Травматология



Pdf көрінісі
бет247/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ЭТИОЛОГИЯСЫ.  Қазіргі  кезде  бүл  аурудың  шығу  себебі  мен  өршуі 
толық  анықталмаған.  Барлықілімдер  оның  клиникалық  көрінісінің  сан 
құбылмалылығы  мен  патологиялық  үрдістің  басты  мәселесін  түгелдей 
шешіп бере алмайды. 
Көп  жылдар  бойы  бұлшықетті  қисық  мойын  жатырдың  дұрыс 
орналаспауынан  болады  деп  есептеліп  келген.  Тек  1838  жылы  Штронмайер 
бірінші  болып:  «Бұл  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  туылу  негізіндегі 
жарақатынан  болады,  ал  одан  ұйыған  қан  кейіннен  тыртыққа  айналып  ол 
бұлшықеттің қысқаруына әкеліп соғады», - деген тұжырым айтты. 
Бұл  тұжырымды  жақтаушылар  көбейді.  Ал,  Новотельновтың  болжамы 
бойынша туу кезіндегі жарақаттан төс-бұғана-емізікше бұлшықеті қысқарып 


228 
 
қана  қоймай,  оның  қоректенуінің  дебұзылуына  әкеліп  соғады,  сондықтан 
бұлшықет әжімденіп,жиырылады. 
Бірақ  кейбір  зерттеушілердің  ұзақ  бақылауының  арқасында  бұл 
аурудың  басты  себебі  негізгі  жарақаттан  деген  болжам  жоққа  шықты, 
өйткені  осы  бүлінген  бұлшықеттен  алған  пункцияда  және  оны 
гистологиялық әдіспен зерттегенде қан түйіршектері шықпады. 
А.  В.  Протасевич  /1934/  2  апталық  үй  қоянының  төс-бұғана-емізікше 
бұлшықетін кесіп тастағаннан кейін олардың өсуі тоқталмады. 
Петерсон 
да 
өзінің 
тұжырымында: 
"бұлшықеттің 
бұзылуы, 
жарақаттануы  жатырдың  дұрыс  орналаспағанынан,  сондықтан  босанған 
кезде ол бұлшықет жарақаттанатындай кедергілер болады",- деді. 
1895  жылы  Микулич  алғашқы  рет  бұлшықетті  қисық  мойындықтың 
қабыну ілімін паш етті. Автор: жатырдағы, төс-бұғана-емізікше бұлшықетіне 
микробтың  кіруінен  созылмалы  интерстициалдық  миозиттің  болатынын, 
оның ақыры осындай қисықтыққа әкеліп соғатынын айтты. 
Фелькер 
/1902/ 
төс-бұғана-емізікше 
бұлшықетінің 
ишемиялық 
контрактурасы жатыр мойынының жоғары жағын қысу салдарынан болады"- 
деді.  Бұл  жағдайда  сол  бұлшықеттің  төменгі  жағы  да  қысылып  қалуы 
мүмкін,  осы  төменгі  жақта  өзінің,  қан  тамырлары  болмағандықтан  жоғары 
жақтан  қан  келеді.  Сонымен  бірге  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетіне 
көптеген  аностамозы  бар  үлкен  артерия  бұтақтарынан  қан  келеді,  тіпті 
бұлшықеттің бұзылған  жерінен  де  қанды  жақсы  өткізіп  тұрған  тамырларды 
кездестіруге  болады.  Босанған  кездегі  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің 
қанмен  қамтамасыздығын  біле  тұра,  гистологиялық  зерттеулерге  сүйеніп, 
бұл аурудың себебі тек қана ишемия деуге болмайды. 
Афанасьев  /1944/,  Зацепин  /1960/  сияқты  авторларменқоса  біздің  де 
көзқарасымыз  бір,  бұл  ауру  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  туа  біткен 
ақауынан,  ал  босанукезіндегі  жарақат,  әсіресе  жатырдың  жамбаспен 
орналасукезіндегі  мойын  деформациясын  одан  әрі  тереңдете  түседідеп 
білеміз./ 
Адамның  хал-күйінің  мүшкілдігі  бұлшықет  талшықтарының  кемістігіне 
немесе бұлшықет тінінің дәнекер тінге айналуына байланысты. Сондықтан туа 
біткен бұлшықетті қисық мойынның клиникалық көрінісі сол бұлшықет тінінің 
қандай  мөлшерде  қаншалықты  дәнекер  тініне  айналуына  байланысты.  Бұған 
дәлел 
ретінде 
Костенко 
байқауын 
айтайық: 
төс-бұғана-емізікше 
кемістігінентуған 2,6% жас сәбиде қисық мойындық белгілері білінбеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет