Травматология



Pdf көрінісі
бет212/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
МАЙЛЫ ЭМБОЛИЯ 
Сынықтың  ертерек  кездесетін  күрделі  асқынуларының  бірі  -  майлы 
эмболия.  Жекелегең  сынықтарда  майлы  эмболия  3-6%-ке  дейін  болса,  
көптеген  сынықтарда  -  27,8%  кездеседі.  Майлы  эмболия  20  мен  30  жаста 
(балтыр  сүйектері  сынғанда)  және  60  пен  70  жас  арасында  сан 
сүйегініңмойыны сынғанда болады. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  және  милы  түрі  болады,  ал  кейде  екеуі 
қосылып кездессе жалпы денеге тараған түрі деп атайды. 
Клиникасы. Май эмболиясында өзіне тән белгілері болмайды. Ең өзіне  
жақын  белгілерінің  бірі  кеудеде,  іште,ішкі  мүшелерде,  қолда  петехиялық 
бөртпелер  мен  ұзақ  қан  құйылулар  2-3-ші  күні  пайда  болады.  Көпшілігінде 


206 
 
майлы эмболияның белгілерінің бірі гемоглобиннің төмендеуі, себебі өкпеге 
қан құйылады. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  түрінде  ауруға  ентікпе,  көгергендік, 
тахикардия  пайда  болып,  артериялық  қысымы  төмендейді.  Өкпе 
артерияларының үлкен тармағы маймен бітелсе ауруды өлімге душар етеді. 
Майлы  эмболияның  милы  түрінде  бас  айналады,  бас  ауырады,  есінен 
танады, жалпы әлсіздік болады, құсады. 
Емдеу.  Майлы  эмболияны  емдеу  шоктың  алдын  алу  емінен  басталып, 
антикоагулянттар  береді,  қатаң  төсектік  тәртіп  болу  керек,  трасилолдық 
протеаздың 
контрикалдық, 
эпсилонаминокапронды 
қышқылының, 
реополиглюкиннің,  гемодездің,  гидрокартизонның,  эуфиллиннің,  кокар-
боксилазаның, кордиаминнің, строфантиннің, ингибиторларын бір жұманың 
ішінде 
береді. 
Венасы 
арқылы 
тұзды 
глюкозалық 
ерітіндісін,  
декстрандардың  ерітіндісін, антигистаминдік дәрілер жібереді. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  демалу  түрінде  оттегімен  деп  алдырып, 
аурудан  300-400  мл-дей  қан  ағызу  қажет.  Венасы  арқылы  көп  етіп  қан 
орнына  қолданатын  дәрілер  мен  қанды  құюға  болмайды.  Себебі,  аурудың 
артериялды қысымы көбейіп эмболдарды өкпе бассейндерінен әрі қозғап қан 
айналымды үлкен шеңберге шығарып майлы эмболияға айналдыруы мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет