Омыртқа қисаюына диагноз қою және оның белгілері Кеуде немесе бел маңында пайда болған қисаю доғасы әрқашанда
компенсаторлық қарама-қарсы иілімнің пайда болуына әкеледі. Оң жақтық
қисаю доғасы әрқашан омыртқаның бұрылуын сағат тілі бойына әкеледі, ал
сол жақтық қисаю сағат тіліне қарама қарсы бұрылуына әкеледі. Аурудың
алғашқы сатысында, омыртқа иілімі онша білінбейді, оны анықтау тек
қосалқы белгілері арқылы ғана анықталады: иық бойы әртүрлі деңгейде
болуымен жауырынның кеуде бөлімінің қисаюында және мықын үш
бұрышының бір тектес болмауы бел маңының қисайғанында болады. Басып
көргенде омыртқаның ұзын қанаттарының орталық деңгейден ауытқуы. Осы
өсінділердің иілген доғасын анықтау үшін ҮІІ- мойын омыртқаның ұзын
қанатынан салмақпен жіп түсіріп, ал ұзын қанаттары қаламмен белгілеп
барып қарағанда нақты білінеді. Қисаюдың алғашқы сатысында доғаның
иілім жағындағы еттердің тартылып тұрғандығы (тығыздалып) білінеді, ол
омыртқаның өстік бойында бұралғандығын анықтайды. Аурудың дами
түскен кезінде нақты белгілері анықтала түседі де кеудеде қабырғалық
құныстық біліне бастайды.
Омыртқа бел маңынан қисайғанда омыртқалар өзінің өстік бойында
бұралып және жамбастың бір жағына еңкіштігі байқалады. Омыртқаның өте
ауыр өзгерістерінде (ІҮ- дәрежесінде) тыныс, жүрек-қан тамырларының
жетіспеушілігі, жота-жұлындықбелгілер байқалады.
Қисаюдың клиникалық белгілері оның түріне, деңгейі мен дәрежесіне
тікелей байланысты. Омыртқаның қисаю түріне қарай: С-тәрізді, S- тәрізді
және тотальды тұтасқан қисаю деп бөледі.