232
160 сурет. Зацепиннің операциясы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Туа біткен бұлшықетті қисық мойындықта кесу операциясын немесе
Микулич бойынша төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің астыңғы жағынан 3
см-дей жерін кесіп алып тастау керек. Ауруды операциялық столға
арқасымен жатқызып, жауырын астына клеенкалы жастық төсеген жөн.
Жастықтың қалындығы 5-7 см болу керек. Оның мақсаты:басты артқа
шалқайтып,қысқарған төс-бұғана-емізікше бұлшықетіне көп күш түсіру.
Дәрігер аурудың бас жағында отырып, оның басын орташа қалыпта ұстап
операция жүрісіне байланысты аурудың басын әр жағына бұрып отыруы
қажет. Теріні кесу бүғананың үстіңгі жағынан ұзындығы 2 см етіп жасалады.
Қабаты бойынша жұмсақ тінді төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің екі етегі
жалаңаштанғанша кеседі. Кохер зондысының көмегімен сол бұлшықетті 5-6
см көлемінде айналасындағы жұмсақ тіндерден бөліп алады да, етек
жағынан 3 см көлемінде кесіп алып тастайды. Әр кесілген аяқшаға байлам
жасалады. Сонымен бірге Зацепин деформациясы қайталанбас үшін
мойынның үстіңгі қатпаршағының сыртқы және терең жапырағын
толығымен кеседі. Жараны қабаты бойынша кетгут жіптерімен тігіп,
асептикалық байлау салынады.
Басын жеткен жеріне дейін ұстап тұру үшін операциядан кейінгі
кезенде ауруды Глиссонның тартқышымен тартып қояды. Операциядан
кейін 6-7 күн өткеннен кейін жарты гипсті корсетпен кеуде мен басты
бекітеді (160-сурет). Оның мақсаты: жара тыныштығы, тез жазылуы үшін,
кесілген бұлшықеттің ұштарындағы қашықтықты сақтау, сондай-ақ сау
жағындағы бұлшықет бекітілген жерлерінің бір-біріне жақындауы үшін.
30 күннен кейін мойынға салған гипс шешіледі де ауруға гимнастика,
массаж, кей жағдайларда физиотерапия қолданылады. Осы жазылған
операциядан басқа, төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің аяқтарын жай кесу,
бұлшықет сіңірін баспалдақты ұзарту, гомосіңір ақауын ауыстыру
мақсатымен кесу, емізікше бұғағынан бұлшық етті бөліп алу операциясы
ұсынылған. Бірақ бұл әдістерден үміт аз,себебі жарақаты көп болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: