Травматология



Pdf көрінісі
бет48/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ЖАЛҒАН БУЫН 
Жалған  буынның  болу  себептері  жалпы  және  жергілікті  болып  екіге 
бөлінеді. Жалпы себептері, сынықтың бітпегенсебептері сияқты, авитаминоз, 
әртүрлі жүқпалы аурулар, мешел. Бұл себептер тек қана 4% болса, жергілікті 
себептер 96% болады. Жергілікті себептердің ішінде негізгісі сынған сүйекті 
емдеу  уақытында  жіберген  қателіктер  болып  есептеледі.  Олар  сынықты 
орнына  салмау,  гипс  таңғышын  жеткіліксіз  салу,  қайта-қайта  айырбастау, 
ерте  алу.  Сүйекті  үздіксіз  тартқанда  уақытында  рентгенограмма  жасалмау, 
бақыламай  үлкен  жүк  ілу.  Операция  жасағанда  дәл  келмейтін  темір 
бекіткіштерді  қолдану,  операция  кезінде  бос  сүйектерді  алып  тастау, 
операциядан  кейін  жараның  іріңдеп  асқынуы.  Сүйектің  тағы  бір  бітпеу 
себебі,  сынған  сүйектің  анатомиялық  ерекшеліктері,  оның  қан  айналысы, 
маңайындағы еттердің және сүйек қабығының бар-жоғы. 
Ашық,  әсіресе  атылған  сынықтан  кейін  болған  жалған  буын  ерекше 
орын алады. Өйткені, айналасындағы  тіндер, сүйек пен сүйек қабығы үлкен 
көлемде  зақымданып,  жара  біткесін,  орны  астындағы  тіндермен  жабысқан 
тыртық болып қалады. 
Жалған  буынды  әр  автор  әр  түрге  бөледі.  Соның  ішінде  В.  В. 
Корховтың  (1966)  бөлу  түрі  кең  қолданылады.  Бұл  бөліну  бойынша  жалған 
буынның үш түрі болады: 
1. Талшықты дәнекер. 
2. Сылқылдақ. 
3. Жаңа буын. 
Көбінесе талшықты дәнекер түрі көп кездеседі. 
да, сынық айнала-пайда болып, сүйек 
өсіп жетілуі үшін оны   гипспен   үзақ 


40 
 
 
А)                               Б)                         В)                            Г) 
21-сурет. Жалған буын. А) талшықты дәнекер Б)сылқылдақ  
В, Г) жаңа буындар түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Жаңқауықтардың арасы бірімен-бірі жақын тұрады да, кейіннен ұштары 
тегістеліп,  сүйектің  түтігі  жаңадан  пайда  болған  сүйекпен  жабылады. 
Сылқылдақ түрі көбінесе операция кезінде бос сүйектерді алып тастағанның 
салдарынан  болады.  Жаңа  буын  түрінің  кәдімгі  буыннан  көп 
айырмашылығы  болмайды.  Жалған  буын  болған  кезде  еті  арылып, 
зақымдалған  сүйек  майысады,  сынған  жер  ауырмайды,  бірақ  қозғалғанын 
байқауға  болады.  Атқаратын  қызметі  бұзылып,  аурудың  жұмыс  қабілеті 
төмендейді. Рентгенограммада жаңқауықтардың арасы ашық, мүйізгегі жоқ, 
сүйектің  ұштары  тегістелген,  жіліктің   каналы    жаңа  пайда  болғансүйекпен 
жабылған. 
Емдеу.  Жалған  буынның  емі  -  тек  қана  операция.  Неғұрлым  операция 
ертерек жасалса, соғұрлым ол нәтижелі болмақ. Жалған буынды емдеу үшін 
қолданылатын операцияларды екі топқа бөлуге болады: 
1. Жалған буынның аймағында. 
2. Жалған буынның аймағында емес. 
 
 
 
 
22сурет. Гананың әдісі. 23сурет. Ф.Р. Богданов әдісі. 
24сурет.Ш.Д. Хахутов әдісі.25 сурет. Чаклин әдісі. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 


41 
 
Екінші  топтағы  операциялар  жалған  буынның  асқынған  түрін 
(остеомиелит) емдеуге ғана қолданылады. 
Бұл  топқа  Гананың  (22  сурет)  және  оның  өзгертілген  түрлері  жатады 
(Пуарье, Гентингтон, Стон). 
Негізгі  мақсат  -  кіші  жіліншікті  үлкен  жіліншікке  апарып  жалғау. 
Операциялар  екі  этаппен  жасалады  және  сүйекке  бекітілген  еттерден  бөліп 
алынбайды. 
Кейбір  авторлар  кіші  жіліншікті  орнынан  қозғамай,  жіліншік 
сүйектерінің  бір-бірімен  бітуі  үшін  жоғарғы  және  төменгі  эпиметафизден 
сүйек қағады (23-сурет). 
Көбінесе жалған буынның өзіне сүйек пластикасы әдістерімен операция 
жасалады.  Ол  үшін  сүйекті  жалған  буын  тұсынан  ашып,  шеттерін  тазалап 
каналын  ашады да  сүйек  пластикаларының  бір  әдісін  қолданады.  Солардың 
ішінде жақсы нәтиже беретіндері Ш. Д. Хахутов, В. Д. Чаклин әдістері. 
Хахутов әдісі бойынша (24сурет) ұзын жаңқауықтан қалыңдығы каналға 
шейін, көлемі 12x2 см сүйек алады, ал қысқа жаңқауықтан ұзындығы екі есе 
қысқа  сүйек  алып,  дайындалған  екі  сүйекті  орындарын  ауыстырып  қайта 
салады. 
В.Д. 
Чаклинның 
интра-экстрамедулярлық 
әдісінде 
(25-сурет) 
ұзыншалап  дайындалған  бір  сүйекті  сүйектің  каналына  кіргізеді  де, 
екіншісін  сүйектің  сыртынан  орын  дайындап  соған  бекітеді.  Қазіргі 
қолданып жүрген нәтижелі операциялардың  қатарына X. Ж. Мақажановтың 
әдістері де жатады. 
Х.Ж.  Мақажановтың  бірінші  операциясында  бітпеген  сүйектің  ұзын 
бөлігінің  алдыңғы  қырынан  бір  жақ  ұшын  қиғаштап,  екінші  ұшын  жалпақ 
етіп  кесіп  алады  да  сол  трансплантатты  180˚  айналдырып,  үшкір  ұшын 
төменгі  бөліктің  каналына  кіргіземіз,  жалпақ  жағын  алынған  жердің 
ойығына отырғызамыз. 
Х.Ж.  Мақажановтың  екінші  операциясында  сүйектің  ұзын  бөлігінен, 
егер сынық қиғаш болса онда сүйекті толықтай көлденең кесіп, алады да оны 
180˚-қа айналдырып  қиғаш ұшын төменгі бөлікке кигізеді де, жалпақ жеріне 
жоғарғы  қиғаш  бөлігінің  ұшына  кигізеді  де  жараға  толықтай  тігіс  салып 
жабады да гониттік гипсті 4-6 айға салады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
26-сурет. Макажановтың әдістері 
28 сурет. Ш.Д. Хахутон әдісі. 


42 
 
Сүйек пластикасынан басқа жалған буынды емдеугекомпрессия беретін 
аппараттар  қолданылады  (Г.А.  Илизаров,  О.Н.  Гудушаури,  Г.И.  Фельдман, 
И.Р. Воронович, Г.Цхай және басқалары). Аппарат арқылы жаңқауықтардың 
қозғалмай бір-біріне жабысып тұруы сүйектің бітуіне мүмкіншілік береді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет