Травматология



Pdf көрінісі
бет44/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Екінші  сатысы-  сүйектің  біту  кезеңі.  10  күннен  50  күнге  созылып 
сынған жерде коллагендік талшық пайда болып, оған белок шоғырланады да 
кейінде остеоидтық балкалардың пайда болуына негіз болады. Сынған сүйек 
арасындағы  болып  жатқан  морфологаялық  процеске  гипертрофияланған 
шеміршек  материал  болады  да,  кейіннен  бұл  шеміршек  грануляциялық 
тіндердің  орнын  басып,  сынған  сүйектің  екі  ұшын  жалғастырады.   
Шеміршек жасушалар сынғаннан кейін  6 жұма өткен соң пайда болады. Бұл 
саты шеміршек тіндердің кальцинациялануымен бітеді. 
Шеміршек  жасушалары  мен  остеобластардың  өршіп  өсуі  басылғаннан 
кейін фосфотазаның мөлшері орнына келеді. 
Сүйек  сынықтарының  бітуінің  үшінші  сатысында  ешқандай  шек 
болмайды. 
Сүйек  мүйізгегінің  известенуі  (әктенуі)  остеоидтық  тін  пайда 
болысымен басталады. 
Клиникалық  тексергенде  сынған  жерде  қозғалыс  болмайды  да  рентген 
суретінде  сынған  сүйектің  мүйізгегі  анықталмайды.  Үшінші  сатының 
аяғында  (шамамен  90-шы  күндері)  рентгеннің  суретінде  тығыздалған  сүйек 
мүйізгегі  анықталады.  Бір  жыл  өткен  соң,  одан  кейінгі  уақыттарда  сүйектің 


37 
 
сынған  жері  бітіп  функционалдық  өзгерістер  болады.  Морфологиялық 
тұрғыдан  қарағанда  осы  уақыт  ішінде  сынықтың  ортасында  пайда  болған 
формасыз  сүйек  қатпарлы  трабекула  алмасады  және  сүйекте  өзек  пайда  бо-
лады. 
Кейінгі  кезде  сүйектің  бітуі  екі  түрлі  болады  -  бірінші  біту  және 
қосымша  біту.  Сүйек  қай  түрімен  бітетін  болса  да,  ол  үшін  маңызды 
болатыны: периостальдық тін, сүйек қан тамырларының амандығы, сүйектің 
жан-жағындағы  жұмсақ  тіндердің  жағдайына  және  сынық  арасындағы 
эндостальдық тіннің тіршілікке икемділігіне байланысты болады. 
Сүйектің өсіп бітуі алғашқыда периостальдық және эндостальдық сүйек 
мүйізгегімен  бітеді.  Сынған  сүйек  бір-бірімен  периостальдық  және 
эндостальдық  мүйізгекпен  қосылғанда  оның  ортасында  интермедиарлық 
мүйізгек  пайда  болады.  Интермедиарлық  мүйізгек  сүйектің  өсіп  бітуі  үшін 
маңызды орын алады да сынған жердің толық бітуіне бірден-бір негіз болады 
(20-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20сурет. Сүйек мүйізгегінің бөлік құрамдары: 1-периостальдық;  
2-эндостальдық; 3-интермидиарлық; 4-гетеротопикалық. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Сүйек  сынықтарының  жағдайына  байланысты  (сынықтар  ауысқанына, 
бірімен бірі толық тиісіп тұруына, сынықтардың қатайып бекітілуіне) сынған 
жердің қалпына келуі әр түрлі болады. 
Егерде  сүйек  сынықтары  орнына  дұрыс  салынып,  бір-бірімен  толық 
түйісіп  тұрса  және  жақсылап  бекітілсе,  сүйектің  бітуі  аздаған  ғана 
периостальдық  мүйізгектің  пайда  болуымен  және  негізгі  сынған  сүйектің 
бітуі  эндостальдық  мүйізгек  арқылы  болады.  Сүйектің  бұл  түрмен  бітуі 
"бірінші жазылуы" деп аталады да, сүйек біту мерзімі аз уақытқа созылады. 
Сүйектің  сынған  жері  жақсы  бітіп  жазылуы  үшін  сүйек  пен  сүйектің 
түйіскен  жсрінің  саңылауы  50-ден  200  мм  дейін  болуы  қажет.  Егерде 
сүйектердің ортасындағы саңылау көрсетілген белгіден көпболса осы жердің 
қан айналысы бүлінеді де сынықтың бітуі нашарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет