207
1. Алғашқы сатысы. Жарақат күрделі болып, оның шокпен және көп қан
кетумен асқынған жағдайында басталады. Бұл сатысы бірнеше сағаттан 2-3
күнге созылады және бүйректің қызметі онша бүлінбейді.
2. Олигоанурия сатысы 3 жұмаға созылып, ертерек гиперкалиемия
болып емдеу өте қиынға түседі. Бірінші күннен ацидоз болып,
декомпенсацияға әкеп соғуы мүмкін.
Мұндай олигурияның себептерін жоюдың бірден-бір жолы жарақаттық
шокқа қарсы күресу, азайған қанның орнын толтыру және интоксикацияға
қарсы күресу болып табылады. Мұндай ем жүргізгенде диурез қалпына
келіп, бүйректің қызметі әрі қарай дамиды.
Егерде аурудың дәретін тексергенде дәреттің меншікті салмағы тым
төмен түсіп кетсе, натрий, азоттық шлак аз болса, ал микроскоппен
қарағанда дәрет түнбасында протейнурия, барлық формалық элементтер,
цилиндрлер, белоктар, бос жүрген гемо және миоглобиндер болған жағдайда
ауруда олигурия сатысы басталғанын көреміз. Бұл жағдайда гиперазотемия
болып, қанда әр күн сайын азоттық шлактардың өскенін көреміз. Ауру
есінен танады, дем алу жылдамдайды, тамыр соғысы да жылдамдап, қан
қысымы тұрақты болмай көбеюге мүмкіндік туады.
3. Диурездің қалпына келу сатысы аурудың диурезінің көлемі 1500-2000
мл жеткенде болады. Бірақ, диурездің келемі көбейгенімен бірінші 7-10 күн
ішінде аурудың жағдайы әлі де болса қиын жағдайда болады.
Аурудың әлі де болса қиын жағдайда болуы дәрет пен қанда азоттың көп
болуы, электролиттік баланстың көлемді өзгеруінен және иммунологиялық
реактивтік жағдайының төмендеуінен туындайды. Аурудың барысы
жағымды өтіп, дұрыс уақытында емделсе бүйрек қызметінің тапшылығы
басталғаннан кейін 2-4 жұма өткен соң жазылу сатысы басталып 6-12 айға
созылады. Бұл уақытта ауруда негізгі жарақаттан алғанқалдықтар қалып,
ауруда анемия сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: