Түрі: Поэзия сағаты. Көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар. Жүргізуші



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі45,89 Kb.
#19230
1   2   3   4
Байланысты:
Мұқағали Мақатаев

- Туған күні?

9 - ақпан.



- Шыққан тегі?

- Албан


- Білімі?

- Орташа.



2-сұрақ.

Мұқағалидың туған жеріне арнап жазған өлеңі қалай аталады?

(“Қарасаз” өлеңі).

 3-сұрақ .

Мұқағали қай ақындардың үлгісімен жазды? (Абай,Махамбет)

 4-сұрақ .



Мұқағалиға арнап , арнау жазған ақын кім?

Ақын – Асқар Оразақын..



5-сұрақ .

Мұқағалидың тау тұлғалы ақын екендігін өзінің қай өлеңінен көрінеді?

“Мен таулықпын” өлеңі


Қамеш Асылхан «Табиғат жанымды алсаң, алшы менің» өлеңі
Жүргізуші: Мұқағалидың жары Лашын : “Әрбір газеттен , әрбір журналдан , әрбір ақынның өлеңінен ,радио даусынан , теледидар көрінісінен , ақын –жазушылардың пікірінен Мұқағалиды іздейтін болдым” ,- десе , өршіл ақын Мұқағалидың өзі : “Мен туралы жазылар талай әлі естеліктер” деп айтып кеткен еді. Айтқандай- ақ ақиық ақын туралы қаншама әдебиетшілер өз лебіздерін білдіреді.  Оқушылар! Бүгінгі  поэзия сағатынан қаншалықты Мұқағали туралы мағұлматтар алғандығын “Мұқағали” сөзжұмбағын шеше отырып білейік.

М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали

Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали

атамыз зор сеніммен аманат етті.

Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.

А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев .

Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған.

А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.

Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова .

И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.

  Жүргізуші : 
Көп адам дүниеге бой алдырған ,

Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .

Өлді деуге сыя ма , ойлаңдаршы ,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Мұқағали Мақатаевтың туған күніне  орай ұйымдастырылған “Бүгін менің туған күнім” атты поэзия



сағатымыз аяқтайтын Изимгалиева Алмара «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі – ай!» өлеңі.

Ә.Молдағұлова атындағы 22 орта мектеп

Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім!»

Атырау, 2021 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет