Травматология


Омыртқа  қисаюының  негізгі  себептері



Pdf көрінісі
бет259/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Омыртқа  қисаюының  негізгі  себептері.  Құрылымдық  қисаю  деп 
бөледі,  оның  ерекшелігіне  типтік  жоба  өзгеруімен  омыртқаның  өстік 
бойында  бұралуы  және  функционалдық  немесе  статикалық    қисаюдың 
болуына  негізгі  себептер:  аяқтардың  қысқаруы  немесе  патологиялық  мүсін 
өзгерістері және ол әрқашанда қайтымды түрде өтеді.  
А.  И.  Мовшовичтың  айтуына  қарағанда  құрылымдық  қисаюдың  түпкі 
себебі,  омыртқаның  біркелкі  өсіп  жетілмеуіне  себепші  болатын  жағдай 
омыртқа  денесінің  өсіндік  түбірлерінің  дамуының  тежелуі,  әсіресе  иілім 
жағында  бір  немесе  бірнеше  омыртқалардың  өсіндік  түбірлерінің  қалыпты 
өсіп  дамуымен  байланысты  деп  атайды.  Жалғамды  тіндердің  мықтылығын 
(төзімділігін)  азайтуға  негізгі  себепші  болатын  зат  алмасу  гормоналдық 
өзгерістері  мен  статико-динамикалық  бұзылыстар  біріншілік  туа  болған 
немесе жүре пайда болған факторлар деп саналады. 
Сондықтан қисаюдың ұлғаюына негізгі үш себеп болады: 
І. Омыртқа, омыртқа аралық шеміршектер, жұлындағы диспластикалық 
өзгерістер, 
негізінен 
алғашқы 
патологиялық 
себептер 
есебінде 
омыртқалардың қалыпты дамып өсуін тежейді.  
ІІ.  Гормоналдық  немесе  зат  алмасу  өзгерістері  омыртқа  жотасының 
тұтастай  бір  бөлігінде  алғашқы  әсер  жасап,  денеге  жалпы  патологиялық 
құрылым ретінде әсер етеді. 
ІІІ.  Омыртқалардың  құрылымдық  дамып  жетілу  кезеңдерінде  негізгі 
әсер ететін себебі статико-динамикалық бұзылыстар. 
Осы үш әсердің бірегей өту кезеңінде қисаю үдемелі дамып, ұлғаюына 
себепші болады. 
Егерде 
ауруға 
алғашқы 
себепші 
омыртқаның 
сүйектерінің 
хондропатиясы  себепші  болса,  ал  екінші  себепші  (фактор)  болмаса,  онда 
қисаю  деңгейі  өршімей,  біртіндеп  қисаю  түрі  кездеседі.  Ал  егер  тек  қана 
(статико-динамикалық бұзушылық) қана болса, онда функционалдық немесе 
статикалық қисаю  процессі дамиды. 
Қисаю  деңгейінің ұлғаюы  немесе  өршіп  дамуы  жасына  және  қаңқаның 
қалыпты өсу жылдамдығына тікелей байланысты. 
Омыртқа  денесінің  өсуі  біркелкі  жүрмеген  жағдайда  қисаюдың    иіліс 
жағындағы  жалғамдары,  еттерімен  байламдары  қысқарып,  ал  қарама  қарсы 
жағындағы  еттер,  жалғам  мен  байламдар  созылып  кетеді.  Осындай біркелкі 
жетілмеушіліктер  әсерінен  еттік  контрактура,  тұрақты  қалыпқа  айналады. 
Осының  әсерінен  омыртқаның  аздаған  қисаюы,  динамикалық  теңдестіктің 
бұзылуына  әкеліп  имек  жаққа  салмақтың  көп  мөлшерде  түсуіне  әсер  етіп, 
омыртқаның  эпифизарлық  өсінді  шеміршегінің дұрыс  өсуіне  кедергі  жасап, 
омыртқа  денесінің  бір  жағының  сына  тәрізденіп  өсуіне  әкеліп  соғады. 
Сонымен  бірге  статикалық  салмақтың  әрі  қарай  әсер  етуіне  байланысты, 
еттердің біркелкі таралмауы және физиологиялық иілімдерді ескере отырып 
байқағанда  омыртқалардың  көлдненең  бұрылуы  және  барлық  омыртқа 
жотасының  өстік  бойында  бұралуына  әкеліп  соғады.  Осы  өзгерістер  кеуде 
бойының қаңқасының бұзылуы мен қабырғалық кұныстыққа әкеледі. 


239 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет