БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ Ауыр жарақаттан кейін бүйрек қызметінің тапшылығы екіншілеп пайда
болады. Бүйрек қызметі тапшылығының даму негізі бүйрек ішіндегі қан
айналысының бұзылуынан (макро және микроциркуляциялар) болады.
Мұндай жағдай көбінесе жарақаттық шок болғанда, жедел көп қан кеткенде
және токсикоаллергия факторлары әсер еткенде болады. Жарақаттық,
аурулық факторлары, токсемия бүйректің сыртқы қабатының қан айналысын
төмендетеді, бүйрек қан тамырлары қысылады. Микроциркуляция бүлінеді:
алдымен қан тамырлары қысылып, кейіннен паралич болады да, тамыр
ішінде тромб пайда болады.