Травматология



Pdf көрінісі
бет43/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   297
Бірінші  сатысында  10  күн  ішінде  қанды  ісіктен  мезенхимальды  тін 
қалыптасады.  Сынған  сүйектің  ұштарынан  біртіндеп  қанды  ісікке 
грануляциялық  тінөседі.  Қанды  ісіктен,  фибриннен,  ісік  сұйықтан  сынған 
сүйектің  ұштарын  ұстап  тұратын  қоймалжың  кесек  пайда  болады.  Осы 
мезгілде қанды ісікке сынған сүйектің ұштарынан және барлық организмнен 
кальций мен фосфор элементтерінің жиналуы көбейеді.Сынған сүйектің біту 
сатысында  фосфотаза  ферменті  өте  көбейіп  фосфорлы  кальцийдің 
экстровазаттарының  көп  жиналуына  әсер  етеді.  Жиналған  экстровазат 
сүйектің  сынған  ұштарын  жуып  тұрады.  Сүйектің  бір-бірімен  өсіп 
қалыптасуына  тән  нәрсе  көбейіп  жиналған  фосфотаза  сынған  сүйек 
толығымен біткенше сынықтардың арасында болады. Сүйек сынғаннан кейін 
алғашқы  уақытта  қышқыл  реакция  болады  да,  біртіндеп  сілтілі  реакцияға 
айналады. 
Сүйек мүйізгегінің дұрыс және уақытында пайда болуының негізгі мәні 
сүйектің  сынған  жерінде  қан  тамырларының  толық  қалыптасуына 
байланысты,  себебі  сүйек  мүйізгегінің  сүйектенуіне  капиллярлық  ұсақ  қан 
тамырларының көбейіп және жетілуіне байланысты болады да, осы ұсақ қан 
тамырлары арқылы остеобластар жиналып, олардың қызметі күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет