III ТАРАУ. СҮЙЕК ТІНДЕРІНІҢ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛУІ Сынған сүйектің бітуі үшін адам организмінде әртүрлі жергілікті және
жалпы биологиялық өзгерістер болады, сондықтан да травматолог сүйек
мүйізгегінің пайда болу механизмін білуі қажет. Сүйектің қай жері сынса да
сынықтың ортасына қан қүйылады да қанды ісік пайда болады. Қорыта
айтқанда, сүйек мүйізгегінің пайда болуы қанды ісіктен басталады. Кейіннен
қанды ісік біртіндеп сүйек мүйізгегіне айналады. Сүйек мүйізгегінің пайда
болуы үш сатыдан тұрады.