І. Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау - Тренинг ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
ІV. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау:
- әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына
ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты:
- сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз.
Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...