Травматология



Pdf көрінісі
бет214/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Клиникасы.  Бүйрек  қызметінің  тапшылығының  білінуі  диурездің 
өзгеруіне байланысты. Ауру күрделі жарақат алып жарақаттық шокта болса, 
не көп қан  кетіп жарақаттанған адамда олигурия немесе анурия пайда болса, 
ауруда  бүйрек  қызметі  тапшылығының  басталғаны  деп  білуге  болады. 
Сондықтан  да  диагноз  уақытында  анықталу  үшін  төмендегідей  шаралар 
қолдану керек: 
1. Аурудың  қуығына тұрақты катетер қойып, дәретін әрбір сағат сайын 
есептеп отыру қажет. 
2.  Егер  қан  араласқан  дәрет  шықса,  контрастысыз  және  контрасты 
заттармен рентгендік тексеру қажет. 
3. Алғашқы  және  кейінгі  алынған  дәреттің  қүрамынтексеру  қажет. 
Натрийдің  азайып,  дәреттің  меншікті  салмағы  көбейсе  олиго-анурияның 
басталғанын  көрсетіп,бүйрек  қызметі  тапшылығының  алғашқы  сатысы 
екенінбілдіреді. 
Бүйрек  қызметі  тапшылығының  клиникалық  ағымы  4  сатыдан  түрады. 
Алғашқы  сатысы,  олиго-анурия  сатысы,  диурездің  қалпына  келу  сатысы, 
жазылу сатысы. 


207 
 
1. Алғашқы сатысы. Жарақат күрделі болып, оның шокпен және көп қан 
кетумен  асқынған  жағдайында  басталады.  Бұл  сатысы  бірнеше  сағаттан  2-3 
күнге созылады және бүйректің қызметі онша бүлінбейді. 
2.  Олигоанурия  сатысы  3  жұмаға  созылып,  ертерек  гиперкалиемия 
болып  емдеу  өте  қиынға  түседі.  Бірінші  күннен  ацидоз  болып, 
декомпенсацияға әкеп соғуы мүмкін. 
Мұндай  олигурияның  себептерін  жоюдың  бірден-бір  жолы  жарақаттық 
шокқа  қарсы  күресу,  азайған  қанның  орнын  толтыру  және  интоксикацияға 
қарсы  күресу  болып  табылады.  Мұндай  ем  жүргізгенде  диурез  қалпына 
келіп, бүйректің қызметі әрі қарай дамиды.  
Егерде  аурудың  дәретін  тексергенде  дәреттің  меншікті  салмағы  тым 
төмен  түсіп  кетсе,  натрий,  азоттық  шлак  аз  болса,  ал  микроскоппен 
қарағанда  дәрет  түнбасында  протейнурия,  барлық  формалық  элементтер, 
цилиндрлер, белоктар, бос жүрген гемо және миоглобиндер болған жағдайда 
ауруда  олигурия  сатысы  басталғанын  көреміз.  Бұл  жағдайда  гиперазотемия 
болып,  қанда  әр  күн  сайын  азоттық  шлактардың    өскенін  көреміз.  Ауру 
есінен  танады,  дем  алу  жылдамдайды,  тамыр  соғысы  да  жылдамдап,  қан 
қысымы тұрақты болмай көбеюге мүмкіндік туады. 
3. Диурездің қалпына келу сатысы аурудың диурезінің көлемі 1500-2000 
мл жеткенде болады. Бірақ, диурездің келемі көбейгенімен бірінші 7-10 күн 
ішінде аурудың жағдайы әлі де болса қиын жағдайда  болады. 
Аурудың әлі де болса қиын жағдайда болуы дәрет пен қанда азоттың көп 
болуы,  электролиттік  баланстың  көлемді  өзгеруінен  және  иммунологиялық 
реактивтік  жағдайының  төмендеуінен  туындайды.  Аурудың  барысы 
жағымды  өтіп,  дұрыс  уақытында  емделсе  бүйрек  қызметінің  тапшылығы 
басталғаннан  кейін  2-4  жұма  өткен  соң  жазылу  сатысы  басталып  6-12  айға 
созылады.  Бұл  уақытта  ауруда  негізгі  жарақаттан  алғанқалдықтар  қалып, 
ауруда анемия сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет