Травматология



Pdf көрінісі
бет46/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 Жергілікті факторлар
а).  Сынықтың  анатомиялық  түріне  байланысты.  Сүйек  сынғанда 
сынықтың көлемі үлкен болса: винт сияқты сынық,  қиғаш сынықтарда сүйек 
тез  өседі.  Ал  көлденең  сынық  кеш  бітеді.  Біріне-бірі  кіріп  сынса  сүйек  тез 
бітеді. Орнынан жылжып сынған сынық кеш бітеді. 
б). Сынықтың ортасында жұмсақ тіндер қысылып қалуына  байланысты. 
Сынықтың ортасында көбіне бұлшықет, сіңір, шандыржаншылып қалады да 
сүйекті  бір-бірімен  бітірмейді.  Бұндай  жағдай  сынған  сүйектің  ортасына 
сүйек  жаңқасы  түскенде  де  болады.  Сондықтан  мұндай  жағдайда  сынықты 
операция жасап емдеу керек. 
в).  Сүйек  өсуіне  қан  айналысының  әсері.  Сүйек  сынғанда  әрқашанда 
сынықтың  айналасындағы  бұлшықеттің,  байлам-дардың,  сіңірлердің,  сүйек 
қабығының  және  сүйектің  өз  ішіндегі  қан  тамырлары  зақымдалады.  Мұның 
өзі  сынған  жерде  сүйек  мүйізгегінің  пайда  болуын  төмендетеді  немесе 
сынған жерде мүйізгек пайда болмайды. 
г). Сүйек мүйізгегінің пайда болуына механикалық факторлардың әсері. 
Травматологияда  белгілі  жағдай  –  егерде  күш  сынған  жерге 
перпендикуляр  бойымен  әсер  етсе  сүйектің  өсуі  жеделдетіледі.  Ал  қалған 
жағдайларда - бұрау, қозғау, тарту күштері сыныққа әсер етсе сүйектің бітуін 
нашарлатады.  Жағымсыз  күштер  сыныққа  әсер  етпеу  үшін  сынған  жерді 
гипспен  жақсылап  бекіту  қажет.  Егерде  сынған  жерде  қозғалыс  сақталатын 
болса  жас  өсіп  келе  жатқан  сүйек  мүйізгектері  зақымдалып  өсуін  тоқтады 
сонда шеміршек және фиброзды тінбітпей, жалған буынға айналады. 
Қорыта  келгенде,  сынған  сүйекті  дұрыс  орнына  салып,  ұзақ  уақыт 
бекітіп  қою  керек.  Сүйектің  толық  біткенін  клиникалық  және  рентгендік 
әдіспен анықтайды. 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет