Травматология



Pdf көрінісі
бет94/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   297
Емдеу  түрлері.  Бұғана  сынығын  емдеу  негізінен  екі  түрден  тұрады. 
Бұғананың  жартылай  жарылып  сынғанында  және  сынған  жердегі  сүйек 
бөлімдерінің  орнынан  қозғалмай  дұрыс  тұрғанында  сол  жерге  1%  5-10мл 
новокаин  ерітіндісін  жіберіп,  қолтықтың  астына  мақтадан  кішкентай 
жастықша жасап қойып, иық сүйегін немесе тоқпан жілікті кеудеге жапсыра 
қысып,  шынтақ  буынды  90  градусқа  дейін  бүгіп,  кеудені  айналдыра  иық 
бойының үстімен иық буынын қоса бастырып  гипс салады. Бұл гипсті Дезо 
гипсі  деп  атайды.  Үш  жұма  өткеннен  кейін  гипсті  алып  тастайды  да,  иық, 
шынтақ  буындарында  қозғалыс  жасап,  еттерді  уқалап  массаж  жасайды. 
Жарақаттанған адам бір, бір жарым айдан соң жұмысқа шығарылады. 
Бұғана сүйегінің сынған жері орнынан қозғалып кеткен болса онда оны 
орнына  салу  қажет.  Ол  үшін  сынған  жерге1%-20,0мл  новокаин  ерітіндісін 
жіберіп,  қосымша  1%-1,0  промедол ерітіндісін тері  астына    жіберіп    болған  
соң  5-10    минуттан  кейін  сүйекті  орнына  салу  керек.  Ауруды  дөңгелек 
орындыққа отырғызып, оған денесін бос ұстап отыруды айту керск.  
Содан  соң  сынған  жақ  қолдың  шынтақ  буынын  90  градусқа  бүгіп, 
дәрігер  өзінің  көмекшісіне  ауруды  шынтақ  буынынан  ұстап  сол  қолымен 
аурудың  иық  буынын  әуелі  жоғары  тікелей  тоқпан  жілік  бойымен  жоғары 
көтереді  және  шынтақ  буынын  артқа  қарай  60˚  апарып,  жауырынның 
жиегіне  мақтадан  тығыз  жастықша  жасап  қойып  иінтірек  жасап  шынтақты 
қабырғаға  қарай  жапсырамыз.  Осы  кезде  дәрігер  бұғана  сүйегінің 
сынықтарын түзеп орнына келтіріп салады.  
Саусағымен бұғананы ұзын бойыменбасып дұрыс тұрғандығын анықтап 
болған  соң  сол  қалыпта  гипс  салады.  Білезік  буыны  мен  саусақтары  ашық 
қалдырылады. Бұл тәсілді Вайнштейн-Смирнов әдісі деп атайды (67 сурет). 
 
67 сурет. Вайнштейн-Смирнов таңғышы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 


90 
 
Содан  кейін  ауруды  айнаға  түсіріп,  сынықтың  дұрыс  тұрғандығын 
бақылайды. Дұрыс тұрса гипсті 1,5-2 ай толғаннан кейін шешіп алып тастап, 
гипссіз қайтадан айнаға салып көреді де, сүйектің біткенін тексереді. Толық 
бітсе,  аурудың  иық,  шынтақ  буындарына  қозғалыс  жасатып,  массаж 
жасайды.  Сөйтіп  гипс  алынғаннан  кейін  1,5-2  жұмадан  соң  жұмысқа 
шығарылады.  Жасөспірім  балаларда,  қарт  адамдарда  бұғана  сынғанда  және 
ол  орнынан  тайып  кетсе  оларға  мынадай  әдіспен  сүйекті  орнына  келтіріп 
салуға  болады.  Аурудың  сынған  жеріне  1%-20,0мл  новокаин  ерітіндісін 
жібереді.  
Оны  дөңгелек  орындыққа  отырғызып  дәрігср  оның  артынан  тұрып, 
өзінің  тізесін  аурудың  екі  жауырын  ортасына  тіреп  қойып,  аурудың  екі 
қолын тоқпан жіліктің жоғары тұсынан ұстап  алып, оны артқа қарай көтере 
тартып  тұрады,  сол  кезде  бұғана  сынықтары  керіле  тартылады,  сынықшы 
дәрігер сүйекті саусақтарымен орнына келтіріп салады да 8-саны тәрізді етіп 
дәке  бинтпен  екі  иық  буындарының  үстін  баса  тартып  тастайды  немесе 
мақтадан  жасалған  шеңбершені  екі  қолына  кигізіп  оны  бұғананың  сыртқа 
қарайғы  үшінші  бөлігінің  тұсына  дейін  тигізіп,  артқы  жағынан,  екі 
жауырыннның тұсынан көлденең бинтпен тартып байлап қояды. Содан кейін 
рентген жасап дұрыс тұрғандығын анықтап көреді. Сүйек орнында тұрса осы 
қалыпта 4-5 жұма бойына қалдырылады. 
Операция  жасап  бұғана  сынығын  орнына  салу.  Операциялық  әдіспен 
сүйекті орнына салу мынадай жағдайларда қолданылады: 
1.  Егерде  сүйекті  жоғарыда  көрсетілген  тәсілдермен  орнына  салғанда 
сүйек сынықтары орнына түспесе. 
2.  Сүйек  сынықтарының  арасына  жұмсақ  еттер  кірігіп  қалса  /ондай 
жағдайда  салмай  тұрып  қолмен  басып  көргенде  немесе  жабықтай  саламын 
деп талпынғанда сүйексықыры естілмесе/. 
3. Бұғана сүйегі бірнеше бөлшекке бөлінсе және  осы сүйек сынығының 
біреуі бұғана бойына көлденең тұрса. 
4. 
Бұғана 
сынығының 
ұшы 
қан 
тамырлары 
мен 
жүйке 
талшықтарынзақымдаса. 
5. Ашық сынық болса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет