3. Шағын топтағы пікірталас Мақсаты: Қатысушылардың өздерін, өз сенімдері мен көзқарастарын түсінулеріне көмектесу.
Уақыт: 25 минут. Қажетті құралдар: 4 ватман,түрлі-түсті маркерлер.
Нұсқау: 4 шағын топқа бөлініңіздер.Оларға Теңіз. Көл. Өзен. Жылға деген аттар беріледі.
Таймер, хатшы, спикер, басша тағайындаңыз. Қазір сізге пікірталс сұрақтары беріледі. Пікірталаста ой қозғау қағидасы мен топ ережесін сақтаңыз.
Жұмысқа 2 минут беріледі.
Топ тапсырмасы: Өзіне, өз күщіне сенімді адам портретін жасаңыздар.
Топ тапсырмасы: Өзіңіздің көңіл-күйіңізді қандай тәсілдермен көтеруге болады.
Топ тапсырмасы: Емтихандағы стрестік жағдайды қалай түсіруге болады.
Топ тапсырмасы: Емтиханға кірердегі әзірлік үстінде және емтиханда жауап берудегі толқуды қалай жеңуге болады.
4. «Күн сәулелі алқап» жаттығуы (табиғат әуені ойнап тұрады)
Мақсаты: кедергілерді жою, сенім мен түсіністікке негізделген жылы, достық қарым-қатынас қалыптастыру.
Уақыт: 15 минут.
Қажетті құралдар: күн сәулесі бейнеленген ватман беті, ақ және түрлі-түсті қағаз, қайшы, әртүлі бейнелеу құралдары, жасыл желекті алқап, өсімдіктер.
Нұсқау: Қәне балалар, көзімізді жуып, еркін отырып, кең тыныстайық.
Біздің бөлмеміз қандай жарық. Себебі күннің нұрымен , біздің жүрек жылыуымызбен толықтаған. Көп гүлдер өскен таңғажайып, нұр сәулелі алқапта тұрмыз деп елестетейік.
Міне, сіз жамандық атаулыны білмейтін, жандары мейірімге толы, жүздері сондай жылы, табиғаты керемет, ғажайып мекенде жүрсіз. Тап – таза мөлдір суға шомылып, күн көзіне жылынып, жан-жағыңызға қараңыз. Адамдардың баплығы таныс, өздеріңіздің достарыңыз, туыстарыңыз. Осы мекенде ұлы жетістіктеріңізге жетуге мол мүмкіншіліктеріңіз бар. Онда бақбақ, раушан, қызғалдақ, т.б. түрлі гүлдер жайқалып тұр. Осы жасыл желекті алқаптан әркім өзінің сүйікті гүлін табады. Осылайша, сәлден соң өз-өзімізді жинақтап, терең дем алып, көзімізді жайлап ашайық. Енді қағаз алып қарындаш, не түрлі бояулармен сүиікті гүліңізді салыңыз, бояп, топқа арнап тілек жазып, қиып алып, біздің күн сәулелі «алқапқа» желімдеп орналастырыңыздар.
Қараңдарша, қандай керемет алқап!
Егерде жақындап қарайтын болсақ, тілек оқып, сиқырлы гүлдер хош иісін сезінуге болады:
Талдау:
Бұл жаттығуды орындағаннан кейін сізде қандай сезімдер пайда болады?
Өз көңіл-күйлеріңізбен бөлісізіңіздер.