Тұрғын үй қатынастары туралы


-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi



бет80/84
Дата28.06.2022
өлшемі112,99 Kb.
#37369
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
z970000094 .29-06-2020.kaz

115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi

Ескерту. 115-бап алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт

1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда жергілікті атқарушы орган мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғынжайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесiндегi жаңадан салынған басқа тұрғынжайларды меншiкке (жалдауға) беру туралы шарт жасалуы мүмкiн.


Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi тұратын тұрғынжайды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi.


Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн.


Тұрмысқа жайлы тұрғынжай берiлгенге дейiн көшiрiлуге тиiстi азаматтар осы елдi мекенде орналасқан әрi санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетiн уақытша тұрғынжайларға (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғынжайға ақы төлеу жөнiндегi шығындар жергілікті атқарушы органға жүктеледi.


2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, жергілікті атқарушы орган соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.


Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.10 N 227, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6 БӨЛIМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет