91
Бұғананың сынған жерінің дәл үстінен сүйекке жеткізе 4-5 см-ге дейін
кессді де, сүйек ұштарына жиналған ұйыған қанды алып тазалайды, сүйектің
сыртқы жақ бөлігін ілмекпен жоғары көтеріп жара үстіне шығарады, ал
көмекші дәрігер ішкі жақтағы жартысының астына қалақша қойып демеп
ұстап тұрады.
Сынықшы дәрігер шеткі сынықтың ортаңғы қуысының ішіне Богданов
шегесін немесе жуантық сымды кіргізіп балғамен ұрып оны бұғана мен
жауырын сүйегінің қосылған тұсына қарай қағып теріден сыртқа шығарады,
шегснің ішкі жақ ұшынан 0,5 см-дей қалдырады да, ілмекшемен ортаңғы жақ
бөлігін жоғары шығарып алады (66 сурет).
Содан кейін осы бөлшектің ортаңғы қуысына әлгі қалдырылған шегенің
ұшын кіргізіп бұғананы дұрыстап түзетіп қояды да, шегенің теріден сыртқа
шығып тұрған ұшынан балғамен ұрып бұғананың екінші бөлігіне 3-4 см
тереңдікке дейін кіргізеді.
Сүйектің қосымша бөлшектері болса оларды өз орындарына кірістіріп
қояды. Содан кейін жараны тегістей тігеді. Бұдан соң қолын кеудесіне
жапсыра қойып Дезо гипсін салады. Ауруды рентген жасап көреді. Гипсті 2-
2,5 ай өткеннен кейін алып тастайды да, қайтадан рентген жасап толық
біткенін анықтайды. Массаж және қозғалыс гимнастикасын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: