Бір жастан асқан және үлкен адамдарда рентген бойынша ортан
жілікбасының шығуының бес дәрежесі болады:
I дәреже- ортан жілікбасы жамбас шұқыршағының тұсында шеттеу
тұрады.
II дәреже-ортан жілікбасы У-тәрізді шеміршектерден өткізілген
көлденең сызықтан жоғары жамбас шұқыршағының төбесінен жоғарырақ
тұрады.
III дәреже-ортан жілікбасы жамбас шүқыршағынан жоғары тұрады да,
ортан жілікбасының жартысы жамбассүйегінің көлеңкесімен жабық тұрады.
IV дәреже-ортан жілікбасы толығымен жамбас сүйегінің көленкесімен
жабылады.
V дәреже-ортан жілік басыжамбас сүйегінің үстіңгі қырының жанында
тұрады. Тағы да рентген арқылы ортан жіліктің үстіңгі жағынан алға қарай
өз кіндігінен айналғанын /антеторсия/ анықтауға болады және диафиз-мойын
бұрышы анықталады.