Тренинг «Модным быть круто»



бет6/18
Дата28.04.2023
өлшемі188,5 Kb.
#87953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Педагогика және психология пәнінен

Қорытынды
- "бастауыш оқушылары" тобының пікірі: мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.
- "жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.


Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл, қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл, осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. 
Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі».
В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.
Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.


Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып" деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!




Психологиялық тренинг:
«Менің сүйікті мамандығым»


Мақсаты: 
Оқушылар психологтарына арналған тренинг олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, басшылықпен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет.
Тренинг тағы мынадай қасиеттерді: балаға позитивті қарым-қатынас, оқушыны эмоцияналды қабылдау, олармен тілдесудің коммуникативті амалдарын дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін қалыптастыруға көмек береді.


Міндеті:
Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу, суреттер салғызуға болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл жаттығу ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін тапсырмаларды қарастырмақпын. Мұны психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.


Жоспар:

1.Сергіту тренингі.


2.Қызығушылықты ояту. Түстер бойынша топтастыру.
3.Мағынаны тану.Әр топқа ситуациялық тапсырма.
4. « Менің сүйікті мамандығым» жаттығуы.
5.Ой толғау. «ХХІ ғасыр мұғалімі ол қандай?»
(топтар эссе, бес жол өлең, ассоцация т.б қорғау)
6.Қорытындылау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет