ОПЕРАТИВТІК ТӘСІЛ
Оперативтік тәсіл маймақ аяқтың ауыр түрлері кездескенде, не
консервативтік әдіспен емге көнбеген түрлерінде қолданылады. Аурулардың
жасына және маймақ аяқтың түрінің өзгеруіне қарай операциялық әдіс
жұмсақ тіндерге немесе сүйекке, кей кезде аралас түрде жасалады.
Аурулардың жасы 2-2,5 жас уақытында, сүйектер өзгермей тұрғанда ең
қолайлысы тарамыс-сіңірмен буын қабығына жасалатын операция болып
есептеледі. Бұл операцияны Т.С.Зацепиннің операциясы деп атайды (188
сурет).
270
188 сурет. Т.С. Зацепин операциясының жобасы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Операция наркоз беріп жасалады. Бұл операцияны теріні екі жерден
кесіп жасайды: сирақ-табан буынының ішкі жағынан, және оның артқы
жағынан. Ауру шалқасынан жатқызылады да аяғының астына валик
қойылады. Ішкі тобықтың ортасынан вертикальді етіп теріні, одан кейін шел
клеткасын кеседі. Жараның ішінен кәрі жілік бұлшықетінің тарамысын
тауып алады да оны Z-тәрізді етіп кеседі, келешекте ұзартады.
Осы еттің астынан саусақтарды бүгетін үзын боршаның тарамысын
тауып алып ұзартады. Одан кейін сирақ-табан буынының ішкі сіңірін
толығымен кеседі. Қосымша тобықтың жан-жағындағы сіңірлерді кеседі.
Одан кейін тобық сүйегінің төменгі жақ буынын толық ашады. Сіңірлерді
кескенде байқаулы болу керек, себебі, артерия мен жүйкелерді және
саусақтарды бүгетін үзын боршаның сіңірі кесіліп қалуы мүмкін. Осымен
бірінші кесіктен жасалган әрекет бітеді.
Сирақ-табан буынының артқы сіңірлерін өкше тарамысының ішкі
жағынан кеседі. Өкше тарамысын (ахиллово сухожилие) сагиталды бағытта
Z-тәрізді қылып тіледі. Тарамысты үзыннан тілгеннен кейін өкше сүйектен
ішкі бөлігін кесіп алады да, шеткі бөлігін жоғарғы жағынан тарамыстың
бүлшық етке ауысатын жерінен кесіп алады.
Екі бөлінген өкше тарамысының астында балтырдың артқы фасциясы
жатады, оны да тура қақ ортасынан сирақ-табан буынының үстіңгі жағынан
кесу керек. Фасцияның астында аяқтың үлкен саусағын бүгетін борша
жатады, оны да тарамыс тұсынан ұзартады.
Одан кейін асық-өкше буындарының шарбысын кеседі. Табанның ішкі
жағынан көлденең бағытта табан шандырын кеседі. Бұдан аяқ түрінің
өзгергендері тегісімен орнына келеді, ал асық тарамысын 2-3 тігіспен бір-
бірімен жалғастырады. Терінің кесілген жерлерін тіккеннен кейін баланың
аяғына толық етіп гипс салады.
Бірінші салынған гипсті 3-12 күндердің ішінде айырбастайды да
жаңадан гипс салып үйінс шығарады. Бұл гипсте ауру 2-3 айдай болады,
одан кейін гипс алынып тасталып аяғына массаж жасалады, ваннага
салынады, ЕДШ жасайды.
1951 жылы В. А. Штурм басқаша операция жасады. Ол операцияны
лигоментокапсулотомия - аяқтың жалғама мен қабығын кесу деп атайды.
271
Достарыңызбен бөлісу: |