Травматология


Доцент Б. Ш. Жонкинннің жамбас-сан буынының туа шығуын



Pdf көрінісі
бет289/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Доцент Б. Ш. Жонкинннің жамбас-сан буынының туа шығуын 
артропластикалық тәсілмен емдеу операциясы 
Бұл  операцияның  мақсаты  операциядан  кейін  (65-77%)  кездесетін  жиі 
асқыныстардың  (асептикалық  некроз,  анкилоз,  қозғалыстың  қиындауы) 
алдын-алу. 
Жамбас-сан  буынын  Смит-Петерсон  әдісімен  ашып,  ортан  жілік  басын 
жара  бетіне  шығарады.  Туа  болған  жамбас-саны  шыққан  баланың  ортан 
жілік  басындағы  анатомиялық  өзгеріске  байланысты  (ол  өзгерістер  жілік 
басының шеміршекті қабығы жұқарып, сұрғылт түсті болса- оның сыртынан 
қара  малдың  ішпердесінен  бір  қабатты  ішпердесімен  орап  ортан  жілік 
мойынынан  кисеттік,  капрондық  тігіс  салынады  да,  жамбас  шұқырын 
тереңдетіп  жілік  басына  сәйкес  арнаулы  құралдармен  ойып,  жілік  басын 
орнына  салып,  буынқаптың  созылып-керілген  бөлігін  кесіп  алып  тастап, 
буынқаптың  қалған  жерін  орнына  тігеді.  Жараға  тігіс  салып,ортан  жілік 
айдаршығынан  көлденең  сым  өткізіп  доға  кигізіп,  кокситтік  гипсті  8-10 


267 
 
күнге салады да, гипстің алдыңғы бетін балтыр сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне 
дейін  кесіп  алып  тастайды.  Доғадан  төмен  қарай  салмақ  баланың  жасына 
байланысты  5,  7,  8,  10  кг  іліп,  2-3-күндері  ренген  жасап  көреді.  Егер  ортан 
жілік  басымен  жаңадан  ойылған  жамбас  ойығы  арасындағы  саңылау  2-3мм 
болса,  онда балаға  отырып,  жатып,  қозғалыс  жасауға  рұқсат  беріледі,  жылу 
емдері  беріледі.  1,5  ай  өткеннен  соң  доғамен  кергішті  алып  тастап,  Балкан 
рамасы  арқылы  жамбас-сан  буынын  бүгіп  жазу  жаттығуын  4-5  ай  бойы 
жүргізеді.  Сол  уақыт  ішінде  жамбас-сан  буынын  бүгу  95-100˚,  жазу  180˚, 
сыртқа қарай керу 25-30˚ жеткенше сол емдерді жүргізу. 
Егерде  жілік  басының  шеміршегінің  жұқарып,  оның  желіну  көлемі  1,5 
см болса, онда операция кезінде ішпердесінің екі қабатымен орайды. Егерде 
жіілік  басының  шеміршегінің  ойығы  2см-ден  көп  болса  онда  оны  үш-төрт 
қабатты  қалыңдық  ішпердемен  орайды.  Әрі  қарай  емдеу  жоғарыда 
айтылғандай жүргізіледі. Бала 5 жыл бойы дәрігерлік бақылауда болады. 
 
186 сурет. Жамбас-сан буыны туа шыққанда қара малдың  
ішпердесімен артропластикалау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет