Жаттығудың мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық эффективті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде өтеу (отработка)
Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Психолог топтың әрбір мүшесіне алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Бұл жерде фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі. Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз әсерлерімен бөліседі.
Бұл жаттығуда жеке индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу үшін әрбір қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл проблема енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды емес. Көп жылдар бойы қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жекелік индивидуалдығын басу ізімен емес, өзіндік «Мені» мен кәсіби мүмкіндіктерін ашудағы үлесімділік пен толық жетілуді табу.
«Баға» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті коммуникативтік амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі». Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Талқылауда алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзінің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін».
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады.
Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені «бес» деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер».