Түрі: Сайыс сабағы Барысы


-кезең: «Аталар сөзі – ақылдың көзі»



бет5/6
Дата15.05.2022
өлшемі26,56 Kb.
#34493
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мафруза. Туған тілім - тұғырым сайыс сабағы

4-кезең: «Аталар сөзі – ақылдың көзі»

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық екен. «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі», - деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:

Үргеніш шешені:


  • Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? – деп сұрайды.



  • Дау мұраты не?

Сауда мұраты не?

Қыз мұраты не?

Жол мұраты не? – деп және сұраған екен.

Бұл сұраққа Сырым батыр мүдірместен жауап қайырып, Үргеніш шешенді сөзден сүріндіріпті.

Сырымдай саңылақтың ұрпағы ХХI ғасырдың шешендері бұл сұраққа Сырым Батырдың берген жауабын білер ме екен? (Сөздерді қажетті орынға қойып, жауапты айту. Ойлануға 3мин. уақыт беріледі. Әр топ өз жауаптарын айтады.)

Сырым батыр:

Сөз анасы – құлақ,

Су анасы – бұлақ,

Жол анасы – тұяқ!

-Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету! – деп жауап берген екен.

Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» — деп сұраған екен.

Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала бидің өзі шешіп берген екен дейді.

Ал, бүгінгі күннің шешендері, Бала би бұған қандай шешім айтты деп ойлайсыздар? Қане, сіздерді тыңдап көрейік…(Жауаптар айтылады, салыстырылады)

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

   Жүргізуші: Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған. Әйтсе де, сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қарияларды ханнан да жоғары қойып құрметтеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салихалы, қысылғанда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. «Тура биде туған жоқ» деген сөз осыдан қалса керек. Олай болса,  «Жаргон сөйлеу дұрыс па?» деген сұрақ төңірегінде бүгінгі шешендеріміз қалай ой толқытар екен? Сөз кезегі өздеріңізде, бүгінгі сайыстың ділмәр шешендері. (Екі топтан сөзге жүйрік, ойы оралымды деген екі оқушы ортаға шығып, пікірталастырады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет