І. С-тәрізді қисаюда бір ғана қисаю доғасы болады. Ол көбінесе
омыртқа жарақатынан кейін, жотаның туберкулезбен ауырғанында немесе
қисаюдың алғашқы біліністері ретінде болуы мүмкін.
ІІ. S - тәрізді қисаюда – омыртқа жотасында екі қарама қарсы жаққа
қараған иiліc доғасы болады. Мұндайжағдайда көбінесе компенсаторлық S -
тәрізді қисаю болғанда, алғашкы доға иілімі екінші иілімге қарағанда
біршама үлкен болады. Бұған тез арада жедел дамып кетуге икемділік басым
болады. Компенсаторлық S - тәрізді қисаю сирек кездеседі. Ондай жағдайда
бел жене кеуде бөліміндегі иілістер бір мезгілде пайда болады және олардың
иiлiм дережелері бірдей болады және де екеуі де алғашқы біріншілік иілім
болып табылады. Бip уақытта дамып, өсіп бірін-бipi теңдес ұстайды,
сондыктан ондай қисаю біртіндеп дамиды.