Тренинг Өткізген: педагог-психолог Махатова А. М. Тобы



бет3/3
Дата30.09.2024
өлшемі23,44 Kb.
#146247
1   2   3
Байланысты:
Кел, танысайық тренингі

Тренинг барысы:
ІІ. «Сенің есімін» жаттығуы.
Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир
Д- денелі
А-аяулы
М-мықты
И-инабатты
Р-романтикалы
Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.


ІІІ. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.


«Поезд» жаттығуы
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы. Муызка ойнап тұрады. Музыка тоқтағанда сан айтылады, сол санға сәйкес топтағы мүшелер санға сәйкес құрылу қажет.


ІV. «Оның есесіне мен…» жаттығуы. Парақшаларға жазылған сөйлемдер таратылады.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне … .
— Мен шаршадым, оның есесіне … .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне … .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне … .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне … .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне … .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне … .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне … .
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне … .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне … .
— Мен тым толықпын, оның есесіне … .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне … .
V. «Бас, қол, жүрек» кері байланыс. Бас, қол, жүрек суреттеріне әр студент жазып шығады.
Тренингте басымыз арқылы не істедіңіз? – тренингте қандай маселелер ойландырды. Жаңа ақпарат алдыңыз.
Тренингте қолыңыз арқылы не жасай алдыңыз? – тренингте сізге не ұнамады.
Тренингте жүрегіңіз арқылы не сезіндіңіз? – тренингте не қатты ұнады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет