Бірінші сатысында10 күн ішінде қанды ісіктен мезенхимальды тін
қалыптасады. Сынған сүйектің ұштарынан біртіндеп қанды ісікке
грануляциялық тінөседі. Қанды ісіктен, фибриннен, ісік сұйықтан сынған
сүйектің ұштарын ұстап тұратын қоймалжың кесек пайда болады. Осы
мезгілде қанды ісікке сынған сүйектің ұштарынан және барлық организмнен
кальций мен фосфор элементтерінің жиналуы көбейеді.Сынған сүйектің біту
сатысында фосфотаза ферменті өте көбейіп фосфорлы кальцийдің
экстровазаттарының көп жиналуына әсер етеді. Жиналған экстровазат
сүйектің сынған ұштарын жуып тұрады. Сүйектің бір-бірімен өсіп
қалыптасуына тән нәрсе көбейіп жиналған фосфотаза сынған сүйек
толығымен біткенше сынықтардың арасында болады. Сүйек сынғаннан кейін
алғашқы уақытта қышқыл реакция болады да, біртіндеп сілтілі реакцияға
айналады.
Сүйек мүйізгегінің дұрыс және уақытында пайда болуының негізгі мәні
сүйектің сынған жерінде қан тамырларының толық қалыптасуына
байланысты, себебі сүйек мүйізгегінің сүйектенуіне капиллярлық ұсақ қан
тамырларының көбейіп және жетілуіне байланысты болады да, осы ұсақ қан
тамырлары арқылы остеобластар жиналып, олардың қызметі күшейеді.