255
б) Рейнберг кестесі
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Жамбас сүйегінің үстіңгі шеткі жиегінен түсірілген тік сызық
Омбреденна сызығы. Ол ортан жіліктің жоғарғы басынан жамбас
шұқырынан қанша алшақ тұрғанын көрсетеді (латеропозиция). Бұл үшін екі
жамбас сүйектің У-сықылды шеміршектері арқылы көлденең сызық
жүргізеді /Келлер сызығы/, ортан жілік диафизінің ең биік нүктесінен
көлденең сызыққа тік сызық жасалады. Мөлшермен бұл тік сызықтың
ұзындығы 1-1,5 см, оны һ - белгімен атайды. Жамбас шұқыршағының
түбінен тік сызыққа дейін мөлшермен 1-1,5 см, бұл қашықтықты d-әрпімен
белгілейді. Кейінгі ғалымдардың көрсетуіне қарағанда һ қашықтығы у
тәрізді сүйектің сыртқы жиегінен ортан жіліктің ішкі жиегіне дейінгі
қашықтық қалыпты жағдайда 0,2 мм артық болуға тиісті емес. Егер
тексерілген балада сан басының іштен туа шыққаны болса һ-қашықтығы
кішірейеді, ал d-ұзарады. Жамбас шұқыршағының түбінен шұқыршақтың
шеткі төбесіне дейін жанамалы сызық жүргізілгенде пайда болатын
бұрышты индекс деп атайды. Бұл жаңа туған балаларда 26-30° мөлшерде
болса, екі жастағы балаларда 20° болады. Егерде жаңа туған балада буын
дисплазиясы болса, жамбас шұқыршағының толық жетісіп өспеуіне
байланысты бұл индекс 26-30°-тан көп болады.
Қорыта келе айтатын жағдай: егер дәрігер тәжірибелі, әдетті болса әр
уақытта жас баланың жамбас-сан буынының клиникалық және рентгендік
бағасын уақытында бере алады да, ауру баланы емдеуге толық мүмкіншілігі
болады.
Достарыңызбен бөлісу: