205
Кеудені тыңдағанда өкпенің ауырған жағында дем алысы әлсірегені
байқалады, ал бірнеше сағаттан кейін плевраның үйкеліс шуылы естіледі.
Бірнеше күннен кейін өкпеде дымқыл сырыл пайда болады, плевраның
қуысына қанды сұйық жиналады. Ауырғанның 3-7 күні қан түкіру пайда
болады. Тыңдағанда өкпенің артериясының үстіңгі жағынан екінші тонның
акценті пайда болады, ЭКГ-да жүрекке күш түскендік байқалады, жүректің
бұлшықетінде гипоксия болады. Өкпе артериясының тромбоэмболиясын
рентгенмен тексергенде пневмонияға ұқсаған көлеңке көрінеді, өкпе
көлемінде қан тамырлы суреті азаяды, өкпе түбі /тамыры/ "кесінді" сияқты
болады. Қанның ұюы жылдамдап, ұю уақыты қысқарады. Протромбиннің
көрсеткіші 100% және одан да жоғары болады. Өкпе артериясының
тромбоэмболиясына профилактика жасау үшін ауруға бірінші күннен бастап
дегидратациялық дәрілер және кері әсер ететін антикоагулянттар
береді,ертерек емдік гимнастика жасайды.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясының емі комплексті болу қажет.
Сондықтан да ауруға тура және керіәсер ететін антикоагулянттар,
дезагрегациялық дәрі, қан тамырларын кеңейтетін және антигистаминді
жүрек-қан тамырлыдәрілер беру керек.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясына толық диагноз қойылғаннан
кейін венага 10000 ЕД гепарин және 100000 ЕД фибринозилин дәрілерін
тамшылатып 6 сағат ішінде құю керек. Қанның ұю уақытын 20 минутқа
дейін қадағалап отыру керек. Кейіннен 5000 ЕД гепаринді әрбір 4
сағатсайын құю қажет.
Екі күн өткеннен кейін гепариннің дозасын 20000 ЕД (5000 ЕД 4 рет)
дейін азайтады, кейіннен 10000 ЕД-ға дейін (2500 ЕД-ны 4 рет) төмендетеді.
Қанның ұюын тұрақтандырғаннан кейін, 6 күннен соң ауруға бұрыс (кері)
әсер ететін антикоагулянт-фенименді 0,03 грамнан 3 рет береді.
Қанның жабысқақтығын азайту үшін және микроциркуляцияны
жақсарту үшін бір күннің ішінде 800 мл реополиглюкинге 5% С витаминінің
ерітіндісін венаға тамшылата құю қажет. Қосымша венаға 0,5%-тік новокаин
ерітіндісінен 200 мл және 5%-тік глюкозаның ерітіндісін қүяды.
Спазмолитиктік дәрілерден 2%-тік 2 мл но-шпа ерітіндісін және 1 мл
компламин ерітіндісін вена тамырынажібереді.
Достарыңызбен бөлісу: