Түрі: Сайыс сабағы Барысы


-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»



бет6/6
Дата15.05.2022
өлшемі26,56 Kb.
#34493
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
5-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ( «Жаргон сөйлеу дұрыс па?» - пікірталас. Екі топ дебат ретінде, «даттаушы», «жақтаушы». Осы бойынша өз пікірлерін білдіреді.)

Жүргізуші: Рахмет сіздерге! Сонымен, екі топтың кестедей төгілген көркем сөздерін, таңғы шықтай таза пікірлерін тыңдадық. Ендеше, атадан қалған асыл мұра – ана тілімізді қадір тұтып, шұбарлап сөйлеуге жол бермейік!

Иә, халқымыздың тарихында талай аузы дуалы, жез таңдай майталмандар болғаны анық. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған  қызметі ұшан теңіз. От ауызды, орақ тілді ақылы асып туған – ТӨЛЕ БИ, ҚАЗЫБЕК БИ, ӘЙТЕКЕ БИді, қазақ тілін мәдениеттің ең биік сатысына шығарып кеткен ұлы АБАЙды дүниеге әкелген қазақ халқының тілінің мәңгі жасауы - бүгінгі біздердің, болашақ ұрпақтың қолында.

(Мадақтау)

Жүргізуші:  Құрметті балалар, бүгін біз ана тілінің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп, екі алақанымызды қосып тұрып, қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап, түбіндегі інжу-маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. Қасиетті ана тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық!

Туған тілім – бабам тілі — өз тілім,

Туған тілім – анам тілі — өз тілім.

Туған тілім – далам тілі — өз тілім,

Туған тілім – адам тілі — өз тілім, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

№2 ЖОББМ


«Туған тілім – тұғырым»
6-сынып

Сайыс сабағы

Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Ш.Жаменкенова



Павлодар қ., 2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет