келтіреміз. Ол 
гимнастиканы жылу емін алған соң жасаған дұрыс болады.  
Сүйектер жабықтай орнына түспесе онда операция жасалады. Операция 
жасағанда көбінесе тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігіне білектің жоғарғы 1/3 
бөлігіне  дейін  жұмсақ  тіндерді  тіліп,  бұл  кезде  жүйке  бағаналары  мен 
олардың  тарамдарының  қай  жерден  өтетінін  естен  шығармай  резеңке 
ленталармен  көмекші  жоғары  сыртқа  қарай  көтеріп  тұрады.  Сынық 
бөліктерін  тауып  алып,  сынықтарды  орнына  ашықтай  салып,  оларды  екі 
айқасымды сыммен айдаршықтардың сыртқы және ішкі жағынан енгізіп  
тоқпан  жіліктің  төменгі  1/3  бөлігінен  диафиздің  қатты  қабырғасынан  тесіп 
шығарамыз.Сымның  шығып  тұрған  ұштарын  иіп  қоямыз.  Шынтақ  буынын 
100-110˚  бүгіп  иық  буынынан  алақанға  дейін  гипсті  3-4  аптаға  саламыз. 
Айтылған  мерзім  өткен  соң  жоғарыда  айтылған  консервативті  емді  толық 
қозғалыс көлемін алғанынша жалғастырамыз.   
Айдаршық ұстілік  жазылмалы  сынықты  жабықтай  орнына  салу:  тоқпан 
жілікті  өстік  бойымен  төмен  қарай  тарту,  білекті  пронациялық  қалыптан 
супинациялық  қалыпқа  ауыстыру;  тоқпан  жіліктің  төменгі  басының 
жалпақтық деңгейін бір қалыпқа келтіру, шынтақты біртіндеп 60˚-қа бүгу. 


151 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет