Травматология



Pdf көрінісі
бет92/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   297
Куршман  тәсілі:  инені  5-ші  қабырға  аралықтан,  төс  сүйектен  солға  
қарай  4-6см жерден инені көлбей  ішке кіргізеді. 
Міне, осы тәсілдерді әсірссе алғашқы жедел көмек үшін қолданады. 
Жүрек жарасын тек қана операциямен емдейді. Ол үшін 2-5 қабырғалар 
арасынан төс сүйектің сол жағынан қолтықтың артқы жақ бойына дейін  кесу  
керек. Ашып көргенде жүрек қабы керіліп тұрады. Көбінесе жүрек қабының  
жарасы  онша  үлкен    болмайды,  сондықтан    осы  қапты  тікелей  8-10  см-ге 
дейін  кесіп,  содан  кейін  жүректің  өзін  қарау  керек.  Жүрек  қабын  кескенде 
өтесақ болу қажет. Диафрагма  жүйкесін кеспеу үшін осы жүйкенің алдыңғы, 
не  артқы  жағынан  1см  қашықтықтатікелей  кесукерек.  Содан  кейін  сол  жақ 
қолды  жүрек  қабының  ішіне  кіргізіп,  жүректі  алақанға  алады,  ал  бармақ 
жүректің  алдыңғы  жағына  қойылады.  Содан  соң  жүректің  жарасын  жібек 
жіппен  жүрек  бұлшықетінің  барлық  қалындық  бойымен,  бірақ  жүректің 
ішіне кіргізбей тігеді. Ал, жүрекшенің жарасын барлық қабатымен тігу керек. 
Жіпті  жайлап  тартып  байлайды.  Жара  диафрагма  жүйкесінің  жанында 
болса,онда  жүрек  қабына  П-тәрізді  етіп  тігеді,  сонда  осы  жүйке 


88 
 
жарақаттанбайды.  Жүрек  жарасын  тігіп  болғаннан  кейін  жүрек  қабының 
ішіндегі қанды алып тастау керек. Содан соң жүрек қабына салынатын тігісті 
сиректеу етіп  салады. Бұдан кейін өкпе қабы арасына 8-қабырға аралығынан 
қолтықтың  артқы  бойымен  резеңке  түтік  қалдырады.  Оның  екінші  ұшына 
резеңке  қолғаптың  V  саусағын  кигізіп  фурацилин  дәрісіне  батырып  қояды. 
Кеуде жарасын тек қана қан қысымы жоғарылағаннан кейін ғана тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет