Травматология


V ТАРАУ.  ТУА БОЛҒАН МАЙМАҚ АЯҚ



Pdf көрінісі
бет290/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   297
 
ТАРАУ.  ТУА БОЛҒАН МАЙМАҚ АЯҚ 
Іштен туа пайда болатын аяқ-қол ауруларының ішінде маймақ аяқ Т. С. 
Зацепинның мәліметі бойынша 35,8% кез-деседі. 
Маймақ аяқ - іштен туа пайда болатын аяқ буындарының конрактурасы 
(қатаюы). Ең басты клиникалық белгілері мынадай болады: эквинус (аяқтың 
табанға  қарай  балтыр-аяқ  буыны  арқылы  бүгілуі),  аяқтың  супинациясы 
(аяқтың  ішке  қарай  бұрылуы),  аяқтың  аддукциясы  (аяқтың  алдыңғы 
жағының ішке қарай қисаюы). 
Бұл  айтылған  өзгерістер  әртүрлі,  құбылмалы  болады.  Т.  С.  Зацепин 
маймақ аяқты екі клиникалық түрге бөледі: негізгі (типичный) - 75%, негізсіз 
(атипичный)  -  25%.  Негізгі  түрі  жеңіл  түрлі  және  жүмсақ  тінді-сіңірлі  түрі 
болып екіге бөлінеді. 
Жеңіл  түрі  аяқ  сүйектерінің  бүдырайып  шығып  тұруымен  қатар  оның 
үстіндегі  терісі  онша  жиырылымға  келмейді  (Остен-Сакен  түрі),  ал  жұмсақ 
тінді-сіңірлі  түрі  болғанда  тері  астындағы  майы  қалыңдау  болып,  терісі 
жиырылымға келеді де және сүйектер бұдырайып шығып тұрмайды. 


268 
 
Негізсіз  түріне  жататындары:  қағанақты  маймақ  аяқ,  артрогриппоздың 
салдарынан  болатын  аяқтың  түрінің  өзгеруі  және  үлкен  жіліншік  сүйегі 
түрінің өзгеруінен болатын түрлері. 
Іштен  туа  пайда  болатын  аяқ  түрінің  өзгеруінен  басқа  балтыр  сүйек 
ішке  қарай  айналады  да,  аяқ  буындарының  қозғалысы  нашарлайды.  Аяқ 
түрінің өзгеруі бала жүргеннен кейін үлғая түседі: аяқтың сыртқы  жағының 
терісі  дөрекіленіп  қатаяды.  Балтыр  еттері  семеді  және  тізе  буынының 
қисаюына әкеп соғады. 
Ауру тудыратын себептер (этиология) әртүрлі болады: 
1. Ұршықтың дүрыс өспеуі. 
2. Қағанақтың ұршықпен жабысып өсуі. 
3. Кіндік баудың аяққа оралып қысуынан. 
4. Жатыр етінің аяққа қысым жасауынан. 
5. Жатыр ішіндегі ісіктің аяққа қысым жасауынан. 
Т.  С.  Зацепин  ойы  бойынша  маймақ  аяқтың  іштен  тyа  пайда  болатын 
себебі  аяқ  сүйектері  түрінің  өзгеруі,  оның  ішіндегі  басты  себебі  асық 
сүйектің  өзгеруі,  сүйек  буындарының,  буын  қалталарының  және  сіңірлері 
мен еттердін өзгеруінен болады. 
Т.  С.  Зацепиннің  ойынша  терең  өзгеріс  алдымен  еттер  мен  сіңірлердің 
дұрыс жетілмеуінен болады. Мысалы бұлшық еті қысқарады да, жуандайды, 
бағытын  өзгертеді.  Ахилл  сіңірі  өкше  сүйектің  бұдырының  сырт  жағына 
ауысып бекітіледі. Үш қырлы бұлшық ет жуандайды да, әрі қысқарады. Осы 
айтылған себептердің бәрі ақырында аяқ түрінің өзгеруіне әкеп соғады. 
Емдеу.  Іштен  туа  пайда  болған  маймақ  аяқты  емдеу  неғұрлым  ерте 
басталса  соғүрлым  ем  шипалы  болады.  Себебі  жас  нәрестелсрдің  тіндері 
емдеуге  ыңғайлы  келеді,  әртүрлі  өзгерістерді  түзеужеңіл  болады.  Емдеу 
түрлері  консервативтік  және  хирургиялық  болып  екіге  бөлінеді. 
Консервативтік  емдеу  кіндік  жарасы  жазылысымен  басталу  қажет. 
Консервативтік ем аяқтың негізгі үш өзгерісін орнына келтіруге бағытталады: 
ол үшін түзету гимнастикасын 3-5 минут жасап, күніне 3-4 рет қайталайды да, 
аяқты жұмсақ бинтпен таңып қояды. Бұл - Финк-Эттингеннің әдісі. 
 
 
187 сурет. Туа болған маймақ аяқты емдеу: а-қолмен қалпына (табанның 
астына қарай иілуін жою), б-нәтижесін бекіту. Бинттің көмегімен  
қалпына келтіру; в –полиэтиленнен жасалған етікше 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
і і і іі 
142   сурет. финк-Эттингеннің 
бинтпен таңу одісі. 


269 
 
Бинтті  таңу  әдісі:  бинттің  ұшын  аяқтыңүстіңгі  шетінсн  ішкі  жағына 
қарай салып табаннан өткізеді. Тура осындай етіп екі рет байлағаннан кейін 
балтырдың  сырт  жағынан  тізе  буынды  90°  бүгіп  ортан  жіліктің  тізе  жақ 
үстінен  өтіп  тақым  шұқыры  арқылы  өтеді  де,  қайтадан  аяқ  басына  апарып, 
жоғарыда  жасалғандай  қайталанады.  Аяқты  бинтпен  таңғаннан  кейін 
саусақтардың  түрі  не  көгермей,  не  ағармауы  керек.  Егерде  саусақтың  жаны 
кетіп, көгеретін болса, бинтті сәл бостау етіп орау қажет. Медициналық сүзгі 
бинттің  орнына  ұзындығы  2  метр,  көлденеңі  5-6  см  бомази,  не  фланелді 
жұмсақ  шүберек  қолдануға  болады.  Осы  айтылған  бинтпен  аяқты  таңуды 
дәрігер  баланың  анасына  үйретеді.  Консервативтік  бинтпен  таңып  емдеу 
маймақ  аяқтың  ең  жеңіл  түрлерін  емдеуге  бағытталған.  Маймақ  аяқтың 
орташа  және  ауыр  түрлерінде  бинтпен  таңу  әдісі  тек  дайындық  ретінде 
қолданылады  да,  2-3  жұмадан    кейін  гипспен  таңуға  тура  келеді  -  оны 
гипстен  жасалған  етікше  деп  атайды.  Т.  С.  Зацепиннің  әдісімен  этаптық  
гипсті салу тәсілі мынадай.  Науқас баланы стол  үстіне аяғын тізе буынннан 
90°-қа  дейін  бүгеді.  Бұндай  жағдайда  балтыр  бұлшық  етінің  бекітілетін 
нүктелері  жақындайды  да  маймақ  аяқтың  өзгерістерін  жөндеуге  жеңілдік 
туады.  Гипсті  аяқтың  бақайларынан  бастап  тізе  буынына  дейін  салады. 
Гипстіәрбір  7  күнде  бір  рет  айырбастап  отырады.  Гипсті  айырбастаған  
сайын аяқтың қисайғанын түзетуді күшейту  керек және гипсті көбірек ұстау 
қажет.Гипстен  жасалған  бір  етікше  үшін  үзындығы  50  см  3-4  гипстен 
жасалған  бинт  қажет  болады.  Маймақ  аяқты  қалпына  келтіріп  түзету  үшін 
10-15 рет гипспен таңып етікше жасау керек. Аяқ өз қалпына келтірілгеннен 
кейін де 3-4 айдай баланың аяғына гипстен жасалған етікше кигізіп жүргізу 
керек,  3-4  жұмадан  кейін  етікшені  айырбастап  отыру  қажет.  Уақытынан 
бұрын гипстен жасалған етікшені алып тастаса маймақ аяқ бұрынғы қалпына 
қайта  келуі  мүмкін.  Сондықтан  да  ем  біткеннен  кейін  балтыр  мен  аяқтың 
сыртынан  алмалы-салмалы  гипстен  жақтау  жасап  беру  қажет.  Бұл  үшін 
ЦИТО-ның  шығарған  полиэтиленнен  жасалған  жақтауын  да  қолдануға 
болады. 
Ем  әбден  біткеннен  кейін  балаға  заводта  жасалған  ортопедиялық  аяқ 
киім  тіктіріп  кигізу  қажет.  Ортопедиялық  аяқ  киімнен  басқа  қосымша 
бұлшықеттерге  массаж,  ванна,  ем  гимнастикасын  және  бүлшықеттеріне 
электрлік ем жасаған жөн болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет