273
Бірінші тілік табанның ішкі жағынан топай сүйегінің бұдыры және
ладья сүйегінің бойымен доға тәрізді бірінші табан сүйегі басына дейін
жүргізіледі.
Сол жерден желпуіш (вейер) тәрізді байламды тіледі. Алдыңғы үлкен
балтыр бұлшықеті сіңірін және бақайларды жалпы бүгетін сіңірді ашып,
оларды Z-тәрізді ұзартады. Дельта тәрізді байламды көлденең кеседі. Сына,
ладья, өкше, топай, сүйектері арасындағы буындардың буынқаптарымен
байлам аппараттарын ашады. Сіңірлерге тігіс салады. Жараны толықтай
тігеді.
Екінші тілік ахил сіңірінің сырт жағынан доға тәрізді жүргізіледі.
Сөйтіп осы сіңірді сагитальды бойда Z-тәрізді ұзартады. Ахил сіңірінің
өкше бұдырына бекіген жерін ішкі жағынан босатады, толарсақ буынын
ашады. Көтергіш көмегімен өкше сүйегін сыртқа қарай түзетіп
орналастырады. Бірінші саусақтың ұзын бүккіш сіңірін Z-тәрізді ұзартып,
оған тігіс салады, жараны тігеді.
Үшінші тіліктің доғасы астына қарай иіліп, табанның сыртқы, үстіңгі
жағынан тіледі. Бақайларды жазатын жалпы сіңірін және бірінші бақайды
жазатын сіңірді ішке қарай тартып, көтеріп тұрады. Кіші жіліншік еттерінің
сіңірін көлденең кесіп, оларды ұстағышқа алады. Табанды қалыпты жағдайға
шығарарда табаналды сүйектерінің өзгерісіне байланысты жүргізеді. Текше
тәрізді немесе топай сүйегінің мойнына, өкше сүйегінің шеміршектік
қабатын, өсу зонасын зақымдамай аққабық астылықтопсалы (шарнирная)
резекция жүргізеді. Сүйек бөліктерін бір-біріне дұрыс келтіріп, орындарына
салып, капрон жіппен бекітіп қояды. Сүйектерді толық түзетілген қалыпта
ұстап қалу үшін кіші жіліншік бұлшықетінің сіңірін қысқартады. Сөйтіп
жараға тігіс салып, орамды гипстік байлам салады. Гипстік байламды
санның ортаңғы 1/3 бөлігінен бақай басына дейін салады.
Бірінші реттік гипсті 3 аптадан кейін ауыстырып рентген тексеріс
жасайды. Содан соң ауруға операция жасаған аяққа, тізеге дейін орамды
гипстік байлам салып, аяққа толық басып жүруге рұқсат береміз. Гипстік
етікшені 6-8 айға дейін ұстаймыз. Бұлай ұзақ уақыт бекіту себебіміз сол
уақыт ішінде табаналды сүйектерінің толықтай қалыптасуы үшін қажет.
Гипсті алған соң ауруға ортопедиялық аяқ киім тағайындайды. Өкше
астына сыртқы жағынан қосымша табанша салып береді. Табан асты
ойығына супинатор қояды. Содан соң физиотерапиялық ем, озокеритті табан
мен балтырға береді. Балтыр бұлшықеттері ішкі жағынан электростимуляция
жасалады. Аяққа жылы ванна қабылдайды. Бұл операциялар 2-14 жасқа
дейінгі балаларға жасалады. Нәтижесі өте жақсы, табан өсуіне зақым
келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: